Америка құмайлары
Америка құмайлары отряды (Саtһаг-tае) Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Американың оңтүстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жыртқыш құстар болып табылады.
Олар жер бетінде жақсы жүгіреді, қорегін көбінесе иіс мүшелерінін, жәрдемімен іздеп табады. Төменгі көмекейінің дыбыс бұлшық еттері болмайды, сондықтан да бұл құстар мылқау үнсіз, кеңсірік перделері болмайтын құстар. Тіршілік етуіне қарағанда біздің таз қараларға ұқсайды, көпшілігінде бұлар өлекселермен және майда омыртқалылармен қоректенеді. Олардың мойны жалаңаш, қауырсыны болмайды. Өлекселермен қоректенудің салдарынан бірнеше түрлері тауларда және далаларда, кейде тоғайларда да мекендейді. Бұлардың бір түрі кондор (Sигсогаmрһиз gрурһиs) деп аталады.