Тікен қанатты балықтар
Тікен қанатты балықтар
Бұлардың қанаттарының бөліктері жеке-жеке ажыратылмаған үшкір тікен сияқты. Теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Жүзу торсылдағы ішекпен қатыспайды.
Алабұға тәрізділер (Регсіdае) Алабұғалардың көпшілігінің кәсіптік үлкен маңызы бар. Мысалы, көксеркенің (Luсіорегса) бірнеше түрі Қара теңіз бен Каспий теңіздерінде мекен етеді. Кейбір түрлері өмір бойы өзендерде, ал екінші біреулері теңіздерде, үшінші түрлері өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші балықтар болып есептеледі. Ірілерінің салмағы 10—12 кг болатын кәсіптік маңызы үлкен балык-тар. Алабұға (Регса) — біздің еліміздің өзендерімен көлдерінде кең тараған отырықшы организмдер. Бұлар ұсақ балықтармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Орта есеппен алабұғалар 10— 12 жыл жасайды. Салмағы 1 кг, дене мөлшері 50 см болады. Кейбір жерлерде кәсіптік маңызды объект болып саналады. Таутан (Асегіпа) балығының кәсіптік маңызы жоқ.
Скумбрия тәрізділер (SсоmЬгіdае). Бұлар теңіздің қалың қабатында, негізінен тропиктік теңіздерді мекендейтін балықтар. Бізде Балтық теңізі мен Қара теңізде бірнеше түрі кездеседі. Кеңінен миграциялайтын балықтар. Кәсіптік маңызды объект (әсіресе Кара теңізде).
Тана балық тәрізділер (Gоhіісdае). Бұларға ұсақ, көбінесе теңіз жағалауларында, тұщы суда сирек кездеседі. Су түбінде тіршілік етіп, сол жердегі омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір түрлерінің еркектері көбею кезінде уылдырықтарын салатын ұя жасайды да оны қорғап тұрады. Бізде көбінесе оңтүстік теңіздер мен өзендерде кездеседі. Қара теңізде, Азов және Каспий теңіздерінде кәсіптік объект болып саналады.