Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады.
Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2, 3), бес бүтін төрт жүздік (5, 04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т. б.