Камбала тәрізді балықтар
Камбала тәрізді балықтар
Камбала тәрізділердің денесі екі бүйірінен өте қысыңқы сүйір болады. Көзі басының екі бүйіріне немесе оның бір бүйіріне ғана орналасқан. Торсылдағы болмайды. Су түбінде тіршілік ететін балық, сондықтан бір бүйірімен жайлап жүзеді.
Денесінің үстіңгі беті әр түсті пигментті болады да, ал астыңғы жақ беті әрқашанда ақ түсті болады. Камбаланың шабақтары ал-ғаш судың қабатында жүзіп жүріп, кейін су түбіне ауысқанда, денесі бүйірінен қысылып, көз денесінің үстіңгі жағына қарай ығысады. Бізде Каспий мен Арал теңіздерінен басқа теңіздердің бәрінде де кездеседі. Қамбалалар әдетте уылдырық шашуға, қыстап шығуға, қоректерін тауып жеуге қолайлы жер іздеп қана миграция жасайды. Бірақ өте баяу қозғалатын болран дықтан тіршілік еткен жерінен 100—200 километрден ұзап кете алмайды. Уылдырықтарын әдетте жағалауға шашады. Бірнеше миллионға дейін уылдырық шашатын өсімтал балық. Олар су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Камбалалар трал-мен аулау кәсібінің негізгі объектісі.