Аспа және жатканы теңестіру механизмдерінің құрылысы мен қызметі
Көшірмелеу процесі төмендегіше жүргізіледі. Мына жағдайдан басталық, жатка гидроцилиндрлердін көмегімен көтерілген кезде башмактар (9, а-сурет) мен жер бетінің арасында біраз қашықтық А болады. Теңестіру рычагтары 3 көлбеу корпустың бүйіріндегі кронштейіндерге 2 тіреліп тұрады: бүйірлік байланыс пайда болады. Мұның өзі жатка корпусының төменгі көшірілмеу қалпы болып табылады. Бұл жағдайда жатка шнегі мен қалықтама транспортердің тарақтары арасында ең үлкен қашықтық пайда болады.
Жер бедерін көшірмелеп жұмыс істеу үшін жатканың башмак-тары топыраққа жанасқанша төмен түсіріледі / (10, а-сурет). Бұл көшірмелеу кезіндегі жұмыс қалпы болып табылады. Кронштейн 2 рычагтан 3 төмен тіркеледі — осы мезгілде олардың арасында саңылау Е пайда болады. Жатка корпусы бүйірлік байланыстарынан босатылады. Ол башмактарымен жерге тіреледі, ал көлбеуі корпусымен тек орталық сфералық топса 7 (9-сурет) арқылы ғана жалғасқан. Жатка корпусы қисайған кезде тіректері 9 роликтер
9-сурет. Теңестіру рычагының транспорттық қалпы:
а — жатканы көтеріп, башмақтарды жерден айырған кездегі теңестіру механизмінің қалпы; б — жатканы ұзақ уақытқа та-сымалдаған кезде рычагтарды 3 бекіту. (рычаг кронштейнге 2 болтпен // бекітілген); 1 — башмак; 2 — кронштейн; 3 — теңестіру рычагы; 4 — серіппе блоты; 5 — жатка корпусының қатаңдығы; 6 — көлбеу корпустың тірегі; 7 — орталық сфералық топса; 8 — ролик; 9 — тірек; 10 — аспа; 11— болт; А—топырақ пен башмактардың арасындағы қашықтық.
10-сурет. Теңестіру рычагының жұмыстық қалпы:
а — жер бетін көшірмелеп жұмыс істеу кезіндегі теңестіру механизмінің қалпы; б — башмактарды жерден көтеріп және рычаг 3 пен кронштейн 2 арасына қондырма 12 орнатып жұмыс істеу; 12 — қондырма; Е — кронштейн мен 2 рычаг 3 арасындагы саңылау (басқа позициялары 9-суреттегі сияқты).
мен 3 сырғанап, горизонталь жазықтықта корпусты шайқалудан сақтандырады.
Жатка корпусының егістік бедерін бойлық және көлденең ба-ғыттарда көшірмелеу мүмкіндігі конструкциясы жағынан төмен-дегідей түрде шектелген. Бойлық көшірмелеу кезінде жатка кор-пусы қаттылық 5 пен тіректің арасында саңылауға дейін ғана көтеріледі, ал төмен қарай қозғалуы кронштейндегі 2 рычаг 3 ті-регіне дейін ғана шектеледі. 10, а-суретте көрсетілген 60—70 мил-лиметрлік саңылау көшірмелеудің ең үлкен шегі кезіндегі жатка (СК-5 және СК-6 комбайндарының) корпусының қалпына сәйкес келеді.
СҚ-4 комбайндары жаткаларымен көшірмелегенде жатка кор-пусының жоғарғы көлденең бұрышы мен көлбеу корпус тіректері-нің арасындағы қалыпты саңылау шамасы 45—50 мм болады. Осындай саңылауда мұндай жаткалармен бойлық және көлденең көшірмелеудің ең үлкен шамадағы шегіне жетуге болады.
9 және 10-суреттерде теңестіру механизмінің сол жағы көрсе-тілген. Мұндары аспалар реттелінбейді. Оң жағына орнатылған аспа ұзындығын реттеуге болады. Осыларды пайдалана отырып Жатка корпусын молотилкаға сәйкес теңестіреді.
Кейде көтермелеуішпен жұмыс істеуге мүмкіндік болмайтын жағдай да болады, онда ору жұмысын башмактарды жерден көтеріп қойып жүргізеді. Башмактарды жерден көтерген кезде қалықтама транспортер мен жатка шнегінің ара қашықтығы үлкей еді, осының салдарынан орылған сабақтардың бастыру аппаратына бірқалыпты жеткізілуі нашарлайды. Мұндай жағдайда қондырмалар 12 (10, б-сурет) пайдаланылады. Қондырмалар рычаг пен кронштейннің 2 арасындағы саңылауды жабады. Осының арқасында шнек пен қалықтама транспортер аралығында қалыпты қашықтық сақталады.
Комбайндар ұзақ жол жүргенде теңестіру рычагтары қондыр -масыз-ақ кронштейндерге болттармен // (9, б-сурет) бекітіледі Тегіс емес жолмен жүрген кезде қондырмалар 12 (10, б-сурет» пайдаланылады. Мұндай жағдайда жатканы жүрер алдында қо- сымша 150 мм көтеруге болады.
Егер жатка корпусын көлбеу корпустан ажырату қажет болса, рычагты алдын-ала кронштейнге бекітеді, бұл ретте оны жатка корпусы мен көлбеу корпусты келесі қосқанға дейін сол қалпында қалдырады. Төмендегі ережені есте сақтау керек: егер теңестіру механизмін қайтадан қосу (рычаг пен кронштейнді қосатын болт- тарды шығару) қажет болса онда алдын-ала жатканы гидроци- линдрмен көтеру керек. Олай істемеген жағдайда жатка корпусы ның жұлқи ырғалуы пайда болады.