Топтау сан есім
Топтау сан есім
Топтау сан есім заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шыгыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден т. б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан т. б.), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден т. б.), косарланған түрде де (екі-екіден, он-он бестен) т. б. қолданылады.