Комбайндардың двигательдері туралы жалпы мәліметтер
СК-4 және СК-5 комбайндарында двигатель орнатуға арналған мотор асты рамасы бар, ол молотилканың корпусына қатаң бірік-тірілген. Осы рама мен двигатель тірегі аралығына АҚСС типті амортизаторлар қойылған, олар молотилка корпусын двигательдің дірілінен оқшаулайды.
Двигательдің қуаты иінді біліктің екі басынан алынады. Иінді біліктің алдыңғы жағындағы тұмсық басына (комбайнның жүрісі бойынша оң жақта) қос шкив орнатылған. Оның біреуі жүріс бөлігі жетегінің белдігіне, ал екіншісі желдеткіші және генераторы бар су насосының жетекші белдігіне арналған (112-сурет).
Иінді біліктің артқы жақтағы ұшына (комбайнның жүрісі бойынша сол жақта) ілініс орнатылған маховик бекітілген. Іліністің білігіне комбайнның жұмыстык органдарына қозғалыстарды беретін шкив орнатылған.
Жүріс бөлігінің жетеіі шкиві иінді біліктің конустық ұшындағы тұмсыққа және призмалық шпонкаға бекітілген. Шкивтің күпшегі білік тұмсығында басы храповик тәрізді арнайы болтпен қатайтып ұстатылған. Штыры » бар тұтқа және қатайтып тарту болтының храповикті басы арқылы двигательдің иінді, білігін айналдыруға бо-лады.
СК-6 комбайндарында двигательдің мотор асты рамасымен байланысы
п
112-сурет. Двигательге СК-5 комбайнның жүріс бөлігі жетек шкивін орнату:
1— желдеткіш пен генератордың жетек шкиві; 2 — жүріс бөлігі жетек шкиві 3 — күпшегін бекітетін храповикті бүркеншікті болт; 4 — иінді біліктің конустық тұмсығы;
113-сурет. СМД-64 двигателіне СК-6 комбайнының жүріс бөлігі жетек шкивін орнату:
1 — журіс бөлігі шкивінің 2 — бекіту гайкасы; 3 — жырашықты қосымша білікше; 4 — гидронасостық жетек белдігі; 5 — генератордың жетек белдігі; 6 — су насосы мен желдеткіштің жетек белдігі; 7 —жырашықты білікшемен 3 — байланысқан ішінде жырашығы бар үш кертікті шкив; 8 — мотор асты рамасы; 9 — иінді біліктің конустық тұмсыры; 10 — үш кертікті шкивтің бекіту болты; 11 — шкивтің 7 білікшемен 3 жырашықты байланысының нығыздауышы.
қатаң, амортизаторлар рама мен молотилканың корпусы аралығына салынған. Жүріс бөлігінің жетек шкиві жырашыкты муфта арқылы иінді білікпен байланысқан қосымша білікшеге орналасқан (113-сурет).
Двигательдің қүрылысымен танысу кезінде төменде келтірілген анықтамалар пайдаланылады.
1. Жоғарғы өлі нүкте(ж. ө. н.)— цилиндрдегі поршеньнің двигательдің иінді білігінің осіне дейінгі ара қашықтығы барынша алыс болатын қалпы. Цилиндрдегі поршеньнің иінді білік осіне дейінгі аралығы барынша жақын болатын қалпы төменгі өлі нүкте (т. ө. н.) деп аталады.
2. Поршеньнің жүрісі — поршеньнің бір өлі нүктеден екінші өлі нүкте аралығында қозғалу қашықтығы, поршеньнің жүрісі иінді біліктің жарты айналысына сәйкес келеді.
Поршень өлі нүктеден өтқен кезде, оның қозғалыс бағыты өз-гереді. Өлі нүктелердің ерекшеліктері мынада, поршеньді ешқандай күшпен өлі нүктеден қозғалтуға болмайды. Оны өлі нүктелерден қозғалтатын маховик.
СМД-64 двигателінен өзге барлық двигательдер үшін өлшемділік (поршеньнің жүрісіне көбейтілген поршеньнің диаметрі) мы- надай: 120X140 мм. СМД-64 үшін өлшемділік 130X115 мм.
3. Цилиндрдің жұмыстық көлемі — поршеньнің жоғарғы және төменгі өлі нүктелері қалыпты аралығында шектелген көлем.
4. Цилиндрдің толық көлемі — поршеньнің төменгі өлі нүкте қалпында тұрған кезінде оның үстіңгі жағында пайда болатын көлем.
5. Сығу камерасының к ө.л е м і (немесе жану камерасы)—поршеньнің жоғарғы өлі нүкте қалпыйда тұрған кезінде оның үстіңгі жағында пайда болатын көлем.
6. Сығу дәрежесі — цилиндрдің толық көлемінің сығу камерасы көлемінде қатынасы.
7. Двигательдердіқ литражы — двигательдің барлық цилиндрлерінің литрмен есептелген жұмыстық көлемдерінің қосындысы.
8. Жанғыш қоспа — жанғыш газдардың, будың немесе отынның ұсақ тамшыларының ауамен араласқан қоспасы.
9. Жұмыстық қоспа — жанғыш қоспа мен цилиндрдегі қалдық газдың қоспасы.
10. Индйкаторлық қуат — газдардың поршеньге беретін қуаты. Оны арнайы прибор — индикатормен өлшейді. Тиімді куат деп пайдалы жұмысқа пайдаланылатын, яғни иінді білікте пайда болатын қуат. Тиімді қуат индикаторлық қуаттан кем. Бұл айырмашылық индикаторлық қуаттын, бір бөлігі детальдар ара-сындағы кедергілерді жөндеуге, қосымша ,механизмдерді т. б. же-тектеуге жұмсалатындықтан туады. Тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасы механикалық пайдалы әсер коэффициенті (п. ә. к.) деп аталады.
Дизельді двигательдерде отыннын, 28—29%, ал карбюраторлы двигательдерде тек 22—28% энергиясы пайдаланылады.
11. О т ы н н ы ң м е н ш і к т і ш ы ғ ы н ы — отынның сағатына бір тиімді ат күші (т. а. к.) қуатын тудыратын мөлшерінін, грамм есебімен алынған шығыны. Комбайң двигательдері үшін отынның меншікті шығыны 195 г/т, а. к. сағ (0,28 г/т. к. Вт. сағ). Отынның меншікті шығынының мөлшері двигательдердің тиімділігін анық-тайды.
12. Отынның бүркіле бастау кезеңінен поршеньнің жоғары өлі ңүктеге жетуіне дейінгі уақыт аралығында иінді біліктің бұрылу бұрышы бүркудің озу бұрышы деп аталады. Бұл бұрыш иінді біліктің айналу жиілігіне тәуелді. 1900 айналыс/минут жасайтын двигательдер үшін бұл бұрыш 26+2°-қа тең; 1700 айналыс/минут кезінде озу бұрышы 18+2°-қа тең.
13. Газ тарату фазалары. Клапандардың ашылу және жабылу кезеңдері цилиндрдегі поршеньнің қалпымен дәл үйлескен. Поршеньнің қалпын иінді біліктің шатундық мойынының жоғарғы немеес төменгі өлі нүктелермен салыстырылған бұрыш ша-масымен өрнектеу ыңғайлы. Иінді біліктің градуспен өрнектелген осы бұрылу бұрышы газ бөлу фазалары деп аталады.
Барлық төрт цилиндрлі двигательдердің (СМД-14К, СМД-15К және басқалар) газ бөлу фазалары мынадай (жақша ішінде СМД-64 двигателінің газ бөлу фазалары көрсетілген): жоғарғы өлі нүктеге дейін өндірудің басталуы 17° (3°) және төменгі өлі нүктеден соң оның аяқталуы 56° (45°); төменгі өлі нүктеге дейін өндірудің басталуы 56° (65°) және жоғарғы өлі нүктеден соң оның аяқталуы 17° (8°).