Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары. Оқушылардын ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады. Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады.
Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың дүниетанымын қалыптастырута байланысты оқушылардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу.
Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру — ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты болып табылады.
Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім ойдьщ болмауы адамда формальды түрде деректерді меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана білімді «аудару» және өзіндік сезінген тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына бағыттайтын дүниетаным пайда болады.
Білімді аудару тұрақты сендіру, мінез-құлық мотивтері, принциптері болатын, тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың шарты болып табылады.
Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша білім оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі, олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны -іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру.
И.Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей келе, оқушылдардың өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағдары және білімді пайдалануы сезінуге жол ашады, яғни білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарынын жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет дейді (түсінік, баға, өлшем). Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.
Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық тапсырмаларды бір мезетте қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді.
Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынындай етіп бөлуге
мәжбүр етеді:
— объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру;
— олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
— олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;
— индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу;
— құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;
— өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;
— белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу).
Білімді сенімге айналдыру және дүниетанымды қалыптастыру тұлғаның жалпы бағытта қалыптасуымен яғни іс-әрекет қарым-қатынасының жүйесімен тікелей байланысты. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей баланың жеке тұлғасы оның жүйеде алатын орнымен, жеткілікті адами қарым-қатынаспен, соның ішінде өмірде қойылатын талаптардың дәл сол кездегі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады.
Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы туындайды және сол арқылы жаңа психологиялық сапаларының қозғалыс күші дамиды. Өмірдің шарты оқушы жеке тұлғасының қалыптасуын тікелей анықтамайды, ал оның тәуелділігі сонда, өзара қатынасымыз бен әрекеттерімізде осы шарттармен оқушының өзі болады.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық процесс болып табылады. Бұған тек қана педагогикалық процесте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырғанда ғана жетуге болады. Ол жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім жүйесі, зерттеліп жатқан фактілерге, құбылыстарға тұлғалық қарым-қатынас, тәжірибеде ойластырылған және алынған жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім.
Адамдардың көзқарастары мен сенімдері әрқашан уақытта жеке тәжірибеде ойластырылған. Тәжірибе негізіне сүйене отырып, олар жеке тұлғаның діни әлемін, оның қажеттілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды, сонымен қатар тек қана оқушылардың танымына, сезіміне, еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық және іс-әрекет тәжірибесінде оған белгіленген әлеуметтік-мәнділігін анықтауды және жинақтауды ұйымдастырады.
Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады:
— шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы
және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі;
— тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе
саласына әсерін іске асыру;
— жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және
оқытуда жеке тұлға мен ұжымнын өзара әсерінің органикалық біртұтастығы;
Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен тығыз байланысына негізделген іс-әрекет тәжірибе факторының белсенді қызметі оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың міндетті шарты.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде мысалы, оқушының ішкі позициясындағы бұрын қалыптасқан және қалыптасып отырған әрекеттің арасында, оған деген мұғалімнің қойып отырған талабымен және оны орындаудағы дайындық деңгейі арасында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Өз уакытында пайда болған қарама-қайшылықтың көзін және сипатын ашу керек, тәрбие процесінде оны жеңу жолдарын анықтау — мұғалімнің басты міндеті.