Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану аркылы жасалады:
1. а, -е, -й жұрнағы арқылы ауыспалы осы шак, жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады: жаз-а, кул-е, сөйле-й, қара-й т. б.
2. -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады: жаз-ып, кул-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т. б.
3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, кет-келі т. -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.
Көсемшенің жіктелуі.
1-ж. мен жаза-мын, сөйлей-мін, барып-пын, келіп-пін.
2-ж. сен жаза-сың, сөйлей-сің, барып-сың, келіп-сің, сіз жа-за-сыз, сөйлей-сіз, барып-сыз, келіп-сіз
3-ж. ол жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті
1-ж. біз жаза-мыз, сөйлей-міз, барып-пыз, келіп-піз
2-ж. сендер жаза-сыңдар, сөйлсй-сіңдер, барып-сыңдар, келіп-сіңдер. сіздер жаза-сыздар, сөйлей-сіздер, барып-сыздар, келіп-сіздер.
3-ж. олар жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті.
Көсемше тұлғасына мынадай жіктік жалғаулары жалғанады. І-жак жекеше -а, -е, -й тұлгасынан кейін -мын, -мін, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -пын, -пін, көпше -мыз, -міз және -пыз, -піз, ІІ-жақ жекеше анайы. Екеуінде де -сық, -сіқ, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сындар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, Ш-жақ жекеше де, көпше де -а, -е, -й тұлгасынан кейін -ды, -ді, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -ты, -ті болып жалғанады.