АЛМАТЫ — 1 9 7 0 Қазак, ССР Жоғары жэне орта арнаулы. білім министрлігі бекіткен БАСТАУ
Қазақтың әдебиет тану ғылымы туу, қалыптасу дәуірінен өткелі қашан!.. Бұл ғылымды бүгінде жас деуге де болмайды; бұл ғылым қазір жан-жақты даму, үздіксіз өсу, өркендеу кезендерін бастан кешіріп отыр.
Әсіресе қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ойдағыдай. Орта мектепке, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу кұралдарын, түрліше тақырыптарда-ғы арнаулы зерттеулер мен монографияларды өз алдына қойғанда, Қазақ ССР Ғылым академиясының . М.О Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтынын оқымыстылар коллективі жылдар бойы жазып, жарыққа шығарған үш том, яки алты кітап қазақ әдебиетінің тарихын сонау Көне дәуірден бүгінге дейін ғылми жүйеге түсіріп, маркстік-лениндік тұрғыдан байыптауда үлкен роль атқаратыны күмәнсыз.
Қазақтың әдеби сыны да марқайып, кемелденіп алды Көркем творчествоның қандай келелі мәселелері мен нәзік кұбылыстары болмасын, казіргі әдеби сынымыз талдап тексеруге де, тұжырымды түрде қорытуға да әзір.
Осы реттен келгенде, біздің әдебиет тану ғылымындағы әлі күнге кенжелеп келе жатқан сала — ә д е б и е т т е о р и я с ы.
Әрине, мұны соқа тимеген тың десек, ағаттық болар еді Әдебиеттін. тарихы һәм сыны оның теориясымен тығыз байланысты екенін ескерсек, бёлгілі қазақ әдебиет-шілерінің қай-қайсысы болса да, өздерінің келелі зерттеулері мен сын еңбектерінде әдебиет теориясын орағы—— өткен жоқ, оның бір жайы болмаса, бір жайын қозғап байқағаны даусыз. Ал Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев,З.Ахметов сияқты көрнекті ғалымдардың әдеби тіл мен
стиль, көркемдік әдіс пен өлең туралы іргелі зерттеулерінде аса қажет әрі күрделі теориялық мәселелер арнайы тексерілген.
Әдебиет теориясын зерттеу ісі кенжелеу жатыр дегенде біз бұл шындыққа көз жұма қараудан аулақпыз.
Сөйте тұра, республикамыздың жоғары оқу орындары үшін әдебиет теориясынан әлі күнге казақша оқулық жазылмай келгеніне қынжылмасқа болмайды.
Міне, отыз жыл, студент-филологтардың қолында жүрген бірден-бір құрал — профессор Қ. Жұмалиевтің орта мектепке арналған “Әдебиет теориясы” ғана; ал профессор Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” атты кітабы (1940) әр түрлі себептермен жұрт колында жоқ екені мәлім.
Әрине, Қ. Жұмалиев кітабының қазақ әдебиет тануындағы орнын да, тек мектеп оқушылары ғана емес, қалың көпшіліктің эстетикалық талғамын қалыптастыруда ондаған жылдар бойы атқарған ролін де ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда бұл әдебиет теориясының келелі мәселелерін кеңірек және тереңірек зерттеу міндетін күн тәртібінен түсірмейді, қайта бізді сол әрекетке мегзейді.
1961 жылы біз қазақ университеті мен педагогикалық институттардың филология факультеттеріне арнап “Әдебиет тану ғылымының негіздерінен” программа жасаған едік. Ол бірнеше мәртебе басылып шығып, студенттерге жол-жоба сілтеуде аз-кем қызмет атқарып келеді. Бірақ бізге программа ғана емес, сол программалық проб-лемаларды байсалды пайымдайтын, сөйтіп, жоғарыда көрсетілген олқылықтың орнын толтыратын арнаулы еңбек жазу қажеттігін өмірдің өзі таулап етіп отыр.
Біздің зерттеуіміздің тақырыбы, міне, дәл осы мүлдеден туды.
Әдебиет теориясынан жазылған монографиялар, оқулықтар орыс тілінде бірқыдыру. Жоғары оқу орындарында осы кезде пайдаланылып жүрген оқу құралдары, негізінен, Г. Л. Абрамович пен Л. И. Тимофеевтің кітаптары. Бұлардан басқа Л. В. Щепилованың, В. И. Сорокиннің, Ф. М. Головенченконың, И. В. Гуторовтың және басқалардың кітаптарын атап айтуға болады. Ал
Г. Л. Абрамович, Әдебиет тану ғылымына кіріспе, М, 1966; Л. И. Тимофеев, Әдебиет теориясының негіздері, М., 1966.
А. М. Горький атындағы дүние жүзілік әдебиет институтының ғылми қызметкерлері дайындап, жарыкқа шығарған үш томдық “Әдебиет теориясы”* — айтылмыш саладағы ірі адым, іргелі енбек.
Тегінде әдебиет теориясынан жоғары оку орындарына арналып жазылған кітаптардың әрқайсысы әр сипатта болып келеді. Айталық, Г. Л. Абрамовичтың “Әдебиет тану ғылымына кіріспесінде” әдебиет теориясыньщ ең ілкі шарттары мен тұңғыш түсініктері, ең қажетті детальдары мен қарапайым жайлары сараланса,
Л. И. Тимофеевтің “Әдебиет теориясының негіздері” ең алдымен көркем туындыларды, стильдерді, ағымдар мен жалпы әдеби процесті талдап-тексерудің принциптері мен методикасын қарастырады; ал авторлар коллективі жазып шығарған әлгі үш томдық “Әдебиет теориясы” жалпы әдеби дамудың тарихи заңдылығын іздеп табуды көздейді.
Демек, әдебиет теориясынан жазылып, жарық көррен әр кітаптьщ тек өзіне ғана тән осындай ерекшеліктері бар. Бұл заңды да: бірінен-бірі аумай тұратын егіздін, сыңарындай, бір тектес, бірін-бірі қайталай беретін бір типті “Әдебиет теориясын” жасау шарт емес. Мұның өзі, зерттеу объектіміз бір болғанына қарамастан, біз де әдебиет теориясының өзекті мәселелерін тск өзімізше байыптауымыз кажет екенін аңғартады. Бұл — бір.
Екіншіден, орыс тілінде жазылып, жарық көріп жүрген теориялық зерттеулер мен оқулықтардық әрқайсысындағы әр тарап пікірлерді, өз ара айтысқа түсіп, бір-біріне кере қар келіп отыратын түрліше ұғымдар мен түсініктерді өз алдына қойғанда, қазіргі теориялық оқулықтарға айтылып жатқан сындар мен ескертпелер де әр алуан.
Сынаушылардың бірқатары, әсіресе, әдеби теориялық ұғымдардағы схоластикалық, формалистік сипаттарға көбірек назар аударып жүр. Айталық, жазушы С. Антонов профессор Л. Тимофеевтін, редакциясымен шыққан әдеби терминдердің қысқаша сөздігіндегі байланыс (завязка), шарықтау (кульминация), шешім (развязка)
* Әдебиет теориясы, Өзекті мәселелерді тарихи тұрғыдан талдау, 1-том, М, 1962; 2-том, М., 1964; 3-том, М, 1965
** Л. Тимофеед пен Н. Венгров, Әдеби терминдердщ қысқаша сөздігі. М, 1958.
туралы түсініктерді сынға ала келіп, оны Аристотельдің “..бүтіннің басы, ортасы және аяғы болатыны”* туралы тым қарапайымдау қағидаларымен салыстырады да, біздің. жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырдьщ Аристотелі мен екі арамызда сан ықлым дәуір өткенмен әлгі бір ежіктеуден әлі ұзай алмай жүрген “біздің әдебиет тану ғылымының алға жылжуы қандай баяу еді?”* ^ деп күйзеле тақырқайды.
Бұл сынды, әрине, даусыз тұжырым, үзілді-кесілді үкім ретінде қабылдауға болмайды. Мәселен, С. Антонов мысалға келтірген А. Чеховтың “Ит жетелеген әйелінде” шешім жоқ, И. Буниннің “Антонов алмаларында” байланыс та, шарықтау да, шешім де атымен жоқ екен деп, жалпы әдеби шығармалардың сюжеттік желісінде мұндай кезеңдер болатынын жоққа шығару ағат. Сөйте тұра, әдебиеттін, теориясы оның бүгінгі тірі практикалық процесімен тығыз байланыста болуын талап еткен игі ниетке, занды тілекке таласудың да қажеті жоқ.
Әдебиеттің теориясын онын, практикасымен байланыстыру — қиынның, қиыны. Әсіресе дәл осы байланыстын жөні мен тәсілін табу қиын. Дегенмен Лениннін, “казірде теория практикаға айналатын, практика арқылы жанданатын, практика арқылы түзелетін, практика арқылы тексерілетін тарихи кезең туып отырғанын”*** айрыкша ескерткен парасатты байлауына сүйенсек, әдебиет теориясын көркем әдебиеттін, қазіргі практикалық жай-жағдайынан айыра қарамауымыз шарт.
Бұдан шығатын екінші түйін — әдебиеттін, теориялык мәселелерін бірыңғай қисынға ғана айналдырып, оны әлдебір қасаң ереже, кейде, тіпті, қатал заң, ретінде ұсынбай, т е о р и я л ы қ т о л ғ а м д а р ы м ы з д ы ж а з у ш ы л ы қ ш е б е р л і к м ә с е л е с і м е н, қ о ж е т ж а ғ д а й д а қ а л а м г е р л і к ө н е р д і ң, қ и ы н и і р і м д е р і м е н ұ ш т а с т ы р а, к ө р к е м т в о р ч е с т в о н ы ң п с и х о л-
о г и я с ы м е н б а й л а н ы с т ы р а ж ү й е л е п о т ы р у ы м ы з к е р е к.
Осынау егіз-қатар екі талап тұрғысынан әдебиет теориясының негіздері болып табылатын өзекті мәселелерді өзімізше байыптап байқағымыз келеді.
* Аристотель, Поэтика, М, 1957, 62-бет
*х С Антонов Әңгіме хақындағы хаттар. М, 1964, 185-бет ***
В И. Ленин. Шығармалар, А, 26-том, 408-бет