Комбайнның жұмыс істеу ұзақтығы мен жұмыс сапасын арттыру шаралары
Комбайнның ерекшелігі. Егіншілік техникасынын, мынадай ірі кемшілігі бар: оны тек 20—50 күн бойы ғана пайдалануға болады, ал жылдың қалған уақытында ол бос тұрады. Салыстырмалы түрде арзан тұратын машиналар мен құралдар үшін бұл кемшілік онша біліне қоймайды. Бірақ қазіргі замандағы комбайн ең қымбат егіншілік машинасы болып табылады. Ал плуг, культиватор сияқты көптеген машиналар және құралдармен салыстырғанда ол ана-ғұрлым аз жұмыс істейді. Сондықтан комбайнға жұмыс табылып тұрған кезде оның максимум мүмкіндігін пайдаланудың маңызы бар. Ал тәулік ішінде комбайынды максимум мүмкіндікпен пайда-лану қажеттігі астық жинау процесінің ерекшелігінен ғана туындап қоймайды. Сонымен қатар мұның өзі экономикалық жағдайға байланысты болады: комбайнның тәулік және маусым ішінде өн-дірген өнімі неғұрлым көп болса ғана, оның өз құны жоғары ба-ғамен өтеледі.
Комбайнды тәулік бойы жұмыс істету идеясы. Комбайнды тәу-лік бойы жұмыс істету идеясын көптеген озаттар бүл машиналар бізде жаппай қолданыла бастаған алғашқы жылдары-ақ ұсынып, кеңінен жүзеге асыра бастады. Барлық атақты комбайншылар —
Ф.И. Колесов пен С. В. Полагутин, К. А. Борин, ағайында Алек-сандр мен Архип Оськиндер, С. Е. Пятница мен М. А. Брага,
Д. И. Гонтарь мен А. И. Кдндибор, И. А. Максименко, П. С. Қош-кин мен И. А. Недобитков, Э. П. Остман, Жансұлтан Демеев және басқалар — дәл осындай әдіспен жұмыс істеді. Комбайнмен тәулік бойы жұмыс істеудің бір ғана мысалын атап өтейік.
Социалистік Еңбек Ері, 1975 ЖЫЛРЫ Мемлекеттік ,сыйлықтың лауреаты, РСФСР ауыл шаруашылырының еңбек сіңірген меха-низаторы В. М. Чердинцев (Оренбург облысы, Сакмар ауданы, “Рассвет” колхозы) 1969 жылдан бері “Сибиряк” комбайнында жұмыс істеп келеді, бұл уақытқа дейін егінді СК-4 комбайнымен жинаған. Оның бірнеше жылғы жұмыс өнімі міне мынадай. 1968 жылы ол 924 га егінді дестеге орды, 900 га егістің дестесін жинады, 24,274 ц астық бастырды 1969 жылы 600 га егінді дестеге орды, 1115 га егістің дестесін жинады және 20800 ц дән бастырды. 1970 жылы 720 га егінді дестеге салды, 1235 га егістіктен 21 800 ц дән бастырды. 1971 жылы 420 га егінді дестеге орды және 1640 ц дән бастырды. 1972 жылы ЖВН-10 жаткасымен 1977 га астық орды, 535 га егістіктің дестесін жинады және 10 550 ц дән бастырды. 1973 жылы 831 га егіңді дестеге орды, 1055 га егіннің дестесін жинап, 21 100 ц дән бастырды. 1974 жылы 430 га егінді дестеге орды, 1501 га егіннің дестесін жинады, 26 300 ц дән бастырды.
Конструкциясы ескі комбайндардың орнына жүргізушінің жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасалған (кабинасы жақсы, барлық басқару органдары гидрофикацияланған), неғұрлым сенімді машиналар — “Нива”, “Колос” және “Сибиряк” келді. Сонымен қатар нақты жардайларды да есепке алу керек. Орақ кезінде уақытпен де, түсетін күш және ерекшеліктер шегімен де санасуға болмайтын кездер кездеседі. Мұның өзі түсінікті және ақталған: астықты қолайсыз ауа райынан, жығылып немесе құйылып қалу-дан, ең соңында етек алып кететін ысыраптан құтқарып қалуға тура келетін жағдайлар жиі қайталанып түрады.
Тіпті ең жетілдірілген комбайнды жүргізу процесінін. өзі едәуір физикалық және ой еңбегін жұмсауды талап етеді. Бір ғана ме-ханизатор бір сменада егін жинайтын болса, оның жұмыс өнімділігі сол сменаның бірінші жартысында ғана ең жоғары нәтижеге жетеді. Ал содан кейін біраз құлдырау басталады. Осыны ескере отырып, көптеген озық шаруашылықтар комбайнды пайдалануды былайша ұйымдастырады. Әр комбайнга бірін-бірі әрбір 3—4 сағаттан кейін ауыстырып тұратын екі жүргізушіден бекітеді. Техни-калық қызметті екеуі бірлесіп атқарады. Ал жөндеу және реттеу жұмыстарын реттеуші-шебер атқарады. Осынын. арқасында ком-байн тәулігіне ен, жоғары өнімділікпен 16—18 сарат жұмыс істейді, Екі комбайншы бір комбайнмен осындай үйлесімді жұмыстың нә-тижесінде, егінді екеуі екі комбайнмен жинағандағыдан кем жи-намайды. Мұның пайдасы ұшантеңіз, өйткені бұл ретте шаруашы-лықтың комбайнға деген сұранысы екі есе азаяды.
Егін жинауды ұйымдастырудын, мынандай түрі де қолданылады: тәжірибелі жүргізушіге (агрегат бастырына) комбайнда жаңадан жұмыс істей бастаран бір көмекші (кейде тіпті екі көмекші) бекітіліп беріледі. Көмекші уақытында агрегат бастырын ауысты-рып тұрады. Бұл жағдайда да комбайн тәулік бойы ауа райы қанша сарат мүмкіндік берсе, сонша сарат жоғары өнімділікпен жұмыс істейді.
Қазіргі кездегі комбайнның бүкіл орақ науқаны бойына тәулік сайын 16—18 сараттан, тіпті 20 сараттан тоқтаусыз жұмыс істеуп жарамды екені көпке мәлім жардай. Мұндай жұмысты қамтамасыз ету үшін екі-ақ жағдай қажет, олар: біріншіден, орақ алдында мұ- қият тексеру және даярлау, екіншіден, егін жинау процесінде тех- никалық қызмет операцияларын дер кезінде орындап отыру.
Қомбайнды даярлау және оған техникалық қызмет көрсету. Озат механизаторлардың тәжірибесі орақ алдында комбайнды тек- серуден және даярлықтан өткізуге уақыт үнемдеудің қажеті жоқ екенін дәлелдеп отыр. Бұл маңызды іске жұмсалған күндер мен сағаттар кейін загонда машинанын, тоқтатусыз жұмыс істеуі ар- қылы еселеп өтеледі.
Қомбайнның әрбір торабын ең бірінші тоқтап тұрғанда, сосын жүргізе отырып жеке-жеке тексереді. Бұдан соң бір-бірімен бай- ланысты тораптарды (шалғы мен саусақтық білеуді; барабан мен деканы; барабан мен соққылауыш битерді; шнек пен элеваторды және т. б.) тексеру керек. Егер торапта кемшілік бар болса немесеі дұрыс құрастырылмаса, мұның бәрін жөндеп, толық орнына кел- тіру қажет. Сонымен қатар бекітулердің тартылуына, шкивтер; мен жұлдызшалардың орналасуын, белдіктер мен шынжырлардың керілуін тексеруге аса көңіл аударған дұрыс. Комбайнды тексеруі жұмысын жүргізіп байқаумен аяқтайды. Бұл ретте машинаның барлық қызметін бақылаудан өткізуге болады. Осындай мұқият тексеру мен жүргізіп байқаудан кейін сенімді түрде егін орағын; шығуға болады, өйткені комбайнның тоқтаусыз, сенімді жұмыс істеуіне толық кепілдік бар деген сөз.
Комбайнның каптеген тораптарына жұмыс процесінде едәуір жүктеме (кейде артық жүктеме) түседі. Мұнын, өзі бекітулердің босап кетуіне, детальдардың тозуына, кейде тіпті апатқа әкеп со-рады. Бірақ бұлардың бәрі — ақаулар, тозу, бекітулердің босауы — әдетте бірте-бірте пайда болып, етек ала береді. Егер күн сайын жұмыс басталар алдында, техникалық қызмет көрсету ере-жесінде қарастырылғандағыдай, комбайнды тиянақты тексеріп отырғанда пайда болған барлық ақауларды алғаш пайда болғанда байқап, дер кезінде жөндеуге болады.
Техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтау комбайнды үнемі ақаусыздық және жұмысқа бейімділік жағдайында ұстауға кө-мектеседі. Жұмыс күні басталар алдында техникалық қызмет көр-сету ережелерінің барлық пунктін мұқият орындаран жүргізуші өз комбайныньщ 16—18 сарат, тіпті 20 сағат бойы тоқтамай жұмыс істейтіндігіне сенімді болады.
Қомбайн реттеулері жөнінде. Комбайнды реттеу мынадай екі топқа бөлінеді: қондырма реттеу және эксплуатациялық реттеу.
Қондырма реттеуді орындаура өте көп уақыт кетеді, алайда бұл реттеу салыстырмалы түрде ұзақ уақытқа есептелген.
Мұндай реттеуді жүзеге асыру смена сайынры немесе кезекті техникалық қызмет көрсету кезімен үйлестіріледі. Оны реттеуші-шебер (комбайншының қатысуымен) орындаса өте пайдалы.
Эксплуатациялық реттеуді жұмыс процесінде егін жинау жағ-дайының өзгеруіне байланысты жиі қолдануға тура келеді. Сон-дықтан оған бұл реттеуге ең аз күш жұмсап, шапшаң орындауға мүмкіндік беретін механизмдер (мысалы, гидравликалық құрылғы) арналған.
Негізгі қондырма реттеулерді атап өтейік. Комбайн жаткасында оларға мыналар жатады: башмактардың қалпын өзгерту; қалбағай тырмасының көлбеуін өзгерту; шнектің қалпын (жинауыш механизм саусақтары мен түбінің, орамдардың арасындары саңы-лауды) реттеу; қырқу аппаратындағы (сегменттер мен астарлар арасындағы, қысу табаншалары мен сегменттер арасындары) са-ңылауларды реттеу; шатунның ұзындығын, қалықтама транспортер мен теңестіру механизмінің керілуін реттеу; торпедалық бөл-гіштерді реттеу. Дестелеуіш жаткада сонымен бірге транспортердің (кенепті-планкалы немеес белдікті-планкалы) керілуін де реттейді.
СК-4 комбайны молотилкасының негізгі қондырма реттеулеріне мыналар жатады: барабан мен деканың арасындағы қалыптық саңылау; барабанның айналыс жиілігі; желдеткішпен екі електің жапқыштарының ашылу дәрежесі; жоғарғы елек ұзартқышының көлбеулігі мен оның жапқышының, ашылу дәрежесі; төменгі елек Қалпы; белдіктер мен шынжырлардың керілуі, сондай-ақ сақтан-дырғыш муфталарды (жатка мен молотилканың) реттеу.
Қондырма реттеулерді шартты түрде технологиялық реттеу (жатка башмактарының қалпы, бастыру аппаратының саң ылаулары және т. б.) және монтаждық реттеуге (белдікті берілістердің керілуін реттеу және т. б.) бөлуге болады.
Технологиялық қондырма реттеулерді жүзеге асыру үшін жиналатын дақылдардың жағдайы мен ерекшеліктерін жақсы білу керек.
Егер комбайншы орақ басталғанға дейін өзіне бекітіліп берілген загондармен жан-жақты танысса, ондағы егін жағдайын зерттесе, өз машинасының жүріс маршрутын білсе, онда ол неғұрлым тиімді қондырма реттеулерді таңдап алады.
Барлық эксплуатациялық реттеулер технологиялық реттеуге жатады. Оларды атап өтейік: қырқу биіктігін (көшірмелеусіз орған кезде) реттеу; қалбағайдың айналыс жиілігі мен оның қырқу аппаратымен салыстырғандағы қалпын реттеу; жинауыштың айна-лыс жиілігін реттеу; барабан мен деканың арасындағы саңылауды реттеу; комбайнның жүріс жылдамдығын реттеу.
Комбайншы қондырма реттеуді орындаған кезде оның сол істі өлшеп-пішіп ойлануға әрқашанда жеткілікті уақыты бар. Бұл ретте оған реттеуші-шебер. жиі көмек береді. Ал эксплуатациялық реттеу мүлдем басқаша іс болып табылады. Бұл тұста жүргізуші қандай жылдамдықпен жұмыс істеу керек, бастыру аппаратының саңылауын өзгерту керек пе, жоқ па, қалбағайдың айналыс жиілігін арттыру қажет пе, жоқ па, міне осыларды шапшаң байқауға тиіс. Егер комбайншы өзіне бекітілген егістік пен жиналатын да қыл ерекшеліктерін жақсы білсе, бұл жағдай оның эксплуатациялық реттеуде де дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.
СҚ-4 комбайнының нығыздалуын тексеру. Ысыраппен күрес жатка мен молотилканың барлық нығыздалатын жерлерін тексеру және бітеуден басталады. СК-4 комбайнындағы мынадай нығыздау тетіктеріне немесе механизмдер мен Тораптардьщ түйісетін жерле-ріне ерекше назар аудару керек:
1) жатка корпусынан оның көлбеу корпусына жалғасатын жерді жауып тұратын қалқанша тозған болса немесе жатка корпусқа тығыз жымдаспаса, оның жиегіне резина белдіктен тілкемдер с лады. Қалқанша 9(154-сурет) жылжып тұратын тербелткіш майы- сып. қалмауға тиіс. Қалқаншанын, жиегі 154-суретте көрсетілге дей, жоғары қарай майысып тұруы керек;
2) бүйірлік қалқаншалар 1, 2. Олардың әрқайсысы сәйкес саусаққа 8 еркін орнатылған. Көлбеу корпусқа бүйірлік қалқан бұрыштамамен 3, ал жатка корпусының көмкермесіне қысқышш 4 бекітілген. Серіппелі штанга 7 қалқаншаның төменгі бөліг көлбеу корпусқа қысып тұрады. Қалқаншалар 2, 3 жылжу бетімен еркін жылжып тұруға тиіс, қосылыстағы саңылау 2 миллиметрден аспауы керек;
3) мына тораптардың: білеуге 14 (56-сурет) бекітілген қалқа шаньщ; серіппелі қалқаншаның 11; қалқаншаларды 10, 11 жауып тұратын (қабылдау камерасының түбін) фартуктың; жатканың көлбеу корпусының бүйірлік қалқаншаларның жағдайын тексеру керек. Фартукты ауыстырғанда оны көлбеу корпустың түбіне за- водтық үлгі бойынша мәнерлі құрсаумен және тойтармамен б
154-сурет. СК-4 және СКД-5 комбайндарының жатка корпусы мен көлбеу коры арасын нығыздау:
1-және 2 — бүйірлік қалқаншалар; 3 — бұрыштама; 4 — қысқыш; 5 — серіппе; 6 — планка; штанга; 8 — саусақ; 9 — жылжыналы қалқанша.
кіту керек. Бұл жерде болтпен жалғауға тиым салынады: мұның өзі қалқанша 11 мен көлбеу корпус арасында саңылаудың пайда болуына әкеп соғады. Көлбеу корпусты молотилкамен қосқанда фартук қалқаншаға 11 жымдасып жатуға тиіс. Алдыңғы фартукты бекіту үшін барлық комбайндарда молотилканың панелінде сопақ-ша тесіктер жасалған. Сондықтан да фартукты 8 тік бағытта аздап жылжытуға да болады. Осының арқасында қалқанша 7 мен алдыңғы фартуктың 8 нығыздалу бетінің қажетті сәйкестігіне қол жетеді;
4) Барабан қақпағы 18 (56-сурет). Егер қақпақ молотилканың корпусына тығыз жымдаспай тұрса оны ырғап жабады;
5) деканы асып қоятын білікке арналған молотилка панеліндегі саңылау. Бұл жерден ысырапты болдырмау үшін білікке диаметрі 115 мм шайба салады;
6) барлық люктердің қақпақтары. Егер олар молотилка панеліне тығыз жымдаспай тұрса ырғап жабады;
7) қабылдауыш битер подшипниктерінің корпусын орнататын орындар. Егер корпус пен панельдердің арасында саңылау бар бол-са, оны болат қаңылтырлы немесе резина белдікті қалқаншалар-мен нығыздайды;
8) елек пен тор станын нығыздау. Транспорттық тақтайдың. нығыздалуы мен електің бойлық нығыздалуының қосылысында саңылау немесе қатпар болмауға тиіс. Елек пен тор станының ре-зиналы құймасы жылжытқыш бетке саңылаусыз жымдасуы қажет. Саңылаулар елек пен тор станының молотилкада симметриялы ор-наласпауынан, құймалардың дұрыс бекітілмеуінен немесе жыл-жытқыш бетті ырғау керектігінен пайда болуы мүмкін:
9) електің артқы аспасы бекітілетін орын. Егер мұнда саңылау байқалса, оны резина белдікті қалқанмен жабу керек;
10) элеватордың, олардың қақпақтарының және шнек құндақ-тарының жымдасып жабылатын беттері. Егер мұнда саңылау бай-қалса олардың беттерін ырғап қосады.
Жоғарыда берілген ұсыныстардың СКД-5 комбайнына да қа-
тысы бар.
СК-4 және СКД-5 комбайндарын егін орағына дайындағанда тағы да мынадай шараларды жүзеге асыру қерек (бұлар да ысыраптың болуына жағдай жасайды). .
1. Саусақтық білеудегі шалғынын, қалпын тексеру керек. Егер шалғының шеткі қалпында сегменттер мен саусақтардың ортасы З миллиметрден артық дәл келмейтін болса, бұл кемшілікті шатун- ның ұзындығын реттеу арқылы жояды.
2. Біріншіден қалбағай тырмаларының ұштар арасындағы, екіншіден саусақтық білеу мен шнек арасындағы саңылауларды; тексеру керек. Тырма мен саусақтар арасындағы саңылау 10— 25 мм, ал тырма мен шнек арасындағы саңылау 15 миллиметрден кем болмауға тиіс.
3. Барабан мен деканың жағдайын тексеру керек. Молотилка ені бойынша дека планкаларының тозуы мен майысуы 1 милли — метрден, ал олардың астық массасының қозғалуына қарай берілу 3 миллиметрден аспауға тиіс. Олардың тозуы 4 мм болса, айыр басталады. Егер планкалардың жұмыстық жиегінің тозуы (дөңге ленуі) 1,5 миллиметрден асса, деканы 180°-қа бұру керек.
Комбайнның астық өтетін тораптары мен қуыстарының ысырап ты болдырмаудағы маңызы зор. Дегенмен де технологиялық рет- теулерді неғұрлым тиімді жүзеге асыру және комбайнның жүріс жылдамдығын дұрыс таңдау арқылы ғана астық ысырабын бол — дырмауды толық қамтамасыз етуге болады. Жүріс жылдамдығы комбайн жұмысының сапасына, осыдан келіп егінді ысырапсыз жинап алура айтарлықтай әсер етеді. Деканы, тазалағышты және басқа механизмдерді сол орақ науқанының жағдайымен (шығым-дылық, сабаннын. аз-көптігі, егіннің бітіктігі және т. б.) санаса отырып, дұрыстап реттеуге болады, бірақ жүріс жылдамдығы комбайнның сол егінді орудағы мүмкін өнімділігінен асып кетсе, жұмыс сапасы күрт төмендеп, ысырап көбейіп кетеді. Сондықтан жаңа комбайндарда (“Нива” мен “Колоста”) молотилканың толуын автоматты реттеуіш (АРЗМ) орнатылған. Ол комбайншының қатысуынсыз-ақ келіп түскен астық массасының мөлшеріне қарай комбайнның жүріс жылдамдығын реттеп отырады.
СК-5 және СК-6 комбайндарының нығыздалуын тексеру. Құ-растырылғаннан кейінгі жаңа комбайнды немесе бұрын пайдала-нылып, ораққа қайта даярланған комбайнды тексерген кезде олар-дың мына төмендегі нығыздалатын орындарына ерекше назар аудару керек.
1. Жатканың (155-сурет) жылжымалы және бүйірлік қалқан-
155-сурет. Ск-5 және СК-6 комбайндарының жатка корпусы мен көлбеу корпусының арасын нығыздау:
1- жылжымалы қалқанша; 2 — жатка корпусының түбі; 3 — сопақша ойық; 4 — кронштейн; 5- бүйірлік қалқанша, 6- қайтарғыш; 7 — бүйірлік құйма; 8 — штанга; 9 —көлбеу корпустің түбі; 10 — артқы құйма.
шалары СК-5 және СК-6 комбайндарының жылжымалы қалқан-шасы 1 металдан жасалған, оның артқы жағы мен екі бүйіріне резиналы белдік нығыздауыштар тығылған. Қалқаншаның алдыңғы жағы түпке 2топса арқылы жалғастырылған, ал артқы жағы түпке 9 штангалармен 8 бекітілген, Сопақша ойықтың, 3 арқасында жылжымалы қалқаншаны түпке 2 дұрыс орнатуға болады. Қал-қаншаның жалғастырғыш тұзағынық саңылауы а 1 миллиметрден артпауға тиіс.
Бүйірлік қалқаншалар 5 жылжытқыш бетпен еркін қозғалуға тиіс. Ол үшін кронштейн 4 мен қайтарғыштың 6 беттері бір жазықтықта болып, штангалар 14 (11-сурет) кронштейнде еркін қозғалуға тиіс.
2. Көлбеу корпус пен молотилканың (156-сурет) арасын нығыз-дау. Жоғарғы 2 және төменгі 5 қалқаншалар, сондай-ақ қорапты нығыздауыш қалқаншалар 4 156-суретте көрсетілгендей етіп орна-
156-сурет. СК-5 және СК-6 комбайндарының молотилкасы мен жаткасының көлбеу корпусы арасын нығыздау:
1 — көлбеу корпустың иілген беті, 2 және 5 — жоғарғы және төменгі қалканшалар; 3 —бүйірлік нығыздауыш қалқанша; 6 — маңдайша; 7 — көлденең білеу; 8 — иін.
157-сурет. Босату шнегін орнату:
1 және 2 — тартпалар; 3 — қамыт; 4 — ожау.
ластырылуға тиіс. Көлбеу корпус бұрылған кезде молотилкаға қатысты жоғарғы қалқанша 2 жұмыр бетпен 1 жылжиды, ал төменгі қалқанша 5 көлбеу корпус түбінің жұмырымен 8 қозғалады.
Молотилканың алдыңғы фартугының маңдайшасы 6 мен көлденең білеу7 арасындағы саңылау 1 миллиметрден артпауға тиіс. Бұл саңылауды көлбеу корпусты молотилкаға жалғағанда тексеру керек. Бұл жердегі қосылыстың тығыз жымдасуы молотилканың алдыңғы фартугын тігінен қозғалту арқылы жүзеге асырылады.
3. Босату шнегі. Босату шнегін тартпалар 1, 2 мен қамыттың 3 (157-сурет) көмегі арқылы, жыл-жымалы келте түтік пен шнек құндағының арасындағы саңылау миллиметрден артпайтындай етіп, орнату керек. Жылжымалы келте түтік астында ожау 4 болуға тиіс, ол босату шнегін тасымал жағдайына көшіргенде ысыраптың болмауына мүмкіндік береді.
4. СК-б комбайнының дән элеваторлары. Элеватор құндағы мен шанақтың жалғасатын жері төсемдер 1 (158-сурет) арқылы нығыз-далған. Қалпақ 4 пен шанақ арасына нығыздауыш 3 қойылған.
5. Елек пен желдеткіш құндағының арасын нығыздау. Таза-лағыштың транспорттық тақтайының артқы бөлігі мен желдеткіш құндағы арасындағы саңылау фартукпен жабылады. Бұл фартуктың шыбығы желдеткіш құндағы өзегінің ұзын бойына кіріп тұруға тиіс.
6: Шнек құндақтары. Масақ және дән шнектерінің құндағы калқаншаларының тор станына жымдасу тығыздығын тексеру қа-жет. Қалқаншаларда оларды өзгертуге арналған сопақ тесіктер бар.
7. Дека аспалары. Молотилка панеліндегі дека біліктеріне арналған ойықтар қалқаншамен 3 (159-сурет) жабылған. Қалқаншаның жылжытқыш бетке жымдасу тығыздығын шайбалармен 2 реттейді.
8. Реттеу құрылғысы. Мына тесіктерді:
деканы реттеуіш және жатканы (СК-5) қосқыш тартпаға ар-налған тесікті;
екінші барабан (СК-6-ІІ) декасын реттеу рычагына арналған тесікті нығыздап тұратын қалқаншаларды тексеру керек.
Комбайн жаткасын реттеу. Биіктігі 900—1000 мм, шығымды-20—25 ц/га, жатып қалмаған егінді СК-4 комбайнымен тіке-
158-сурет. СК-6 комбайнының дән-масақ элеваторлары мен шанағының қақпағы:
1 — астар; 2 — шнек элеваторының құндағы; 3 — нығыздауыш; 4 — қақпақ
159-сурет. Дека аспа-сы:
1 — реттеуіш болт; 2 — реттеуіш шайбалар; 3 — қалқанша.
лей жинаура арналған 5 метрлік жатка механизмдерін реттеуге мысал келтірейік .Берілген жұмыс жағдайында төменде келтірілген реттеулер қолданылады:
1. Башмактарды 180 мм қырқу биіктігіне орнату керек. Кейін өсіп шыққан көк өскіндер болмаса, 130 миллиметрден де аласа оруға болады. Кәдімгі бөлгіштер қолданылады.
2. Шнекке алмалы-салмалы орамдарды бекітеді (десте жинау кезінде оны алып тастайды). Жатка корпусынын, жел қалқанының қайтаррыштарына үстіңгі сүйемелдер орнатады (десте-жинағанда оларды да алып тастайды).
3. Жатка шнегі мен онын. жинауыш механизмін орнатқан кезде саңылаулар: орамдар мен жатка корпусының түбі арасында — 10—15 мм, ал жинауыш механизм саусақтары мен түптің арасында — 15—20 мм болуға тиіс.
4. Жатканың алым ені, шығымдылық, дәннің сабанға қатынасы мен СК-4 комбайнының өткізгіштік қабілеті жайлы деректерді пайдадана отырып, комбайн жүрісінің барынша тиімді жылдам-дығын есептеп шығару керек. Ол саратына 4,5—5 километр шама-сында болып шырады.
5. Қалбағай вариаторының жоғарғы шкивіне 20 тісті жұлдызша орнату қажет, ол қалбағайды минутына 20—52 айналыс жа-сайтындай етіп реттеуге мүмкіндік береді. Комбайнның жүріс жылдамдыры 4,5—5 км/сағ болганда, қалбарай планкаларының айналу жылдамдығы комбайнның үдемелі жылдамдығынан 1,6— 2 есе артық болуға тиіс. Бұл жағдайда, жүріп келе жатқанда ва-риатормен қалбағайдың айналу жылдамдығын 30—44 айналыс/ми-нут шегінде өзгерту талап етіледі.
6. Қалбағайдың -тырмасы планкара тік орнатылады, ол үшін роликті білеуді жылжыманың тартпасындары екінші тесікке (ал-дынан санаранда) бекітеді. Планкаларды тырманың төменгі бөлі-гіне бекітеді.
Аса жатып қалған дақылды жинаран кезде мына тетіктер қол-данылады: қос шалғылы қырқу аппараты — анда-санда; сабақ кө-тергіштер — ұдайы; механизатор В. И. Морозовтың (Алтай өлкесі, Ребрихин ауданы, “Победа” колхозы) ұсынысы бойынша қайта жабдықталған эксцентрикті қалбағай — жекелеген аймақтарда пайдаланылады.
Молотилканы реттеу. Жоғарыда аталған егін жинау шарттарына орай СК-4 комбайнының молотилкасына мынандай реттеулер жүргізіледі.
1. Деканы енер тұсында 16 мм, шығар тұсында 4 мм саңылау орнатады.
2. Барабан айналысын тексеріп, қажет болса реттейді. Біздің егін жинау жағдайына заводтық реттеу (1100—1150 айн/мин) дәл келеді.
3. Жоғарғы електің жапқышын 12—15 мм, ал төменгі електікін —8—10 см ашу керек. Желдеткіш жапқышы толық ашылып тасталады.
4. Жоғарғы елек ұзартқышының бекіту болтын екінші (жоға-рыдан санағанда) тесікке қою керек.
5. Жоғарғы елек ұзартқышы жапқышының көлбеулігін реттеу рычагын үшінші тесікке (алдынан санағанда) бекітеді.
6. Масақ шнегі құндарының төсем тақтайына жалғасатын жыл-жымалы қалқаншаны, оны мен жоғарғы елек ұзатқышының ара-сындары саңылау 15—20 м (ұзатқыш артқы қалыпта тұрғанда) болатындай етіп орнату керек.
7. Сабан сілік кіштің алдыңғы фартугын түсіру қажет.
Егін жинау процесі кезіндегі реттеулер. Егін орағына двига-тельдің толық айналу жиілігімен кіріседі. Бастапқыда жүріс жыл-дамдығы есептегі дәлдік шегінен аз болуға,тиіс. Ең бірінші. қал-бағайдың ең тиімді реттеулерін таңдап алу керек. Екі реттеу де — қал,барайдың қалпы мен оның айналыс жиілігін реттеу — гидро-цилиндрлердің көмегімен жеділ орындалады. Қалбағайды план-калар сабақтың қырқылатын бөлігінің ұзындырының 2/3 биіктігіне жанасатындай етіп реттеу керек. Планкалар сабақтарды шалғыға белсенді түрде әкеліп тұратындай болуға тиіс. Егер планкалар са-бақты белсенді әкеле алмаса, қалбағайдың айналыс жиілігін арт-тырып, мұның өзі масақтары дәнді ұрып төгуге немесе сабақтарды жел қалқанынан асыра лақтырура әкеп соқпайтындырын тексеру керек.
Шөмелелегіштен бірнеше сабан шөмелесі түсірілгеннен кейін молотилка жұмысының сапасын: толық бастыррандырын, дән ысы-рабының жоқтығын, дән жармалануының болмағандырын тексеруге болады. Егер дән толық бастырылмаса барабан мен деканың арасындағы саңылауды азайту керек. Әдетте саңылау тарылғанда шала бастыру болмайды. Бұл реттеу дека майысқанда немесе оған өсімдіктің ылғалы жұғып қалғанда ғана тиімсіз болып табылады, Декада ешқандай ақау болмай, сондай-ақ толық тазартылған кезде де шала бастыратын жағдай анда-санда кездесіп қалады. Мұндайда барабанның айналыс жиілігін арттыруға тура келеді.
Желдеткіштін, жапқышы толық ашық тұрғанда дәннің топанмен бірге үрленіп ұшып кетуі де мүмкін. Мұндай кемшілік кездессе, жапқышты аздап жауып қою керек.
Екі електің де жапқыштары едәуір ашық тұрғанда, шанаққа дәңмен бірге мөлшерден тыс ірі қоспалар келіп түспегендігін тек-середі. Бұл кемшілікті көрісімен төменгі електің жапқышын аздап жауып қояды. Кейде жоғарғы електің жапқышын да аздап жабады, бірақ бұл ретте масақ шнегіне дәннің ірі қоспаларға және бастырылмаған масаққа араласып түспегендігін тексеріп отырады.
Кейде екі електің және желдеткіштің жапқыштарының ашылуын реттеген кезде мынадай қиындық кездесіп қалады: шанақтағы дәннің жоғары тазалығына жету мақсатында екі електің де жапқышын едәуір жауып, желдеткіштін. жапқышын толық ашып тастайды; бұл ретте шанақтағы дәннің тазалығы күрт артады, бірақ дәннің масақ шнегіне кетуі артады, мұның өзі дәннің жармалану мөлшерін ұлғайтып жібереді. Сондай-ақ дәннің топанмен бірге үрленіп үшып кетуі де байқалып қалады. Мүндай жардайда дән ысырабын толық болдырмау (мұның өзі шанақтағы дәннің тазалығына нұқсан келтірсе де) үшін күрескен жөн.
Бастапқы кезеңде масақ- шнегінің құндағына түскен массаны бірнеше қайтара бақылау керек. Егер оған жеңіл қоспалар (топан) тым көп түссе, онда масақ шнегі құндағының төсем тақтайының жылжымалы қалқаншасын жоғары көтеру қажет. Бірақ осыдан соң іле-шала жоғарғы елек ұзартқышының аймағына дәннің үрлеу арқылы ұшпағандырын тексеру керек.
Масақ шнегіне сондай-ақ аса көп ірі қоспалардың да түсуі мүмкін. Бұл жағдайда жоғарғы елек ұзартқышының жапқышын аздап жауып қою қажет.
Дестелеуіш жатка. Арамшөп басқан егінді климат және топырақ жағдайлары-мүмкіндік беретін аймақтардың бәрінде бөлектеп ору әдісімен жинайды. Дестелеуіш жаткалардың ішінде кеңірек таралғаны ЖВН-6 жаткасы. Ол тек десте салуда ғана емес, сондай-ақ егістің жиегін ору мен шалғы жолын салуда да қолданылады. Осы жатканы пайдаланудың негізгі тәсілдерін атап өтейік.
1. Жатка сағат тілінің бағыты бойынша қозғалғанда да, бұл бағытқа қарсы қозғалғанда да ойдағыдай жұмыс істей алады. Алайда жүргізушіге оның сағат тіліне қарсы бағытта қозғалғаны қолайлырақ- болады. Тек егіс жиегін орғанда және шалғы жолын салған кезде ғана алғашқы жүрісті сағат тіліне қарсы бағытта жүріп өтеді. Ол үшін башмактар 12 см қырқу биіктігіне қойылады. Дестені орылмаған егіннің жиегіне жанастырып салады. Екінші жүріп өткенде сйғат тілінің бағытымен қозғалу керек, ал жатканы гидроцилиндрмен жоғары (25—30 см) қырқу биіктігіне қою қажет. Екінші рет жүріп өткенде орылған массаны алғашқы дестенің үстіне салады.
2. Дестелеуіш жаткасы бар комбайнның ең дұрыс қозғалысы жердің жыртылу бағытының бойымен және себу бағытына көлде-нең (немесе себу қатарларының бағытына бұрыш жасай отырып), сондай-ақ жел бағытына көлденең (немесе бүл бағытқа бұрыш жасай отырып) қозғалуы болып табылады. Жатып қалған егінді жинағанда ең жақсы жүріс бағыты жатып қалу бағытына бұрыш (40—50°) жасай отырып қозғалу болып табылады. Рельеф тегіс болмаса еңістіктің бойымен жүрген жөн.
3. Дестелер қалыңдығы мен ені жөнінен біркелкі салынып, түзу сызықтың бойында жатуға тиіс.
4. ЖВН-б жаткасының қалбағайын биіктігі бойынша гидроци-линдрмен, ал көлденеңі бойынша қолмён реттейді. Қалбағайдың білігін шалғының алдынан 60—70 мм ілгері орнатқан дұрыс. Биік өскен немесе жатып қалған егінді орғанда бұл мөлшер ұлғайты-лады. Егер егін аласа болса қалбағай білігін шалғыға тақап (20 миллиметрге дейін) қою керек,
5. Аласа егінді орғанда қалбағай планкаларына резина белдік тілкемдерін жапсырады. Жатып қалған егінді жинау үшін лифтер-лер пайдаланылады.
Жинауышпен жұмыс істеу. Дестені сабак жинауышқа қарай масақ жағьшен жылжитындай етіп жинау керек. Бұл тәртіпті сақтамаған жағдайда едәуір ысырапқа жол берілуі ықтимал.
Жинауышпен жұмыс істеген кезде жатка шнегінен алмалы-сал-малы орамды, ал жатка корпусының қайтарғышынан үстіңгі сүйе-мелді алып тастау керек.
Жинауышпен жұмыс іетеу үшін жатка башмактарын 10 см қырқу биіктігіне орнату қажет. Жатканы башмактың үстіне түсірген кезде көлбеу корпус тіректері мен жатка корпусының жоғарғы белдеуінің арасында 45—50 мм саңылау пайда болуға тиіс. Мұның өзі көшірмелеуге, сол сияқты қалықтама транспортерге астық мас; сасының келіп түсуіне өте жақсы жағдай туғызады.
Жинауыштың айналыс жиілігін вариатордың көмегімен реттейді. Десте шнектің саусақты механизміне бір қалыпты түсуге тиіс. Егер десте жинауыштың алдына жиналып қалатын болса, оның тырмалауыш механизмінің айналыс жиілігін арттырады. Десте ша-шыла беретін болса, жинауыштың айналыс жиілігін азайту керек. Қатты нөсер жаңбырдан кейін жерге жабысып қалған дестені жинау өте қиынға соғады. Ондай десте өте кеш дегдиді және нашар бастырылады. Әдетте мұндай дестені жинар алдында аударыстыру керек немесе желдету қажет. Курган, Тюмень және басқа облыстарда мұндай жағдайда осы мақсат үшін кайта жабдықталған бүріккіштер (ОВТ-ІА, ОП-450) қолданылады, олардың тек , желдеткіштері ғана пайдаланылады. Осындай бүріккіші (мысалы, ОВТ-ІА) бар трактор жүріп өткенде желдеткіштің ауа ағыны дес-тені аударып тастап отырады.
Операциялық технология. Дәнді-масақты дақылдар егісін жи- наған кезде Бүкілроссиялық ауыл шаруашылығын басқару және еңбек ғылыми-зерттеу инотитуттьщ (ВНИИСХТ)* ғалымдары мен мамандарынын, қатысуымен Еңбек Қызыл Ту орденді Бүкілодақ- тық ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-зерттеу ин- ститутының (ВИМ) бір топ ғалымдары мен мамандары талдап жасаған операциялық технология қолданылады. Бұл технологияда мына мәселелер бір-бірімен тығыз байланыстырылған: егін жинау жұмысына агротехникалық талап қою; комбайн механизмдерін бабына келтіру; орақ жұмыстарын нормалау; орақ жұмыстарының сапасын бақылау және бағалау; егін жинау жұмысындағы механизаторларға еңбекақы төлеудің ынталандырушы жүйесін қолдану.
Бұл операциялық технологияны қолдануға арналып реттеуіш құралдар мен тетіктердін, комплексі** талданып жасалған.