Сейсмикалық аудандастыру
Сейсмикалық аудандастыру. Жер сілкінуді алдын ала болжап, оның болатын орның күшін және уақытын дәл айта білу үшін, ең алдымен сейсмикалық аудандастыру карталарын жасау жұмыстарын жетілдіру қажет.
Белгілі бір территорияның сейсмикалық режиміне талдау жасау жұмыстарын жүргізу барысында, ол ауданның геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктерін байланыстыра білу керек.
Біздің елімізде жасалынған ең алғашқы сейсмикалық аудандастыру картасы Г. П. Горшковтын, (1937 ж.) есімімен байланысты. Кейінірек бұл карта ТМД Ғылым Академиясының жанындағы Жер физикасы атты Институт ғалымдарының зерттеулерімен толықтырылды
6, 7, 8, 9, 10 — қарқындылық (балл) мөлшері (халықаралық М5К-64 сейсмикалық шкаласы бойынша).
Халық шаруашылығында әр түрлі инженерлік құрылыс жүйелерін дұрыс жоспарлап, оны іске асыруда сейсмикалық аудандастыру жұмыстарының маңызы өте жоғары. Бұл жұмыстардың негізгі мазмұны, жер сілкі ну аймақтарын олардың қауіптілігіне қарай әр түрлі аудандарға бөлу болып саналады. Мұндай карталарды жасау кезінде, ұзақ уақыт бойы, ерте заманнан бері белгілі жойқын күшті жер сілкіністері туралы деректер жиналып, қазіргі кездегі геологиялық және тектоникалық зерттеу жұмыстарының жетістіктерімен байланыстыра отырып қарастырылады.
Сейсмикалық аудандастыру карталары әрбір зонада жеке-жеке жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізінді (мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс территориясын да) жасалынып, кейінірек бүкіл ТМД территориясының көлемінде біріктіріледі. Бұл жұмыстардың алғашқы сатысында геологиялық, сейсмологиялық және инженерлік-сейсмологиялық мәліметтер жинақталып қорытындылана келе, болашақ жер сілкіністерінің орны мен энергиясы анықталады. Ал екінші сатысында болашақ жер сілкінудің орны мен энергиясын және тереңдігін біле отырып, оның жер бетіндегі дүмпу күші мен қайталану; жиілігі есептелінеді.
Әдетте, сейсмикалық аудандастыру картасы VI—IX балдық аудандарға ажыратылады. Дүмпу күші VI балдан төмен аймақтар (құрылысқа онша зияны тимейтіндіктен) көрсетілмейді. Ал күші IX балдан жоғары аймақтар (сирек кездесетін болғандықтан) ерекше жағдайларда ғана көрсётіледі.
Әрине, мұндай сейсмикалық аудандастыру карталары келешекте жаңа мәліметтердің көбеюіне байланысты және жер сілкіну құпиясын зерттеуде қол жеткен жаңа табыстар негізінде ылғи жаңарып отырады.
Белгілі бір қалада антисейсмикалық берік құрылыс салу жұмыстарын ойдағыдай жүргізу үшін, сейсмикалық аудандастыру картасы қосымша микросейсмикалық аудандастыру карталарымен толықтырылады. Мұндай карталарда жалпы тектоникалық жағдайлармен қатар жеке аудандардың геологиялық құрылыс ерекшеліктері де ескеріледі. Әсіресе топырақ қабатының құрамын және жер асты суларының деңгейлік тереңдігін, сонымен қатар бедер пішіндерінің ерекшеліктерін білудің маңызы өте зор. Өйткені, жер сілкіну кезінде сыналатын құрылыс орындарының беріктігі осы жағдайлармен тікелей байланысты. Мысалы, 1887 ж. Верный қаласында болған жер сілкінудің күші қаланың әрбір бөлігінде әр түрлі шамада болған. Бұл жағдай қаланың жеке аудандарының геологиялық және гидрогеологиялық құрылыс ерекшеліктерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.
Көп жылдар бойы жүргізілген сейсмологиялық зерттеу жұмыс-тарының нәтижесінде 1980 ж. Алматы қаласының сейсмикалық микроаудандастыру картасы жасалынып бітті. Бұл карта бойынша Алматы қаласы орналасқан территория сейсмикалық қауіптілігіне қарай екі ауданға ажыратылады (IX балл және X балл). Мұндай карталар қазіргі кезде сейсмикалық қауіпті аудандарда орналасқан орталық ірі қалалардың барлығында да бар.