Филогенез туралы реферат
Филогенез туралы реферат.
Филогенез алғашқы клеткасыз және тіршіліктің ядросы жоқ формалары пайда болған архей эрасынан бастап (шамамен 3,5 млрд жыл бүрын), біздің уақытымызға дейінгі аралықты қамтиды. Қандайда бір болмасын нақтылы систематикалық топтың кез-келген деңгейінде, бөлімнен бастап түрге дейінгі аральгқта филогенез туралы сөз қозгауға болады.
Эволюциялық процестің барысында әртүрлі систематикалық топтар белгілі бір жүйеде пайда болады. Сонымен бірге өсімдіктің жекелеген құрылысының (филоморфогенез) немесе физиологиялық қасиетінің филогенезін зерттеуге болады.
Филогенез бен онтогенездің арасында байланыстың болатындығы анықталған. Оны заң түрінде қиыстырып құрастырған (сформулировал) Э.Геккель (1866) болған. Бұл ибиогенетикалық за деп аталынады: онтогенездің барысында бұрынғы ата тектеріне тән, дамудың кейбір фазаларының қайтадан қалпына келуі (қайталануы, қайта берілуі) байқалады. Мысалы, мүктердің онтогенезінде спорадан өскіншенің бастамасының (протонема) пайда болуы. Ол құрылысы жағынан келешегіңде әрбір түрге тән гаметофитке айналатьш жасыл балдырларға ұқсас болады. Мұның өзі мүк төрізділердің арғы тегінің балдыр, оның ішінде шамамен жасыл балдыр болғандығыньщ дәлелі. Көптеген папоротник тәрізділердің алғашқы жапырағы, алғашқы папоротник тәрізділердің жапырақтары секілді дихотомиялы жүйкеленеді. Бал қарағайдың (лиственница) өкілдері алғашқьіда бірнеше жылдар бойы мәңгі жасыл болып келеді. Кейбір цитрустылардың алғашқы жапырақтары күрделі болады да, кейіңдеу пайда болғандары бір ғана жапырақ тақтасынан түрады.
Бірақта онтогенезді филогенезді қайталау деп түсінуге болмайды. Онтогенездің барысыңда сыртқы ортаның әсерінен, сонымен бірге будаңдасудың негізінде өсімдіктің құрылысының және физиологиялық қасиеттерінің тұрақталған және ұрпаққа берілетін жаңа белгілері қалыптасадьі. Филогенезде осындай өзгерістердің нөтижесінде өсімдіктердің экологаялық топтары мен әртүрлі өмірлік формалары пайда болады.