Сан есімнің емлесі
Сан есімнің емлесі
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.
2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.
3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.
Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.
4. Екі, алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдін соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы екі — екеу, алты — алтау, жеті — жетеу:
5. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: ІОО-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.
Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу уй, 40—50 уй т. б.
Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.
6. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-он-нан, 10—15-тен, 20—20-дан т. б.
Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.
Септік түрлері | Есептік
сан есім |
Реттік сан
есім |
Жинақтық
сан есім |
күрделі түрі |
А. I. Б. Т. Ж. Ш. К. |
екі
екінің екіге екіні екіде екіден екімен |
үшінші үшіншінің үшіншіге үшіншіні үшіншіде үшіншіден үшіншімен | бесеу
бесеудің бесеуге бесеуді бесеуде бесеуден бесеумен |
жүз жиырма төрт
жүз жиырма төрттің жүз жиырма төртке жүз жиырма төртті жүз жиырма төртте жүз жиырма төрттен жүз жиырма төртпен |