Шағала құсы
Шағалалардың денесі тұрықты, қанаты ұзын сүйір келеді. Тұмсығының ұшы ептеп төмен қарай иілген немесе түзу болады.
Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Олардың, аяғы қысқа көбінесе төрт саусақты болады. Алдыңғы үш саусағының арасы тері жарғақпен жалғасқан. Шағалалардың қауырсыны қалың, майда мамықтары көп болады. Дене мөлшері түрліше: ең кішісі қара торғайдай, ал үлкені кішігірім қаздай болады.
Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар жақсы ұшады, бірақ сүңги алмайды. Көпшілігі қорегін судан табады, ал енді біреулері қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге ұшып кетеді. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар.
Поморниктер тұқымдасы (Stегсогагііdае) шағалалар отрядының ішіндегі орташа үлкендіктегі құс. Түсі жалпы қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Тұмсығының үстіңгі бөлімі төмен қарай иілген. Тырнақтары күшті иілген ілмек сияқты келеді. Құйрық қауырсынының екі шеткісі қысқарақ, керісінше ортаңғы бір пары ұзынырақ болады.
Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі. Бізде тундрада, мұзды мұхиттың теңіздерінің жағалауларына және Тынық мұхиттың солтүстік жағалауларына ұялайды. Ұясын жерге салады, қосарланып жүреді. Жыртқыш құс. Олар шағалалар мен құзғын қарғалардың аузындағы балықтарын тартып жеуге әрекет етеді. Жазда үйректер мен қаздардың ұяларын талқандап бұзады, ұсақ торғай тәрізді құстарды және балшықшыларды ұстап жейді’. Бізде үш түрі ұялайды.
Шағалар тұқымдасы (Lагіdае). Шағалалар тұ-қымдасына осы отрядтың орта және ірі құстары жатады. Олардың түсі ақшыл, жалпы ақ сүр, ал балапандары қара қоңыр түсті болып келеді. Тырнақтары оншама иілмеген, тұмсығы күшті, бірақ поморниктерден өзгешелігі, тұмсығының ұшында ілмегі жоқ, тек қана ұшы төмен қарай иілген. Ұясын әр түрлі жағдайда түрліше орналастырады: солтүстікте көбінесе теңіз жағалауларының тастарының арасына, орталық орманды ендікте — батпақтарға немесе айналасы қалың шөпті өзен жағалауларына, ал оңтүстікте — өзен, көл және теңіздердің құмды жағалауларына салады. Ұясында 2—3 жүмыртқа болады. Одан ширақ балапан шығады.
Қоректері алуан түрлі. Шағалалар балықтарды, ұсақ шаян тәрізділерді, насекомдарды, құрттарды теріп жейді. Өлекселер-мен де қоректенеді. Шағалалардың ірі түрлері кемірушілерді және құстарды ұстап жейді. Кейбір жерлерде көптеген зиянды насекомдарды қырады. Шағалалардың балық шаруашылығына тигізетін зиянын көбінде асырып бағалайды. Шынында шағалалар ауру және өлген балықтармен қорекгенеді. Сөйтіп олар судағы балық өлекселерін жеп, су қоймасын тазартып, пайдасын тигізеді. Шағалалардың терісін “кұс елтірісі” деген атпен қолданады.
СССР-де шағалалардың 10 түрі бар. Соның ішінде: ұсақ өзен шағаласы (Lагиз гіdіdипdиs), солтүстіктегі — сұр шагала (L. агgепtаtиs) және ұсағырақ үш саусақты — маевка Rissa ігуdасtуlа) деген шағалалар бізде мекендейді.
Құзғындар тұқымдасы (Stегпіdае). Бұлардың тұмсығы әлсіз, ілмегі болмайды. Құйрығы терең екі айыр, қанаттары ұзын, әрі жіңішке болады. Денелері жеңіл, ауада ұшып жүргенде қарлығаштарға ұқсайды. СССР-де бүлардың он (шақты түрі мекен етеді. Көбінде топтанып ұялайды. Көбірек кездесетін бір түрі — өзен құзғындары. (Stегпа һіrundо).