К ӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЛІ СӨЗ
Тағы да айтамыз: әдебиет — с ө з ө н е р і. Ендеше “тіл — әдебиеттің бас мүшесі” (Горький), “сөз — шығарманың негізгі материалы” (Федин) ‘екенін дәлелдеп жатудың тіпті де қажеті жоқ.
Біз өткен тарауда сюжет пен композиция жөнін әңгіме қылдық. Сюжет— орасан мәнді нәрсе, бірақ сюжетсіз шығармалар болатынын білдік. Ол — ол ма, тіпті композициясы ойдағыдай ширап жетпеген тым тәуір шығармалар да бола береді. Ал тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма болған емес және бола алмайды. Демек, сөз өнерінде тілдің атқарар қызметі бәрінен ерекше, бөлек һәм биік.
Сәбит Мұқановтың “Сөз — Советтік Армия” деген өлеңі былай басталады:
Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені,
Жүректің шахтасынан халық оны
Мыңдаған жылдар қазып, кен тасына
Тереңнен әрең барып жетті қолы
Жеткен соң. қолы сөздің кен тасына,
Кен күйінде қазына болмасына
Түсініп, қорытуға әкеп төкті
Мидық мың градустық домнасына .
Бұл жерде ақын тілдің қатынас құралы ретіндегі ролін ғана емес (оны әдебиетшінің “көмегісіз”, лингвистердің өздері-ақ түсіндіре алады), сөз бен ойдың бірлігін айта қалғандай әдемі бейнелеген. Айтты-айтпады, “мидың мың градустық домнасында” құрыштай қорытылып шықпаған сөз, яки суреткердің ой қазанында қайнап шықпаған сөз шын мәніндегі “шығармаға негізгі материал” бола алмайды. Өйткені көркем сөз — көрікті ойдың көрінісі; қ ұ н д ы с ө з қ ұ н а р л ы о й д а н ғ а н а т у а д ы, “ойы нәрсіздің тілі де әрсіз”
(Л. Толстой).
Турасын айту керек, осы шындықты әдебиет сыншылары әрқашан ескере бермейді, өздері талдап, эстетикалық баға бермек болған шығармаларға кейде шамадан тыс сауатты талаптар қояды, “мынау шығарманың конфликтісі осал”, “анау шығарманың композициясы олақ” деген секілді жалпылама түйін-тұжырымдар жасайды. Дұрысында, әдебиет сыншысы әлгілердің бәрінен бұрын шығарманың тіліне, автордың сөз өрнегіне қарауы шарт. Кейде, тіпті, тіл дегеннен тұлдыры жоқ қара дүрсін бірдеңелер мақталып, бәсекеге түсіп, бәйгі алып жатады. Әдебиетті арзан кәсіпке айналдырмау амалын алдымен әдебиет ‘сыншылары ойлауы қажет. “Жер жырт, етік тік, тағы бірдеңе жасап тамақ асыра,— деп еді Лев Толстой,— ‘бірақ жазушы-лықты кәсіпке айналдырушы бол-ма!” Мұны ескеретіндер некен-саяқ. Сонымен, Михаил Шолохов айтқандай, кітап дүкендерін кейде “лайсаң сел” басып ‘кететінін де жасыруға болмайды. Осының бәрі — жазушының шөбер-лігі деген мәселенін, мәтелесі кейде күн тәртібінен қаға беріс қалып қоятыны-ның салдары. Ал шеберлік мәселесі бәрінен бұрын тілден басталатыны дау-
сыз. Демек, к ө р к е м т і л ж а й ы — ә д е б и е т т у р а л ы ғ ы л ы м н ы ң е ң ө з е к т і м ә с е л е л е р і н і ң б і р і.
Сөз — халық қазынасы.
1942 жылдын. февралында Анна Ахматова өзінің “Қайсарлық” деген тамаша өлеңін жазды. Оқып қаралық (аударған Қ. Мырзалиев):
Парасат-ой не боларын сезген ді,
Пайдамызға басамыз біз безбенді
Қабағыңнан қар жауатын күн туды,
Қасарысып қатып қалар кез келді
Қаусап қала, қаусап пана, қаусап бақ,
Қара ормансыз, шаңырақсыз қалсақ та,
Орыс сөзі, сені сақтап калармыз,
Қалмаспыз біз бас сауғалап, жан сақтап.
Мөлдір тілді қоя алмаспыз қан қылып,
Ұрпақ оны айтьш жүрер ән қылып,
Мәңплік’
Өмір мен өлім арпалысқа түсіп жатқан сұрапыл соғыс жағдайында адам баласы, әдетте, тіршілік қамын ойлар болар еді, ажалдан сескенер болар еді. Жок, Анна Андреевна олай етпеген: “қала, пана, бақ қаусап, қара ормансыз, шаңырақсыз қалудан” мүлде қорықпаған, “бас сауғалау, жан сақтау” жайын емес, “орыс сөзін сақтап қалу” қамын, “ұрпақ мәңгілік ән қылып айтып жүретін мөлдір тілді қапияда қан кылып” алмау амалын ойлаған. Бұл, әрине, ғаламат қайсарлық—ерліктің ерлігі.
“Егер,— деп жазды Расул Ғамзатов,— ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!” Бұл, бір жағынан, Ахматованың әлгі ұғымына ұласып жатса, өкінші жағынан, туған тілді пір тұтқан данышпан Тургеневтің атақты ақ өлеңіне тоғысып жатыр: “Туған елдің тағдыры не болар деп қайғырып, шерге бөккен ет-жүрек қан жылаған шақтарда; уайым-күдік молығып, қапалы жүрек долығып, қақ айрылған шақтарда; уа, ұлығатты, құдіретті, адал, дарқан орыс тілі,— сен ғанасың серігім, сен ғанасың тірегім! Сен болмасаң, іш құсама жалғыз ем, ел халінің сыйқы анау,— мен түңілмей қайтер ем? Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме? — Жоқ, әзелде тілі зордың — елі зор, осы ‘сынды асыл тілді абзал халық болмас қор!” (Аударған I. Жарылғапов.) Бұл тамаша түйіндерге Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам — жәндік”,— деген тұжырымын қоссақ, тіл жайында, сөз маңында әрбір тілі бар адам өз бетімен біраз толғана алады. Сондықтан әдебиет теориясына арналған кітаптарда көп айтылатын тілдің қоғамдық мәні туралы, тіл — қатынас құралы немесе тіл — ойлау құралы өкендігі жайлы піікірлерді біз бұл жолы тағы да қайталап жатуды жөнсіз көреміз. Жалғыз-ақ, мынау ақиқатты ескеру артық болмайды. X класс оқушылары орта мектепті бітірерде шығарма жазады. Әрине, олардың әрқайсысы — әр мамандыққа бет алған адам, келешекте қалам қызметінде қалатыны бірен-саран не мүлде жоқ болуы ықтимал. Бірақ, осыған қарамастан, олар нашар шығарма жазса, мұғалім нашар баға қоя-ды. Жоғары оқу орындарына түсерде де оларды дәл осындай сын күтіп тұрады. Ал енді өзі жазушы атанып, өзі жаман жазатындарға не баға қоюға болар еді?.. Осы араға келгенде Р. Рамзатов та қиналған-ды: Біреулер,— депті ол “Дағыстаным” деген кітабында,— басы байыпты ойға толып тұрған соң сөйлемейді, тілі қышыған соң сөйлеңді. Біреулер кекірегі көл-көсір сезімге толып тұрған соң өлең жазбайды… апырмай, солардың не үшін өлең жазбақ екенін айту қиын”.
Әдебиет — ардың ісі. Задында, жазушы атанған адам жаман жазуға арлануы керек. Шолохов өте дұрыс айтқан шын жазушы жүз сөз жазса, бірде-бір сөз жаман не орта болмай, “…тоқсан бесі өте жақсы, қалған бесі жақсы болғанда ғана ғасырымызбен бір дәрежеде тұратын биік шығарма туғыза алады”. Көркем әдебиеттің тілін байыптауға, міне, дәл осы тұрғыдан келуІкерек.
Тіл, сөз жайын тексеретін ғылым үш түрлі: т і л бі л і м і, с т и л и с т и ка және к ө р к е м с ө з т е о р и я с ы. Бұл үш саланы бір-бірінен ажырата білу, әрқайсысының өзіне тән сыр-сипатын айқын тани білу шарт. Олай етпейінше, біздің ең білгір деген ғалымдарымыздың өздері ылғи білгірлік жасай бермеуі мүмкін. Мәселен, елуінші жылдардың орта тұсында Әуезов Мұхтар мен Балақаев Мәулен республикалық баспасөз бетінде әжептәуір айтысқа түсіп, әдеби тіл жөнінде әрқайсысы өз ұғымдарын ұсынып, дәлелдеп, қорғап қатты. Әдетте, айтыс шындыққа апарар, белгілі нәтижеге жеткізер болар еді, жоғарыдағы айтыс ондай ортақ тоқтамға әкеле алмады.Бұл заңды да, өйтені мәеелеге екі ғалым екі тұрғыдан — әдебиетші Әуезов көркем сөз теориясы тұрғысынан, лингвист Балақаев тіл білімі тұрғысынан келді. Академик Әуезов әдеби тілдегі сонылықты, тың суреттер мен жаңа айшықтарды ұнатса, профессор Балақаев сөз тіркестерінің қалыптасқан нормасын сақтауды, әркім әр тарапқа кетпей, ортақ жүйеге түсуді талап етті. Екі тұрғыдан екеуінікі де дұрыс: өзгеше өз машығы болмаса, қаламгерде не қасиет бар? Бірақ өзгеден оқшау көрінем деп, халық тіліне орынсыз эксперимент жасау тағы да ағат. Бұл екі жақты тең ұстамасқа болмайды.
Тілдің жеке адамдардың еркінен тыс туу, қалыпта-су, даму заңы бар. Бір кездегі ым, одан кейінгі үн адамдардың еңбек процесінде туған, адамдардың ойын өрбітер қозғаушы күш болатын. Бірақ тілсіз дұрыс қарым-қатынас жасау мүмкін емес те, қарым-қатынассыз жалпы қоғам болуы мүмкін емес. Үнсіз ым, тілсіз үн — әшейін қарапайым ұғымдар маңында ғана түсінісу, ал өз ара ойласу, пікірлесу, сырласу тек тіл арқылы ғана мүмкін еді. Міне, осы ретпен туған адам баласынын, тілі адам қоғамы дамыған сайын дамып, байыған сайын байып келе жатыр. Тіл заңы — объективті заң.
/Әдеби шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады. Ал әр сөз о баста образдан туған (бұл туралы біз бұрын да айтып өткенбіз.— 3. Қ.), келе-келе көп образдар ұмытылған да, олардан туған сөздер ғана қалған. Сондықтан образды тіл деген ұғымды жаңалық деу қиын. Бұл — әр сөздің табиғи қасиеті. Әңгіме осы қасиетің күллі “құпиясын;”, құбылысын, осынау образдылықтың ішкі сырын, сыртқы сипатын әрі нәзік, әрі терең түсініп, соны қаламгерлік қызметке шебер қолдана білуде жатыр,
Енді біз тілдегі осы түрленулерге біраз көз тоқтатып олардың сөз өнеріндегі шешуші сырларын байқап қараймыз.