Жуалар тұкымдасы
Жуалар тұкымдасы
Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың барлығьшда кездеседі. БОР-дың территориясыңда 2 туысы 323 түрі, ал Қазақстаңда 1 туысы, 109 түрі өседі. Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарыңда кең таралған.
Жуа туысы (лук — АДіит ). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның 250 БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы жөне тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады — трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүлінің формуласы.
Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кездеріңде жамылғысы (гүласты жапырақшасы) болады. Кейде гүлшоғырында үсақ баданалары — өнім бүршіктері пайда болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз, қатпарлы жуаның (лук репчатый — А.сера) (244-сурет) жапырағы трубка тәрізді, басында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның қүрамыңда эфир майының барлығын көрсетеді (концентрациясы 0,03—0,05%).
Сарымсақ (чеснок — Акагміт) — жапырағы жалпақ, түзу, жамылғысының үзын түмсығы болады, баданасы көптеген ұсақ пиязшықтан (деток) түрады. Пиязшықтары арқылы және өнім бүршіктері арқылы көбейеді, қүрамыңда сарымсақ майы болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей — А.роггит) жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ пияз (лук круглый — Агошпсшт) көп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшөп ретіңде өседі.