Түсіру жүйесі бар шанақ
СК-4 және СҚ-4А комбайндары шанағының сыйымдылығы — 1,8 м3 (12—14 ц), СКД-5 комбайнында — 2,3 м3 (16—18 ц), ал СК-5 және СК-6 комбайндарында — 3 м3 (20—24 ц). Жоғарыда жақшаның ішінде келтірілген деректер бидайға арналған, олардың көлемдік массасы 0,68—0,80 т/м3 тең.
Түсіру жүйесі мыналардан тұрады: шанақ, үш шнек (бір бөлгіш және екі түсіру), сақтандырғыш және жұдырықшалы муфталар, түсірудің вибрациялық механизмі, жетек механизмі және дән толғанын білдіретін сигнализатор.
Бөлгіш шнектің шанаққа астықтың біркелкі толуын қамтамасыз ететін үш спиралды секциясы бар. Оң жақтағысы білікке пісіріліп орнатылған, ал қалған екеуін білікке ең онтайлы жағдайда орнатуға болады.
Көлденең шнекке маңдайша орнатылған, ол шнектегі астық массасының қысымын бәсеңдетуге жағдай жасайды. Маңдайшаға жапқыш жалғанған, бұл шнекке дәннің құйылуын реттейді. Жап-қышты жиналатын дақылдың түріне, сондай-ақ оның күйіне (құр-ғақ, ылғалды, таза, арамшөп басқан) қарай реттейді. Алдыңғыға қарағанда артқы жапқышты 30—40 мм көбірек ашу ұсынылады.
Көлденең шнектің құндарына 1 фланецтің 2, 3 көмегімен аралық келте түтік 4 болтпен бекітілген. Осы келте түтікке көлбеу шнектің құндары топсалы (фланецтер 6, 7 мен ось) жалғасқан. Көлбеу шнектің құндағы мен аралық келте түтіктің жалғанған жері шаппа тіспен ұстатылады. Егер көлбеу шнекті транспорт жағдайына қою керек болса, онда шаппа тісті арнайы педальмен ажы-
65-сурет. Көлденең және көлбеу босату шнектерін жалғастыру:
1 —көлденең шнектің құндағы; 2, 3, 6 және 7 — фланецтер; 4 — аралық келте түтік; 5- саусақ; 8 — көлбеу шнек құндағы; 9 — көлбеу шнектің түтікті білігінің втулкасы; 10 — аралық білікше; 11 — жұдырықшалы муфта; 12 — ожау кронштейні; 13 — келте түтік тұтқасы, 14 — спиральдық аралық орамы; /5 — шаппа тіс; 16 — универсалды топса.
ратады. Көлбеу шнекті транспорт жағдайында бекіту үшін шаппа тісті тіреу болады.
Көлденең шнектің қозғалысы универсал топсаға 16 аралық бі-лікше 10 арқылы беріледі, бұған спиральдың 14 аралык орамы пі-сіріліп орнатылған. Аралық білікшені 10 көлбеу шнектің құбыр тәрізді білігіне жалғау үшін жұдырықшалы муфта 11 мен саусақты 5 пайдаланады.
Жұдырықшалы және сақтандырғыш муфталар былай құрылған. Шнектегі түтік тәрізді біліктің оң жақтағы цапфасы 12 под-шипникке 13 тіреледі (66-сурет). Цапфаның бос жақ ұшына муфта қондырылған. Босату шнегі, жұлдызша 9 арқылы қозғалысқа ке-леді, бірақ тікелей емес, жұдырықшалы муфта 4 арқылы. Роликті подшипникке тірелетін күпшекпен 11 қоса жұлдызша қозғалмайтын цапфада 12 бос айналады. Цапфаға шпонкамен втулка 2 бе-
66-сурет. Шанақтың босату шнегіяің сақтандырғыш және жұдырықшалы муфталары:
I — май сауыт; 2 — втулка; 3 — шпонка; 4 — жұдырықшалы муфта; 5 — алмалы-салмалы камыт- 6 — дискі; 7 — кысқыш дискі; 8 — фрикционды сақина; 9 — жұлдызша; 10 — серіппе;
11 — күпшек; 12 — шнектіқ түтік білігінің 14 цапфасы; 13 — шарикті подшипник.
67-сурет. «Колос» комбайнындағы шанақ корпусының вибрациялық механизмі:1 — серпіледі тіреу; 2 — шанақ; 3 — алақша; 4 — жалғастырғыш буын; 5 —вибрато.
68-сурет. Сыңар барабанды «Нива» және «Қолос» комбайндары босату шнегінін жетегі:
1 — қосқыш тартпанық реттелетін ашасы; 2 — аша; 3 — жұдырықшалы муфта; 4, 5 және 6 — жұлдызшалар; 7 — қарсы жетек білігі; 8 — шлицті втулка; 9 — алдыңғы қарсы жетек білігінен қозғалысқа келетін шкив; 10 — кронштейн;11 — соққылауыш битер білігі.
кітілген. Осы втулкаға шпонканың көмегімен жұдырықшалы муфта 4 орнатылған, бұл втулканың бойымен еркін қозғалады. Оң жақ бүйірінде (егер 66-суретке қарасақ) храповикті тістер бар.
Күпшекке 11 дискі 6 бос орнатылған, оның сол жақ бүйірінде
(егер 66-суретке қарасақ) жұдырықшалы муфта 4 секілді храповикті тістер болады. Дискі 6 екі фрикциондық сақина 8 аралығында сығылған. Қысқыш дискі 7 болт пен серіппенің 10 көмегімен фрикционды сақина мен дискіні 6 жұлдызшаға қысады.
Тартпаның, рычагтың және ашаның көмегімен жұдырықшалы муфтаны оң жаққа жылжытура болады. Осы муфтаның храповикті тістері дискі 6 тістерімен ілініседі. Бірақ жұлдызшаға қысылған бұл дискі үнемі сонымен бірге айналады. Муфта 4 дискімен 6 ілі-ніскеннен кейін күллі жүйе — жұлдызша 9, дискі 6, муфта 4, втулка 2, цапфа босату шнегімен — айналады. Муфта 4 дискіден 6 ажырасымен босату шнегі дереу тоқталады, ал жұлдызша әрі қарай бос айнала береді.
Серіппені 10 кергенде, берілетін айналдыру моменті 20 кгс. М (200 Н. м) болуы ескеріледі. Егер шнекке түсетін күш тым көп болса, дискі 6 фрикционды сақинаға тіреліп тоқталады. Шнек тоқталады, ал жұлдызша қысқыш дискімен 7 және басқа да детальдармен қоса, күш бірқалыпқа келгенше, айнала береді.
Жұдырықшалы муфтаны былайша реттейді. Қосылған күйінде муфта 4 мен дискінің 6 храповикті тістері толық тереңдігінде ай-қасуы керёк. Ал ажыратылған жағдайда олардын, аралығында 5 мм саңылау болуға тиіс. Бұл саңылауды муфтаны іске қосатын тартпаның ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.
67-суретте ылғал дәнді түсіруге пайдаланатын «Колос» ком-байнының вибрациялы механизмі көрсетілген. Бұл механизм ша-нақ- түбіне серпімді тіреумен 1 жалғанған алақаншадан 3 тұрады. XIV тарауда жазылған вибратор 5 алаңшара 3 тербелмелі қозғалыс береді. Бұл ылғалды астық массасынын, үйіліп қалуын сақ-тандырып, оның түсірілуін тездетеді. «Нива» комбайнында алаң-шаға 3 плита бекітіледі де, ол көлденең босату шнегінің құндағын жауып тұрады.
68-суретте сыңар барабанды комбайндардың, ал 69-суретте қос барабанды комбайндардың босату шнегінің жетегі көрсетілген.
69-сурет. Қос барабанды «Нива және «Колос» комбайндарының босату шнегінің жетегі:
I,— қарсы жетек білігі; 2 — жетек шкиві; 3 — ортаңры дискі 4 — қысқыш днскі; 5 — корпус; 6-— аралық битер жетегініқ жұлдызшасы.
СК-6 комбайнында шанақ өзара қылтамен жалғасқан екі секциядан тұрады. Кабина секциялардың арасына орналасқан. Екі секциядағы дән сол жақтағы жалпы босату құбырына құйылады. Сондықтан оң жақтағыға қарағанда сол жақтағы шанақтын. көлденең шнегінін, диаметрі үлкенірек.
Шанақтағы астықты автомашина жүріп келе жатқанда тиеген дұрыс. Оны былай істейді. Шанақ толардан бірнеше минут бұрын автомашина комбайнға жақындайды. Комбайншының берген бел- гісі бойынша шофер қораптың орта тұсын босату шнегінің буын кабына дәлдеп әкеледі. Қомбайн мен машина бірдей козғалады. Комбайншы рычагпен босату шнегін қосады. Кузовқа дән біркелкі толуы үшін шофер жылдамдықты өзгертіп тұрады. Кейде қорапта жүкші жұмыс істейді де, ол күрекпен астықтық бетін теңестіріп отырады.
Шанақтың іші босағаннан кейін комбайншы босату шнегін ажыратады, ал шофер астықты қырманға немесе элеваторға жө-нелтеді. Комбайн жүріп келе жатқан жағдайда астықты трактор арбашырына да тиеуге болады.
Егер астықтың ылғалдылығы 15 проценттен аспаса, онда СК-5 және СК-6 комбайндары шанақтарындағы күллі астық 1,5—2 ми-нуттын ішінде тиеліп болуға тиіс.