Экологиялық география
Экологиялық география
Экология — тірі организмдердің қоршаған ортамен және өзара қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. А.Гумбольт өсімдіктердің экологиясын ботаникалық-географиялық ғылым ретінде таныған. «Экология» деген терминді ғылымға алғашқы рет белгілі неміс ғалымы-дарвинист Э.Геккель (1869) ұсынған. Өсімдіктердің экологиясының, ботаникалық географиясының негізінде дамуы ең алдымен АГризебахтың, А.Энглердің, О.Друденің аттарымен байланысты.
Өсімдіктердің экологиялық географиясын: түрлердің экологиясына, өсімдіктер топтарының экологиясына, ауылшаруашылық экологиясына, фитоценологияға бөледі. Әлемнің көптеген елдерінде экологияны экосистемалар (биоценоздар) туралы ғылым ретінде кеңінен таниды.
Өсімдіктердің өсетін ортасы, жекелеген элементтердің қатарынан — экологиялық факторлардан тұрады. Бұл факторлар өсімдіктердің тіршілік етуіне бірден-бір қажет және оларға қандайда бір болмасын әсер етеді. Қоршаған орта тірі (биотикалық) және өлі (физикалық) факторлардан тұрады. Экологиялық факторлар өсімдіктерге тікелей (жылу, ылғалдық, топырақтың құнарлығы) немесе жанама (теңіз деңгейінің биіктігі, ауа, жел) әсер етеді.
Ортаның экологиялық факторлары әдетте мынадай топтарға бөлінеді:
климаттық факторға — жарық, жылу, ауа (оның құрамы, қозғалуы немесе ағыны), жауын-шашын, ауаның ылғалдыгы, электр құбылыстары;
топырақ факторына — физикалық қасиеті, механикалық қасиеті, топырақ пен грунттардың химиялық құрамы мен микробиологиясы;
биотикалық факторға — барлық организмдердің жиынтығы (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер);
орографиялық (рельеф) факторға — теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозициясы (күннің түсуі) мен тіктігі;
антропогендік факторға — адам және оның шаруашылықтағы іс-өрекеттері жатады. Адам өзінің іс-әрекеттері арқылы өсімдіктерге жөне басқа экологиялық факторларға тікелей әсер етеді.
Техниканың жедел дамуына байланысты адамның биосфераға әсері күрт өсті. Көп жағдайда оны адамның табиғатты өзіне бағындыруы деп түсінеді. Бірақ шындығыңда олай емес. Техниканың алып күші, экологиялық тұрғыдан сауатсыз адамның қолында, тірі табиғаттың ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасының тізбегінің бұзылуына және түгелдей бір экосистеманың жойылуына әкеп соқтырады. Антропогендік қауіп-қатер XX ғасырдың екінші жартысыңда жер шарының көптеген жерінде көрніс бере бастады. Әсіресе соңғы кездері мүның әсері түгелдей бір халықтың тағдырына қауіп туғызып отыр.
Алысқа бармай-ақ Қазақстанның өзінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Тың көтеруге байланысты Қазақстанның шөлейт аймагының мыңдаған гектар қүнарлы жерлері есепсіз жыртылып, нәтижесінде табиғи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтарының үйлесімді жүйесі бүзылды. Оның үстіне соңғы кездері көптеген колхоздар мен совхоздардың тарауына байланысты, осы айдалған жерлердің көбісі пайдаланылмай ауылшаруашылық айналымынан шығып қалып отыр. Соған байланысты көптеген егістік жерлер эрозияға ұшырауда. Кейбір деректер бойынша соңғы жүз жылдықта планетамыздың егін егілетін жерлерінің 23% эрозияға ұшырап, ауылшаруашылығына пайдаланудан тыс қалып отыр. Жыл сайын теңіздер мен мұхиттарға 20 млн. м3 топырақ сумен шайылып кетіп отырады екен.
Бұған Арал тағдырын, Семей, Капустин-Яр полигондарының, Байқоңыр космодромының және т.б. қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз өсерлерін қосатын болсақ, антропогендік фактордың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің ауқымының орасан зор екендігі ешбір талас тудырмайды. Қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы, адамның денсаулығына ғана эсер етіп қоймайды, сонымен бірге оның сол жерді мекендейтін халықтың генефонына да әсері үлкен болады. Соңғы кездері әр түрлі қолы немесе аяғы жоқ, болмаса ақыл-есі кеміс мутанттардың көптеп дүниеге келуі осының дәлелі болса керек. Бір сөзбен айтқанда антропогендік фактор аса қауіпті дерт, сондықтанда оның алдын алу жеке адамдардың шаруасы емес, ол мемлекет деңгейіңде, қала берді әлемдік деңгейде қаралып, белгілі бір жоспармен жүргізілетін іс.
ұсынылып отырған, тіршілік ортасын факторлерге бөлу және бұл жағдайда оларды бір-біріне қарсы қою әруақытта болып отыратын нәрсе. Бірақ ол тек шартты түрде ғана жүреді және өте жасанды, кейде тіптен бір-біріне қайшы келеді. Сондықтан да барлық уақытта қоршаған ортаның элементтерін тығыз байланыста және бір-біріне ауысьш отыру тұрғысынан қарау керек. Өйткені олардың біреуінің өзгеруі, міндетті түрде басқаларының да өзгеруіне әкеп соқтырады.
Белгілі бір факторлардың комплексі бар жекелеген территорияларды экотоптар (биотоптар) деп атайды. Бұларға батпақты, құмды жерлерді, сыддырма тасты шөгінділерді, құрғақ шөлейттерді жөне т.б. жатқызуға болады.
Жасыл өсімдіктердің өміріне қажетті климаттық және бірқатар топырақ факторларының физиологиялық маңызы өсімдіктердің физиологиясы курсында қарастырылады. Бірақта олардың белгілі бір ортаның әр түрлі жағдайында сан жағынан алғандағы арасалмағы және өсімдікке басқа факторлармен комплексте әсер етуі экология пәнін түзеді.
Өсімдіктер экологиясының ғылым ретінде практикалық маңызы, шаруашылықта құнды түрлерден немесе өсімдіктер жабынының участкелерінен жоғары өнім алу мақсатында, олардың өсетін ортасын зерттеу болып табылады. Тек үлкен дөлдікпен жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижесінде алынған мәліметтің негізінде ағаш дайындаудың, осы жердің техникалық немесе дәрілік өсімдіктерін дайындаудың қажетті мөлшерін (нормасын) жоспарлауға болады. Нормадан артық мөлшерде дәрілік өсімдіктерді және пішен дайындау немесе мал жаю табиғи өсімдіктер қорының жойылуына әкеліп соқтырады. Отандық егін шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін жасау, даланың жағдайында эксперименттік экологиялық зерттеулер жүргізу В.В.Докучаев, Г.Ф.Морозов, С.П.Костычев, Г.Н.Высоцкий, Л.А.Иванов, В.Р.Вильямс, Б.А.Келлер, Е.П.Коровин, В.Н.Сукачев, П.АГенкель секілді орыстың ботаник-экологтарының жұмыстарында бірінші орында тұрды. Отандық экологиялық мектептің ұраны — ауылшаруашылық өндірісін табиғаттың стихиясы мен ауа райының құбылмалылығынан құтқару болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда ауылшаруашылығын механизациялаудың, химизациялаудың жөне электрификациялаудың деңгейі БОР-дың кезіндегіден көп төмен болып отыр. Соған байланысты өсімдіктерге, әсіресе ауылшаруашылық дақылдарына оптимальды жағдай туғызудың мүмкіңдігі агрономдар үшін оңайға түспей отыр.
жаксы жазылган озымее керегын таптымм!