Несиелік жүйенің құру принциптері
Несиелік жүйенің құру принциптері. Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір принциптер жатыр.
Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің кызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толыктырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі — несиелік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.
Бүгінгі танда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.
Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы -несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі — Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады».
«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.
Бұл принцип — ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.
Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.
Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтін қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.
Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.
АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын — Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін — сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо алдында есеп беріп отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің авто-номдылығының елеулі дәрежесі — экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуел-сіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің ¥лттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.
Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: «Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;
ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді».
Осьшайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
Үкімет әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мө- | шерлемелері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. I Оларды Ұлтгық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.
АКШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия,-
Несие жүйесі 155
Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.