Жатканың жалпы құрылысы
Жатка конструкциясының ерекшеліктері. Өздігінен жүретін отандық комбайндарда теңестіру корпусына тәуелсіз асылып ор-натылған жаткалар пайдаланылады, олар жер бедерін башмақтарымен көшірмелейді. Бұл жаткалар төмендегідей өз алдына жеке екі бөлікке бөлінеді :жатка корпусы 2 (4-сурет) және көлбеу корпус 1. Жатка корпусында башмактар, қырқу аппараты, қалбағай, шнек, вариатор, жетек механизмдері орналастырылған. Көлбеу корпусқа шынжырлы-тақтайшалы қалықтама транспортер орнатылған.
Көлбеу корпус молотилкаға 12 екі топса 11 арқылы жалғасқан. Екі гидроцилиндрдің 8 көмегімен оны көтеруге және түсіруге болады, бұл ретте жатка осы топсалардың айналысымен біршама бұрылады. Жатка корпусы 2 көлбеу корпусқа үш нүктесімен қо-сылған. Сфералық топса 4 ортасын, ал топсалы аспалар 7 екі бүйірін жалғастырады.
Аспалар 7 теңестіру серіішесінің 10 блоктарымен қосылған, бұл қосылыстар теңестіру рычагтары 9 арқылы ерекше жасалған. Жатка корпусы жерге салмағымен тіреледі де екі башмағымен 3 жер бедерін көшірмелейді.
Көлбеу корпустың, екі жағында роликтер 6 бар, солардың үсті-мен жатка корпусы тіректері 5 жеңіл сырғанайды. Ортаңғы сфе-ралық топса 4 мен екі роликтің екеуі де 6 жалпы осьте орналасқан.
Осы көрсетілген схемадан, молотилка мен көлбеу корпус (гид-роцилиндрлер жұмыс істеп тұрғанда) қатаң конструкция құрай-тынын көруге болады. Жатка корпусы оларға тәуелді емес. Ол көлбеу корпусы бар молотилкадан ауытқи отырып, жер бедерін: башмактарымен көлденең және бойлық бағыттарда еркін көшірме-лей береді. Осындай ауытқу кезінде тіректер 5 роликтердің 6 үстімен сырғанайды. Сонын, арқасында жатка корпусы бір жағына бұрылмай, қалыпты жағдайда тұрады.
Барлық жаткалар комбайнның маркасы мен алым еніне қара-мастан, егістік бетін бойлық бағытта 150 мм етіп көшірмелейді. Яғни оның корпусы горизонтал қалыпқа дейін көтеріледі немесе одан 150 мм төмен түседі. Көлденеңінен көшірмелеудің шамасы (башмактардың көтерілуі мен түсірілуі) комбайн маркасы мен жатканың алым еніне байланысты болады.
Егістік жердің бедерін еркін әрі сенімді түрде дұрыс көшірмелеу үшін жатканың корпусы башмактарға аса көп күш түсірмеуі қажет және бұл күш жатканың әр түрлі қалпына байланысты өзгермеуге тиіс. Шектен тыс күш түскенде башмактардың топыраққа кіріп кетуі мүмкін. Егерде күш өте аз түссе башмактардың, жер бетінен көтеріліп кетуі ықтимал. Барлық жаткаларда серіппелер әрбір башмактарға 25—30 кгк-ке (250—300 Н)* тең күш түсіретіндей етіп керілуге тиіс.
Жатка корпусының кез келген қиғашталуы кезінде башмактарға түсіретін күшінің тұрақты болуын түйістіру механизмдері ав-томатты түрде қамтамасыз етіп отырады: серіппенің керілу күші мен жатканың салмақ күші рычаг 9 (4-сурет) арқылы әсер етеді, рычаг осы екі күштің иіні болып есептеледі.
4-сурет. Комбайнның көшірмелеуіш жаткасының схемасы:
1 — көлбеу корпус; 2 — жатка корпусы; 3 — башмак; 4 — орталық сфералық топса; 5 —тірек; 6 — ролик; 7 — аспа; 8 — гидроцилиндр; 9 — теқестіру рычагы; 10 — теңестіргіш серіппе, 11—қалықтама транспортердің шнек білігінің подшйпникті корпусының молотилка тірегімен 12 топсалы қосылысы.
5-сурет. Жатка корпусының теңестіру және аспа механизмдері:
/ — жатка корпусының түтік тәрізді балкасының алдыңғы бөлігі; 2 — оқ жақтағы аспа; 3 — теңестіргіш рычаг; 4 және 8 — теңестіргіш серіппе блоктары; 5 — гидроцилиндр; 6 — білік; 7 — көлбеу корпустың жоғарғы түтігі; 9 және 16 — кронштейндер; 10 — сол жақтағы аспа; 11 — тірек; 12 — құлақша; 13 — жатка корпусының түтікше білігінің артқы жары; 14 — орталық топсаның кронштейні; 15 — көлбеу корпустьщ төменгі түтігі.
Серіппелердің 10 керілу немесе қысқару кезеңінен бір мезгілде рычаг та екі жаққа ауысып отырады. Бұл жағдайда әрбір әсер етуші қосар күштің иіні де өзгереді. Егер керу күшінін, иіні үлкейсе онда жатканың салмақ күшіне арналған иін үлкейеді және керісінше.
Жатка корпусы. Жатка корпусының қаңқасы мәнерлі құбыр тәрізді балкадан, бұрыштамалар жүйесінен және алдыңғы білеуден құрастырылған. Бұрыштаманың көмкермесі жатка шнегі үшін жұмыстық кеңістік жасайды, сондай-ақ орылған сабақтардың ысырап болуын сақтандыратын жел қалқан қызметін атқарады.
Құбыр тәрізді балка алдыңғы екі бөлшектен / (5-сурет) екі кронштейннен 16 және артқы бір бөлшектен 13 тұрады. Құбыр тә-різді балкаға екі тірек 11, екі құлақша 12 және кронштейн пісіріліп орнатылған. Тіректердін, қызметі, жоғарыда атап көрсетілгендей, жатка корпусын горизонталь жазықтықта шайқалтпай ұстап тұру болып табылады. Құлақшаларға 12 аепалар 2, 10 жалғас-
тырылған. Кронштейн 14 көлбеу камераның төменгі құбырына 15 пісіріліп жапсырылған құрсауымен қосылған. Құрсаудың 19 (1-су-рет) ішінін, екі жағы ойық және беті сфералы. Осы ойық арқылы құрсау түбіне сфералық сақинаны 21 қоюға болады. Жатка кор-пусына көлбеу корпусты қосқан кезде, құрсаудағы 19 қойылған сақина 21 мен жатка корпусы кронштейнінін, тесігі 22 арқылы болт 20 өткізіледі. Құрсаудың ішінде 19 сақина еркін қозғалып тұрады. Сондықтан жатка корпусы мен көлбеу корпусының қосылысы топсалы болып келеді.
Көлбеу корпус. Көлбеу корпустың негізгі бөлшектері, бүйірлері, түп, қақпақ аралық қалқан және көлденең байланыстар — құбыр тәрізді балка 5, 10 (6-сурет), сондай-ақ қорап тәрізді балка 12 болып табылады.
6-сурет. Көлбеу корпус:
/ —тірек; 2 — қалықтама транспортерге арналған тірек планкалы аралық қалқанша; 3 — қораптық нығыздауыш қалқаны; 4 — көлбеу корпус түбінің дөңгеленген жері; 5 және 10 — түтік тәрізді аралықтар; 6 және 7 — тесіктер; 8 — қондырма; 9 — кронштейн; 11 — құрсау; 12 -түтік тәрізді балка; /3 — теңестіру рычагының осі; 14 — және 15 — кронштейндер.
7-сурет. Жатканың қалықтама транспортері жетектеуіш білігінің жетегі:
1 — көлбеу корпус; 2 — қорғаныш құндақ; 3 — подшипниктің фланецті корпусы; 4 — подшипниктің фланецті корпусының өнделген беті; 5 — қабылдауыш битердің жетек жұлдызшасы; 6 — шкив; 7 — дискі, 8 — артық шығындалған майра арналған қуыс; 9 — дискілі втулка; 10 — жетектеуіш білік; 11 — артық майды ағызатын канал.
8-сурет. СК-5 және СК-6 комбайндары жаткаларын қосу және ажырату механизмі:
/ — кішкене башмак; 2 — алдыңғы қарсы жетек білігінің шкиві; 3 — табанша; 4 — керу шкиві; 5 — қапсырма; 6 — рычаг; 7 — сектор;
8 — калықтама транспортердің жетектеуіш білігінің шкиві; 9 — тартпа.
Құбыр тәрізді балка 5 теңестіру серіппелерінің блоктарын ілуге арналған. Кронштейндер 14 қалықтама транспортердін, төменгі білігін асуға арналған, ол кронштейндер 15 жылжымалы қалқан-нын, штангаларын бекіту үшін қажет. Жатканы көтеретін гидро цилиндрді көлбеу корпусқа қосу үшін кронштейн 9 қолданылады. Егер жатка доңғалақпен жүретін жартылай шынжыр табанды комбайндарда пайдаланылатын болса, онда кронштейндерге қондырмалар жапсырылады, ал гидроцилиндрлер тесіктерге 7 бе-кітіледі. Басқа жағдайларда гидроцилиндрлер тесіктерге 6 бекітіледі.
Көлбеу корпустың бүйірлеріне подшипниктердің фланецті кор-пусы болттармен бекітілген, оған қалықтама транспортердің білігі 10 орнатылған. Фланецті корпустардың тегіс беті 4 көлбеу корпусты молотилкара асатын цапфалар болып табылады.
Молотилканың алдыңғы тіректеріне алмалы-салмалы қамыттары 50 бар кронштейндер пісіріліп бекітілген. Егер қамыттарды 50 алып, қалықтама транспортердің жоғарғы білігінің подшипниктер корпусын кронштейнге 49 кіргізіп, содан кейін қамыттарды орын-дарына қойғанда топсалы қосылыс пайда болады.
Жатканың жұмыс органдарына қозғалыс молотилканың алдынғы қарсы жетек білігінің шкивінен 2 (8-сурет) белдік арқылы беріледі. Бұл беріліс жатканы ажырату механизмдеріне де пайдаланылады. Егер керу шкивін белдіктен кейін қарай жылжытса, онда жатканың жұмыс органдарына берілетін қозғалыс тоқтайды.