Антисейсмикалық берік құрылыс салу
Антисейсмикалық берік құрылыс салу. Өнеркәсіптік құрылыс объектілерін жоспарлау және тұрғын үйлер тұрғызу ережелері бойынша дүмпу күші
VII балл және одан жоғары болып келетін аудандарда антисейсмикалық берік құрылыс салу шаралары мұқият қарастырылады. Болашақ құрылыс алаңдарының қауіпсіздігін білу үшін ең алдымен арнаулы тектоникалық және геологиялық карталарды пайдаланып, тектоникалық жарықтардың бар-жоғы анықталады. Осындай жолмен таңдап алынған құрылыс орындарының қажетті беріктігі есептеп шығарылып, соған сәйкес тиісті конструкциялар қолданылады.
Құрылысты жоспарлау және оның жеке блоктарын тұтас бір жүйеге келтіріп құрастыру немесе қиюластыру барысында, құрылыстың сыртқы пішіні мен сейсмикалық беріктігінің тығыз байланыстылығын ескеру керек. Күрделі пішінді үй құрылысы жер сілкінуі кезінде онша берік болмайды. Сондықтан сейсмикалық әсерге қарсы, арнаулы темір белдеулер қолданылады. Мұндай белдеулер үй құрылысының сейсмикалық беріктігін арттырады. Дегенмен, үй құрылысын жобалау институттары көбінесе өздерінің бар күш-жігерін қала типіндегі аса күрделі, және бір-біріне ұқсас келетін біркелкі үйлерді жобалауға жұмсайды; құрылыс конвейері-нің сапасына тиісті бақылау жасалмайды. Ал құрылысшылар болса, орындалған жұмыстың сапасынан гөрі санына көп мән береді. Әрине, антисейсмикалық құрылыс объектілері басқа стандартты үйлерге қарағанда қымбатқа түсетінбелгілі нәрсе.
Дегенмен Арменияда болған қайғылы оқиғалардың Алматыда, Ашгабадта, Камчаткадағы Петропавлда және басқа қалаларда қайталануы мүмкін. Сондықтан антисейсмикалық берік құрылыс салу ісіне зор мән беріп, жер асты дүмпулеріне қарсы тұра алатын құрылыс конструкциясын жасау жұмыстарын жақсартып, оны одан әрі жетілдіру қажет. Мысалы, Кишинев қаласында салынатын құрылыс объектілері VII балға есептелінген, ал Орта Азиялық республикалардың және Қазақстанның астанасында салынатын үйлер VIII—IX балдық сілкіністерге төтеп беретін болуға тиісті.
Дүмпу күші Армениядағыдай жер сілкіністері Югославия мен басқа елдерде болған. Бірақ оларда қираған үйлер мен жазым болған адамдар саны он еседей аз (Армениямен салыстырғанда). Яғни бұл, ол елдерде салынған тұрғын үйлер мен инженерлік құрылыс орын-дарының сапасы өте жоғары екендігін көрсетеді. Ал Арменияда үй құрылысының конструкциясында құрылыс ережелерімен оның нормалық көрсеткіштерінен ауытқушылық және технологиялық бұрмалаушылықтың болғаны анықталып отыр.
Қазіргі кезде сейсмикалық қауіпті аудандарда салынатын құрылыс объектілері ірі панельдерден құрастырылады. Сонымен қатар, жоғары сапалы ағаштан қиылыстырып салынған үйлердің де жер сілкіну әрекеттеріне жақсы төтеп беретіндігі тарихтан белгілі.
Соңғы жылдары сейсмикалық аудандарда көлемді ірі блоктардан құрастырылған үйлер түрғызу жоспарланып отыр. Мұндай үйлер ірі блоктар түрінде заводтарда толық қүрастырылып, құрылыс алаң-дарына жеткізіледі. Үй қабырғаларының қиюласқан бұрыштарыі бір-бірімен бұранда арқылы бекітіліп, олардың арасы резинамен тығындалады.
Сейсмикалық аудандарда антисейсмикалық берікі кұрылыс салу ережесі, Верный қаласында (қазіргі Алматы) 1887 ж. болған жер сілкінуден кейін, 1889 ж. тұңғыш қабылданыпты. “Жетісу аймағында үй құрылысын салу ережелері” деген атпен шыққан заң бойынша бұл аймақта тас үйлер салуға толығымен тыйым салынып, ағаш үйлерді көбейту жөнінде жаңа ұсыныстар енгізіледі. Содан бері, қазіргі уақытқа дейін бірнеше рет жаңа ережелер қабылданып, жүзеге асырылды. Ең соңғы (июнь, 1981 ж.) қабылданған (ТМД-нық, құрылыс ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің бекітуімен) ереже бойынша, сейсмикалық аудандардағы құрылыс жұмыстарының бұрынғыдан да сапалы болуы қатң талап етіледі.
Сейсмикалық қауіпті аудандарда орналасқан 21 мемлекеттің (Алжир, Аргентина, Австрия, Болгария, Венесуэлла, Греция, Үнді, Италия, Қанада, Мексика, Жаңа Зеландия, Португалия, Румыния, АҚШ, Турция, Филиппин, ФРГ, Югославия, Чили, Жапония, ТМД) арасында сейсмикалық жағдайы бойынша Жапония ерекше орын алады. Жыл сайың бұл елде шамамен 1500-ге жуық жер сілкіністері болып тұрады, оның кем дегенде бір-екеуі аса күшті сілкінулер. Сондықтан Жапонияда антисейсмикалық берік құрылыс салу ісіне ерекше мән беріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізіледі. Қазіргі кезде олар бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Оның дәлелі ретінде Токиода салынған 60 қабатты банк үйінің құрылысын мысалға келтіруге болады. Ал біздің елімізде, Алматы қаласында салынған 26 қабаттан тұратын қонақ үйінін, кұрылысы антисейсмикалық берік құрылыс салу ісіндегі қол жеткен табыстардың белгісі деуге болады.
Америкада да антисейсмикалық құрылыс ісіне басты назар аударылады. Сол сияқты Үнді, Италия, Мексика және Чили елдері де бұл салада елеулі табыстарға жетіп отыр.