Салық туралы түсінік
Салық туралы түсінік
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салық туралы түсінік
2. Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
3. Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
4. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
5. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.
Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:
• Корпоративтік табыс салығы;
• Жеке табыс салығы;
• Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
• Әлеуметтік салық;
• Жер салығы;
• Көлік құралдарына салынатын салық;
• Мүліктерге салынатын салық;
• ҚҚС;
• Акциздер.
1. Салық туралы түсінік
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу — әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :
1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты
2. ″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты
Тұңғыш рет Қазақстан Республиксында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлуеші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.
Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау ушін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады;
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шот.
К-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төлегенде:
Д-т: «Әлеуметтік салық деп аталатын шоты;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлемшелер кіреді.
Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді.
Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберилген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.
Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.
Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының деклорациясын» ұсынуға тиіс.
Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Д-т: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шоты;
К-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» — шоты.
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:
Д-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шот;
К-т: «Ақщалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі
Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе ауқытша болып бөлінеді.
Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:
• Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;
• Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы)
• Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;
• Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар.
Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.
Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:
• Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);
• Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық ацырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;
• Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы басқалардан.
Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.
Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған құнға салынатын салық тауарларыөндіру, жұмысты орнату немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы
Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбеақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден тускен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.
Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететінқайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:
Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты;
К-т: «бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
«Акциздік салықтар»
Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:
Д-т: «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;
К-т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:
Д-т: «Жалпы эәне әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;
К-т: «Жер салығы»;
«Көлік құралына салық»;
«Мүлікке салық» деп аталатын оттар түрінде екі жақты жазуы жазылады.
Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:
• Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
• Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.
Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен еспетелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.
3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктеріндің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңдытұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттардажүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.
Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:
Д-т: «Материалдар» шоты;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістілері.
Ал еншілес кәсіпорыннан бас кәс3іпорынның алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде:
Д-т: «Материалдық емес активтер»;
«Негізгі құралдар» және тағы да басқа шоттар;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға бас кәсіпорынның өтеген қарызына:
Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістісі;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Бас кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер арасындағы есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актілері негізінде дебиотрлық қарыз сомаларымен жабдықталуын мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:
Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері,
К-т: «Еншілес серіктестіктердің берешегі», «Тәуелді серіктестіктердің берешегі» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері. «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері.
№ Операциялар мазмұны Д-т К-т Тип
1 2 3 4 5
1 Еншілес серіктестіктермен, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен ақшаларын, айналымнан тыс активтерді, тауарлық-материалдық қорларды кіріске алуы
— сатып алу құнына;
— қосылған құн салық сомасына 2730
2412,2523,2524
1310-1317
1030-1050
1010,1030,1420 3320-3330
3320-3330 III
III
2 Еншілес серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кәсіпорынның цехтарының, ғимараттарын жөндеу бойынша қызмет етуіне:
— қызмет сомасына;
— қосылған құн салық сомасына. 8044,7440
1420 3320-3330
3320-3330 III
III
3 кәсіпорынның бұрынырақта алынған банк мекемелерінің алдындағы несие қарызын, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын тұлғалардың өтелуі 4010 3320-3330 III
4 кәсіпорынның жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдындағы қарызын, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың өтелуі 3110 3320-3330 II
5 Кәсіпорынның еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарызы есеп айырысу шотынан, кассадан өтелінді 3320-3330 1030,1010 IV
6 Кәсіпорын еншілес серіктестіктерімен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарыздарын дайын өнім беру жолымен өтеді 3320-3330 6010 II
7 Кәсіпорын еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарызын материалды есеп активтерді беру жолымен өтеді 3320-3330 6210 II
8 Салыстыру актісіне сәйкес, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек қарыздарын, олардың несиелік қарыздарының есебінен жабу. 3320-3330 2120-2130 IV
«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттарда талдамалық есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі.
4. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі.
Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.
Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:
Д-т: «Ақшалар» шоты.
К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Ал сатып алушыларға босатылған тауарлар , көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:
Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;
К-т: «Сатп алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілем серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер алынған аванс сомасының толық толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:
Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі.
№ Операциялар мазмұны Дебиттелеін шот Кредиттелетін шот Тип
1 2 3 4 5
1 Сатылатын тауарлы-материалдық қорлар немее көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала аванс ретінде алынған сомаларға 1050,1040,1010,1020 3510 III
2 Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын аа алынған аванстар сомасынан шегеріледі 3510 1210 IV
3 Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардын аванс ретінде алынған соманың пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда 3510 1010,1040,1050 IV
5. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндірушіұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын отта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысанларына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтауылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерде жабдықтаушы-мердігердің әрбір шот фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналда жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (накладнойлары) кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазылып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
Фактураланбаған жабдықтар есебі
Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушыла бойнша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдармен, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Факторланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторна етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары емесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиіті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторна етіледі (қызыл жазумен жазылады).
Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:
• Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан;
• Факторланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
• Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебу бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.
Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардын сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелген щот-фактурасынан:
Д-т: «материалдар» немесе «тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі.
К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шот.
Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты.
К-т: «жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Д-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты.
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндн бухгалтерлік жазу жазылады.
Шот фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барсында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:
Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот:
К-т: «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.
6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізг құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алған үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Төленуге тиісті сыйақы есебі
Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Төлеуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:
Д-т: «Есептелінген сыйақы бойынша шығындар» шоты.
К-т: «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар сомасы төленген кезде:
Д-т: «Төленуге тиісті сыйақы шоты»;
К-т: «Ақашалар» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі
Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайларына айыппұлдар салынуы мүмкін.
Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген еңбеақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларғ және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралынұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.
Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Д-т: «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты.
К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот.
Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған уақытта:
Д-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз қорымен есеп айырысу деп аталатын шот;
К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.
Кәсіпорынның «Зейетақы қорымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақтылы төлемегі үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақықорына аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына жазу жазылады:
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;
К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот.
К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аудрулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан кеш қалмауы керек.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбеақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Респібликасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
№ Операциялар мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот Тип
1 2 3 4 5
1 Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға 4230 3230 II
2 Жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы 3230 1030 IV
Басқа да есептелген шығындар есебі
Басқадай есептелген шығындардың есебі «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.
Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп уақыттарды өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады. Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.
• Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына:
Д-т: «Тауарларды сату бойынша шығындар»
«Жалпы әкімшілік шығындары» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
К-т: «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
• Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:
Д-т: «Басқа кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты;
К-т: «Көмекші өндіріс» немесе «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты және тағы да басқа шоттар түрінде жазылады.
Жылдың аяғында пайдаланбаған резервтер сомасы сторна етіледі (шегеріліп тасталады). Сондай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептеледі.
7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
Әрбір субъект міндетті түрде салық комитетінде тіркелуі тиістігін бәріміз білеміз. Мұндай субъектілер республикада қанша? Салық органдарында тіркелетін салық төлеушілер санына ел экономикасының өсуі қаншалықты әсер етті? Осы және басқа да салық салу мен салық есептілігіне байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықты әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Арғын ҚЫПШАҚОВТЫҢ айтып беруін өтінген едік.
– Салық төлеушілер саны жыл¬ма жыл өсіп келеді. Бұл, әри¬не, мемлекетіміз экономикасы өсуінің арқасы. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына салық орган¬дарында 582 937 салық төлеуші салық салу мен салық есептілігіне тіркелген болса, 2005 жылдың 1 қазанында олардың саны 865 311-ге жетті. Өсу 48 пайызды құрады.
Сонымен бірге тізімі ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында орналасқан салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару республика үшін өзекті мәселе болып отыр. Кім бұл тізімге кіреді және одан қалай шығуға болады?
— Соңғы екі жылда салық ор¬ган¬дары әрекетсіз заңды тұл¬ғалар¬ды Қазақстан Республикасы Са¬лық төлеушілерінің мемле¬кеттік ті¬зілімінен шартты түрде шығару бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бүгін олардың саны 72 мыңнан астам.
Шартты түрде корпорациялық табыс салығы туралы декларация¬ны немесе жеңілдетілген декла¬рацияны Салық кодексінде белгі¬ленген оларды беру мерзімінен бір жыл өткеннен кейін бермеген ұйым¬дар шығарылады, бұған аталған декларацияларды беру жө¬ніндегі талаптар қолданылмай¬тын салық төлеушілер қосыл¬майды.
Біз бұл жөнінде бірнеше рет айтқан болатынбыз, алайда бәрібір салық төлеушілерге тағы да салық салу мақсатында шартты түрде шығарылған салық төлеу¬ші¬лер қызметінің тоқтатылатынын және олармен барлық өзара есеп¬тесу күмәнді болып есептелетін¬дігін мемлекеттік тізілімнен шарт¬ты түрде шығару арқылы ескертеміз.
Бірақ әрбір шартты түрде шы¬ғарылған салық төлеуші күшін жоймаған салық төлеуші ретінде барлық қажетті салық есептілігі, бюджетке салықтар мен төлем¬дерді тапсырғанда қайта қалпына келтіріледі.
— Былтыр “бір терезе” қағи¬даты бойынша заңды тұлғаларды тіркеу рәсімі оңтайландырылған болатын. Биылғы жылдың ақпан айында Мем¬лекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында осы қағидат бойынша халыққа қызмет көрсету орталықта¬рын құру туралы тап¬сырма берген болатын. Бұл бағыт¬та салық органдары қандай жұмыс жүргізіп жатыр?
— Расында, өткен жылдың қыр¬күйек айында салық орган¬да¬ры әді¬лет және статистика орган¬дарымен бірлесе отырып, “бір терезе” қағи¬да¬ты бойынша заңды тұл¬ғаларды (филиалдарын, өкіл¬дік¬терін) тір¬кеудің оңтайланды¬рыл¬ған тәртібі енгізіліп, қазір жақсы жұмыс істеп жатыр.
Мұндай орталықтарды құру ақпараттық жүйелерді де құруға алып келеді, оны қазір ҚР ҚМ Са¬лық комитеті іске асырды. Қазір бұл жүйе арқылы салық төлеуші ре¬тін¬де тіркеу туралы куәлік беруге жә¬не халыққа қыз¬мет көрсету орта¬лық¬тары арқылы бюджетпен есеп айырысу туралы анықтама алуға мүм¬кіндік туып отыр. Сондай-ақ элек¬тронды сан¬дық қол қоюы бар тұл¬ғалар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген, оны пай¬даланғанда кеңсеңізден шық¬пай-ақ құжат алу үшін электрондық өтінішті тол¬тырып және жіберіп, құжатты әзірлеу кезеңімен таныса аласыз. Егер ол адамның тиісті түр¬дегі компьютерлік жабдығы бол¬маса, осы мақсатқа әдейі бөлін¬ген “Тер-минал” бағдарламалық қам¬тамасыз ету орнатылған ком¬пью¬терді пай¬далана алады. Сұра¬тыл¬ған құжат¬тың дайын немесе дайын еместігі туралы ақпарат алу үшін орталыққа әдейі¬леп келген аза¬маттар үшін арнайы электрондық экрандар орнатылған, ол жерде құ¬жатты алуыңызға бо¬ла¬тын “терезе” нөмірімен бірге беруге дайын құжаттардың тізімі көрініп тұрады.
— Салық органдары салық төлеу¬шілерді салық есептілігін элек¬т¬рондық түрде тапсыруға жұмыл¬дырып жатқандығы туралы естіп жатырмыз. Сонда салық есептілігін электрондық түрде тапсыратын салық төлеушілердің қандай да бір артықшылығы бар ма?
— Көптеген дамыған елдерде қызмет көрсету мен ақпараттармен өзара алмасу рәсімдері автомат¬тан¬дырылған. Біз де заңды және жеке тұлғалар құжаттармен электрондық алмасуды пайдалану арқылы өз салық міндеттемелерін орындай алатын, оның ішінде салық есеп¬тілігін тапсыра алатын бірқатар ақпараттық жүйелерді әзірледік.
Құжаттармен электрондық алмасудың негізгі артықшылығы:
– салық есептілігін кеңседен шықпай-ақ және тәуліктің кез кел¬ген уақытында тапсыру мүмкінші¬лігі;
– салық есептілігін толтыр¬ған¬да жіберіп алған қатені дер кезінде түзетуге (бағдарламалық қамтама¬сыз етуде салық есептілігін дұрыс толтыруды алдын-ала бақылау қызметі бар) мүмкіншілігі.
Әрине, әрбір жаңалық кімнің болмасын түсінбеушілігі мен кір¬пияз¬дығын тудырады. Сондықтан ҚР ҚМ Салық комитеті егер кә¬дімгі салық есептілігін электронды түрде тапсыратын болса, онда оның мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілетін бұйрық шығарды.
– Соңғы кездері автоматтан¬дырылған камералы бақылау жиі сөз болып жүр. Бұл не – кезекті салық тексеруі ме?
— Біріншіден, салық есептілі¬гінің нысандарын камералы бақы¬лау түрі салық тексеруі болып та¬был¬майтындығын бірден айта ке¬тейін. Бұл тікелей салық органында салық есептілігіндегі қателер мен қайшылықтарды салық тексеруін жүргізбей анықтайтын, керісінше, салық төлеушіге көрсе¬тетін қызмет түрі. Демек, салық тө¬леушілер үшін әкімшілік айып¬пұл¬дар салынбайды. Бұдан тыс, автоматтандырылған камералы бақылау ҚҚС әкімшілік¬тендіруді, оның ішінде “біркүндік” фирмалар мен жалған фирмалар берген жал¬ған шот-фактураларды айқындауды күшейтеді.
Салық есептілігінің нысан¬дарын камералы бақылау бүгінгі таңда тек салық органдары үшін емес, жалпы республика үшін жетістік болып табылады. Тап қазір ЕурАзЭҚ-қа мүше барлық елдердің ішінде мұндай рәсімнің тек біздің елде ғана жүргізіліп отырғанын айта кету керек.
– Сонда мұндай бақылаудың нәтижелері қандай?
— 2005 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салық органдары салық заңнамаларын бұзушылықты өз бетімен жою туралы салық төлеушілерге 93676 хабарлама та¬рат¬ты. Бұл ретте салық төлеушілер салық есептілігінің 39788 қосымша нысандарын өздері тапсырды, яғни жалпы сомасы 536,4 млн. теңге ҚҚС есептелді.
Биылғы жылдың 9 айы үшін салық төлеушілер салық есепті¬лігінде көрсеткен залалдар сома¬сы 12,3 млрд. теңгеге кемітті.
Сондай-ақ салық есептілігін тапсыру мен салықтарды төлеу мәселесіне салық төлеушілердің бәрі бірдей адалдық танытып отыр деп айта алмаймын. Мы¬салы, 2004 жылдың қорытындысы бойынша салық органдары заңды мекен-жайы бойынша жоқ болып шыққан және салық есептілігін пошта ар-қы¬лы не болмаса элек¬тронды түрде “нөлдік” көрсет¬кіш¬термен тапсыр¬ған 2693 салық төлеушіні айқында¬ды. Оның ішіндегі 146 салық төлеу¬ші 2004 жылдың төртінші тоқса¬нында 6875,3 млн. теңге сомасына шот-факту¬ралар берген. Бюджет тек ҚҚС-тан 1100,9 млн. теңге жоғалтып отыр. Қылмыс белгілері анықталған барлық материалдар жедел түрде іс қозғау шешімін шығару үшін қаржы полициясына жіберіледі.
– ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында жалған кәсіпкер деп танылған салық төлеушілердің тізімі орналастырылған. Ол қандай мақсаттар үшін жасалған? Қандай нәтижелер күтіледі?
– Заңды күшіне енген соттар¬дың үкімімен кәсіпкерлік қыз¬мет¬ті жүзеге асыру ниетінсіз жалған кәсіпкерлік құрған бірқатар субъектілер анықталды. Аталған салық төлеушілер тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша жалған шот-фактуралар толтырған. Тек 2003 жылдан 2005 жылдың 1 қыркүйегі аралығын¬дағы олардың жалпы сомасы 3892 млн. теңге, оның ішінде ҚҚС – 584,4 млн. теңге құрайды. Сөйтіп ҚҚС пен КТС бойынша салық салу базасын төмендетіп көрсету жолымен мемлекеттік бюджетке айтарлықтай зиян келтірілді.
Мұндай салық төлеушілердің қылмысты әрекеттеріне байла¬ныс¬ты мемлекеттік бюджеттің зала¬лының алдын-алу мақсатында ҚР ҚМ Салық комитеті салық төлеуші қызметін жалған кәсіпкер деп тану туралы сот актісінің негізінде ҚҚС салық төлеуші куә¬лігінің күшін жоюды көздей¬тін бұйрық шығарды. Сонымен бірге заңды мекен-жайы бойын¬ша өздері жоқ, бірақ шот-фактура толтырып беретін, сондай-ақ айыпталушы ретінде қылмыстық іс қозғалуы тоқтатылған салық төлеушілер бойынша ҚҚС салық төлеуші куәлігінің күшін тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл ретте салық органдары мұндай салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс опера¬циялары тоқтатылып, олардың қызметін жалған кәсіпкерлік деп тану туралы сотқа берілетін талап-арызға бастамашылық жасайды.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;
2. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95 №309;
3. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;
4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;
5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономикс;
6. 13.11.96 ж. ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынылымдары», бухгалтерлік бюллетені, 2003 ж. наурыз, №14;
7. www.google.kz