Треска тәрізді балықтар
Треска тәрізді балықтар
Бұларға кәсіптік маңызы зор балықтар жатады. Әдетте ірі, қанат қауырсындары жұмсақ болатын балықтар. Олар қоңыржай және Арктика теңіздерінде тараған, тек қана налим (Lоlа Іоtа) деген түрі тұщы суда кездеседі. Көптеген түрлері теңіздің өзен сағасына жақын жерлеріне және өзендерге шығады, ондай түрлеріне навага, сайка, полярлық треска т. б. жатады. Көбінесе су түбінде тіршілік етеді.
Треска (Gаdиз тогһиа) өзінің кәсіптік маңызы жөнінен дүние жүзінде майшабақтардан кейінгі орынды алады. Етін пайдаланумен қатар бауырынан емдік қасиеті бар “балық майлары” жасалады. Бізде Балтық, Баренцево, Ақ теңізде және Қиыр Шығыстың солтүстік теңіздерінде таралған. Трескалар кең миграциялап, уылдырықтарын көбінесе Лофотен аралдарының, Кольск түбегінің жағалауларына шашады. Трескалар уылдырығын шашқан соң Баренцево теңізінің шығыс бөліміне кетеді. Міне, осы жерлерде трескаларды арнаулы трал деп аталатын су түбін мекендейтін балықтарды аулайтын аулармен ұстайды. Трескалар 2,5—10 миллиондай уылдырық салады. Трескадан басқа солтүстік теңіздерде тралмен ауланатын балықтарға: пикша (G. аеgІеfіnus), саида (Роllасһіиs үігепз), сайка (Вогеаgаdus saida) жатады.
Солтүстік теңіздерде және Қиыр Шығыс суларында навага Еlеgіmиs паvаdа) деп аталатын түрі кездеседі. Қыста бұлар теңізден өзен сағасына шығатын болғандықтан, оларды өзен сағаларынан аулайды.