Жаңақала көтерілісі
Жаңақала көтерілісі — 1930-31 жылдардағы Кеңес өкіметінің саясатына қарсылық актісі. Оған Жаңақала ауданындағы және оған жақын жатқан аудандардың тұрғындары қатысты. Көтерілісті басу кезінде 360 адам тұтқындалды. Тергеу кезінде 71 адам қаза болды. Көтерілісте мына кісілер белсенділік көрсетті: Ғ.Қапасов (1895 ж.т.), М.Ахметов (1891 ж.т.), Ш.Шамсутдинов (1900 ж.т.), З.Қарашев (1900 ж.т.), М.Жаналиев (1901 ж.т.), С.Сисенов (1896 ж.т.), Қ. Жүсіпов (1887 ж.т.), Қ.Бегалиев (1902 ж.т.), Ш.Жәкішов (1905 ж.т.), Ә.Шатдаров (1899 ж.т.), Б.Қуанышев (1907 ж.т.), Ш.Есқалиев (1885 ж.т.), С. Мүсірәлиев (1885 ж.т.), Т.Есекеев (1898 ж.т.), Б.Өтеулиев (1892 ж.т.), Қ.Дәулетқалиев (1907 ж.т.), Е.Титанов (1905 ж.т.), Ж.Қожақов (1879 ж.т.).