Сабак — оқыту формасынын жетекші түрі
Сабак — оқыту формасынын жетекші түрі. Оқытудың формасы — педагогикалық процестің бір компоненті, ол технологиялык блоктың педагогикалық қарым-қатынастың тәсілі, формасы, әдісі, жолдары, оқушыларга тапсырма, құрамына кіреді. Бұл, мұғалім аталған компонентті қолданғанда, педагогикалық процестің заңы мен заңдылықтарын түсініп, оқыту формасы оның бөлігі екенін сақтау.
Оқыту формасының түрлері: сабақ, практикалық және лабораториялық сабақтар,оқу экскурсиясы, лекция, семинар, өндірістік практика, үй тапсырмасы және т.б.
Оқыту формасына мінездеме:
— ұжымдық және дара оқытуды бірлестікте жүргізу;
— оқушылардың өздік жұмыстарының дәрежесі;
— педагогикалық басшылықтың тәсілдері.
Қазіргі мектепте оқытудың жетекші формасы сабақ (оның типтері және әртүрлігі). Қазір дәстүрлі сабақпен қатар, дәстүрлі емес түрлері: диалог-сабақ, диспут сабақ, сабақ — конференция, сабақ-саяхат, интегративтік сабақ, оқушылардың танымдық белсенділік дәрежесінің жоғарлығымен ерекшеленеді. Сабақ-педагогикалық (оқу-тәрбие) логикалық жүйелеген құрылымдық бөлігі, сыныпта әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, олардың мақсатты түрде ғылым негіздерін меңгеріп, оқушының тәрбиесі мен танымдық қабілетін дамыту, яғни сабаққа педагогикалық процестің барлық құрылымдық компоненті мақсат, міндет, мазмұны, тәсілі, әдісі, жолдары, оқушыларға тапсырма қатысады (Н.Д. Хмель 6,7). Бұл жағдайды тақырыпты және сабақты жоспарлағанда, күнделікті сабақты басқару, оның барысы мен нәтижесіне анализ жасау. Егер сабақтың эволюциясы оқыту формасының пайда болуына көз жіберсек, онда мыналарға сенеміз, өзгерістер мен жетістіктер мақсатты түрде оқушылар ұжымының оқу материалын саналы меңгеру, шығармашылықпен оны пайдалану. Шындығында, оқушылардың іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен өткендіктен, мұғалім іс-әрекетінің объектісін түсініп, қазіргі уақытта педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субъектісі болады.
Үздік мұғалімдердің жетістігінің себептері мұғалімнің оқушылардың белсенді, мақсатты, технологиялық білгір, сабақта шығарашылықпен және сабақтан тыс уақытта оқу тапсырмасын орындауға жағдай жасаған. Дәл қазір ақыл-ойдың көптеген белсенді формасы мен оқушының практикалық оқу іс-әрекеті дидактика теориясында шығармашылық белсендіктің динамикасы қалыптасты. (Скаткин М.Н.)
Бұған дәлел, сабақ оқытудың негізгі формасы:
— сабақ аяқталған, оқу процесінде уақыты белгіленген, оның барысында мақсатқа жетуде нақты міндеттер шешіледі;
— сабақ — сабақ кестесі бойынша, оқу материалының көлемі ықшамды және уақыт аралығында өткізіледі;
— оқушылардың сабаққа қатысуы міндетті, сондықтан олардың білім, дағды, білік, оқу материалын меңгеруге логикалық ойларын қалыптастыруға жағдай жасалған;
— сабақта оқушылар әртүрлі жеке дара, фронтальды, ұжымдық танымдық іс-әрекеттке, оқу-тәрбиенің комплексті міндеттерін шеше отырып жеке тұлғаны дамыту;
— мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы сонымен қатар, оқушылардың өзара араласуы іс-әрекетті ұйымдастыруда оқушылар ұжымын қалыптастырады;
— сабақтағы қарым-қатынаста оқудағы қарама-қайшылықтар шешіліп,жеке тұлғаның белсенділігі, оқуға деген қызығушылығы және т.б. жағымды қасиеттері тәрбиеленеді.