КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ БОЛМЫСЫ МЕН БІТМІӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК СӨЗ ӨНЕРІ
Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, онық өзін анық танып, біліп алған жөн.
Біз әдебиеттің теориясын толғамақпыз. Ал осы әдебиет дегеннің. өзі не нәрсе?
Әрине, ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын — сөз,
асыл сөз деген мағынасы бар екенің, орысша литература деген атаудың латын сөзі (Ііііега) екенін — әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара түсу керектігін айтқанда, біз жұрт алдына мұншалық жадағай, әріпшіл талап қоюдан аулақпыз.
Бірақ мынаған назар аудармасқа бола ма?
Университет аудиториясында емтихан жүріп жатыр Әдебиет тарихынан сабақ беретш тәжірибелі ұстаз алдында жас шәкірт отыр. Арада — стол үстінде бір жапырақ билет: бірінші сауал — Ғабиден Мұстафиннің “Қарағанды” романы.
Ұстаз тыңдайды, шәкірт сөйлейді.
Обалы не керек, шәкірт сөзге кенде кіснің түрі емес, орағыта жосылтып, сілтеп отыр:
—“Қарағанды” — Қарағанды туралы жазылған шығарма Қарағанды болғанда, ол жерден өткен ғасырда Апақ дегеннің алғаш рет көмір тауып алғанын Ғабит Мүсіреп-ов өзінің “Оянған өлкесіңде” айтып өткен болатын. Ал мына кітапта Мұстафин жолдас сол Қарағандының, біздің, дәуірімізде қалай өсіп-өркендегенін, оның бүкіл Одақ көлеміндегі орасан зор көмір алыбына қалай айналғанын жазады. Өндірісте маман кадрлар коллективі ұйымдасып, оның көмір өндірісін одан әрі өркендеткенін айтады. Бұрынғы өндіріс құралдары ат барабан, қолбұран, тәшке болса, кейін техниканың врубмашина, электровоз, көмір комбайны сияқты күрделі түрлері шығып,
қол жұмысы жеңілдегенін баяндайды. Өндірісте бұрын-соңды болмаған ашык шахта қалай пайда болғанын сөз етеді…
Ұстаз шәкіртті ұзақ тыңдады, үлкен төзіммен тыңдады. Сырттай қарағанда, онын, айтып отырғаны өтірік емес: “Қарағанды” романында осындай идеялық мақсат бар екені рас. Алайда дәл осы идея қалай көрсетілді, қандай көркемдік шешім тапты? Бұған әдеби-эстетикалық сауатты жауап жоқ. Сондықтан ұстаз шәкіртті амалсыз бөліп:
— Жә, осы шындық романда калай жинақталған? — деді. Шәкірт аңыра тоқтады:
— Жинақталған?
— Иә, жинақталған… Обобщение деген мағынада ғой.
— Обобщение?
Енді ұстаз таңдана бастады:
— Өзің обобщение, яки жинақтау дегенді түсінбей отырғаннан
саумысың? _
— Сенің әлгі айтқандарың — көркем шығарма емес, техникалық кітаптарда жазылатын жайлар. Әдеби туындыларда бұл шындық жинақтау арқылы көрінуге тиіс. Мен соны сұрап отырмын.
Шәкіртте үн жоқ.
— Шырағым,— деді ұстаз амалсыз қабақ шытып,— сен өзің көркем әдебиет дегеннің не екенін анық білесің бе?
Шәкірт шамданды:
— Түу, ағай, неге білмейін…
— Білсең, айта қойшы: әдебиет деген не?
— Е, оның, не айтатыны бар? Әдебиет деген — әдебиет. Енді екеуі де үнсіз еді…
Амал не, жағдай осындай. Жұрттық бірқатары осы шәкірт секілді, әдебиет дегеннің не екенін, оның өзіне тән ерекшелігі (спецификасы) қандай екенін жете білейді. Оның эстетикалық табиғатын, көркемдік критерийлерін нәзік түсінбейді. Сондықтан олар әшейін долбармен жүреді. Олардың жазушыға қояр талабы — жа-лаң идеялық талап қана. Шығарманы талдау орнына мазмұнын айтады. Онда да, әлгі шәкірт тәрізді, шығарма шындығын адамдар тағдырына байланыстыра қара-майды, шаруашылық шараларына телиді: кітаптан іздейтіні — көмірші емес, көмір; мұнайшы емес, мұнай…
Жоқ, бұған төзуге болмайды. Бұларға әдебиеттің сыр-сипатын, болмыс-бітімін анықтап, талдап түсіндіру қажет-ақ.
Жә, сонымен, әдебиет дегеніміз не: от па, су ма? Шынында да “поэзияны біреу — су десе, біреу — от дей-ді” (Белинский).
Әрине, әдебиет — су да емес, от та емес. Әдебиет — өнер.
Өнердің, түрі көп емес пе: кескін өнері (живонись),
сымбат өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура) т. б. Ал әдебиет қандай өнер?
Ә д е б и е т — с ө з ө н е р і.
Неге?
Негесі — сол, мүсіншінің құралы — саз, суретшінің құралы — бояу, әншінің құралы — үн, бишінің құралы— қимыл болса, әдебиетшінің құралы — тіл. “Сөз — әдебиеттің құрылыс материалы” (Федин).
Қоғамдық сананың айрықша саласы — көркемөнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар қызметі орасан зор. Фиди статуясы, Рафаэль картинасы, Шекспир трагедиясы, Глинка музыкасы, Абай лирикасы мезгіл межелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен, көрген, тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді және сусындатқан үстіне сусындата бермек.
Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз — бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл — көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті түсау екені рас. Бірақ, мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра боп қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де — нақтылық та, заттылық та — бар. Кескін, сәулет, сымбат өнерлері затты, нақты болғанмен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін — бар өнердің басы, “өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), “ең жоғарғы түрі” (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының “өнер алды — қызыл тіл” деген білгір тұжырымы да тегіннен тегін тумаған-ды.
Өнер қадірін білмейтін, оның ішінде сөз өнерін түсінбейтін тоғышарлар жаңа ғана сахнадан көрсетілген комедияны арзан күлкіге, әшейін әзіл-әжуаға сайған сәтте Гоголь ызаға булығып, “Театр табалдырығында”
тұрып айғай салған болатын: “Әзіл-әжуа!.. Әне, театр балкондары мен жақтаулары күңірене теңселіп кетті; тебіренген жұрт бір сәт бір ғана сезімге көшіп, бір адамға айналып, бір туған бауырдай құшақтасып, бір ғана діріл деммен тыныстап, бұдан бес жүз жыл бұрын дүниеден өткен бейтаныс біреуге құшырлана қол соғып, алғыс гимнін азынатып жатқаны анау… Әзіл-ажуа!.. Мұндай “әзіл-әжуа” болмаса, дүниені меңіреу ұйқы жайлар, тіршілік қаңсып, адыра қалар, көңілді мүк басып, балдыр шалар”.
Көркем сөз — құдіретті нәрсе! Оны әзілге саю да, оны әжуалау да — ақылдан кенде пенденін, қылығы. Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар мен дәуір-лерге қараңыз! Парасат дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл мен ой аспанының алып тіреулеріндей қадау-қадау шаншылып тұрып қалған. Олар кімдер? Хан ба, патша ма? Жоқ, білім мен өнер иелері — ғалымдар, жазушылар… Осы ғасырдың нақ басында А. С. Суворин өзінің күнделік дәптеріне былай деп жазды: “Біздің патша-мыз екеу: IIНиколай мен Лев Толстой. Екеуінің қайсысы күшті? II Николай Толстойға түк қыла алмайды, оны тақтан қозғай алмайды, ал Толстой ше: қаһарға мінсе, Николайдың тағын династиясымен қоса теңселтіп, төңкеріп түсіре жаздайтыны күмәнсыз”.
Бұл арада сөз өнерінің адам қоғамындағы аса зор қуат-күші жатыр.
Максим Горький 1912 жылы И. Д. Сургучевқа жазған хатында “Русьтағы ең жауапты және қиын қызмет” — патшаның қызметі емес, әдебиетшінің, қызметі екенін айта келіп, “егер әдебиетші өзін шын мәнінде әдебиетшімін деп сезінсе, тек қана әдебиетші қалпында қалуын” талап еткен болатын. Өйткені әдеби талант деген нәрсе — қолдан жасалмайтын, өзінде жоқ болса, өзгеден қарызға алу мүмкін емес, жер-жаһаннан қанша іздегенмен таптырмайтын нәрсе! “Ақындық оқуы” деген
оқу да жоқ. Сондықтан да біздің коммунистік партия талантты тәрбиелеп өсіруге айрықша төзіммен, лениндік қамқорлықпен қарайды.
СУРЕТКЕР
Әдебиет — өнердін, бір түрі, сөз өнері дедік. Ал өнер жайлы сөз қозғай, сол өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды.
Әрине, бұл — тым күрделі мәселе. Мұны жай-жақты сөз ету творчествоның психологиясын байыптау болып табылады. Ал творчествоның психологиясы — өз алды на жеке пән (предмет). Демек, әдебиеттін, теориясы мен творчествоның психологиясын шатастырмау керек.
Дегенмен суреткер кім, оның қоғамдық тұрпаты, тұлрасы қандай? Талант табиғаты деген не? Мұны жауапсыз қалдыру жәнсіз.
Талант атаулы қашаннан халық құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген. Айталық, қазақ халқы атам заманнан бері қарай ел ішінде ақыны мен әншісін айрықша қадірлеген. Өнер иесін қасиет тұтып, киелі санаған жұрттар да бар. Айта берсек, сонау көне дүниенің аңғырт ұрымы суреткер талантын кейбір таңдаулыларға тартқан кұдайдың сыйы деп білген. “Құдай сыйы” хақындағы ұғым бағзы заман ғана емес, кейінгі дәуірлерде де көп айтылған: біреулер идеалистік астармен көрер көзге өтірік айтса, біреулер әшейін айшықты сөз ретінде лепіріп айтқан. Әйтпесе, талант тасасында тұрған мұншалық құпия сыр да, сипат та жоқ екені ешқандай дә-лел қажет етпейді. Сөйте тұра, суреткер болу үшін адамға тума қабілет, табиғи дарын қажет екенін кім-кім де мойындауға тиіс. Әңгіме сол қабілет пен дарынның қалай тәрбиеленуінде, қалыпт асуында және дамуында жатар болар.
Ақын туралы Евг. Евтушенко былай дейді:
Ақыл-ойға маза-тыным бермеген,
Асыл арман көкірегін кернеген,
Азаматтық ары, қалғып көрмеген,
Адам ғана ақын болмақ орыста1
Өте дұрыс айтылған. Суреткер сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастаған жөн.
Тума көркемдік қабілет кез келген кісіде бар. Олай болмаса, кез келген кісі көркемөнерді де, көркем әдебиетті де жан-жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Дегенмен материалистік эстетика нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талдап, сол арқылы талант табиғатын сипаттайды.
Қандай ерекшеліктер?
Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындырына бейтарап қала ал-
май, тербеле тебірену, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату,— бәрінен бұрын,— ақынға тән қасиет. Ал суреткер,— бәрінен бұрын,— ақын. Бұл ерекшелікті “Гетенің қазасына” деген өлеңінде Баратынский дәл сурёттеген:
Жасыл шөптің тілін ұғып кезінде,
Жапырақтың сәл дірілін сезінген,
Жұлдыздармен жымыңдасқан, ымдасқан,
Жал толқынмен ақылдасқан, мұңдасқан,
Жаратылыс-табиғатпен бір туған
Жан еді ол кеудесіне нұр тұнған.
Одан бүгін қалған адам сыры жоқ!
Мұншалық тамаша эмоция ірі таланттың табиғатындағы аса мағыналы сипат екені даусыз: Данте мен Шекспир, Рафаэль мен Рембрандт, Пушкин мен Толстой, Бетховен мен Чайковский, Абай мен Шевченко — бәрінде де сондай ерекшелік болған.
Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұның танытпақ.
Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял — таланттың серігі. Мұның өзі ой-дан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде, жалпы, әдеби шығарма болуы мүмкін емес. Гегель: “…суреткердің творчестволық фантазиясы — ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы”,* — десе, Ленин де фантазияның барлық творчествоға тән сипат, ұлы қасиет екенін айтқан: “Тіпті, ен, ‘бір дәл ғылымның өзінде де фантазия атқарар роль зор екенін жоққа шығару бекер”…**.
Төртіншіден, интуиция. Мәселен, өлең жазу — есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең—ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.
Бесіншіден, өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да
*Гегель, Шығ., М., 1938, XII том, 43-бет.
** В. И. Ленин әдебиет пен өнер туралы, М., 1957, 31-бет.
күшті, мықты. “Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды” болатынын Ибсен біліп айтқан.
Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа, биікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Бүгінгі буржуазиялық эстетика бұған қарсы, суреткердің. саналылығын емес, сәбилігін жақтайды, өмірдің қайшылығын көрмеуін қалайды.
Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық — еңбек сүйгіштік. Талант — еңбек деп те те-гіннен тегін айтылмаған. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ -жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол — еңбек, диле-танттыққа — халтура. Шын шебер шёберленген сайын кинала, терлей түсуге тиіс. Ал шеберлік шексіз. Бұл туралы әйгілі жапон суретшісі Хокусаи былай деген: “Ал-ты жасымнан-ақайналамнан не көрсем, сонын, бәрінің суретін сала беруге талпындым. Жарты жүз жыл ғұмыр сүріп, көп гравюра жасадым, бірақ біріне көңілім толған жоқ. Құстың, балық пен өсімдіктің дәл түр-тұрпаттары қандай болатынын жетпістің үшеуіне келген соң ғана аздап ұға бастадым. Сондықтан жасым сексенге жетпей өнерім өсіп-жетіліп болар емес. Тек тоқсан жаста ғана күллі дүние құпияларын тереңірек түсіне алсам керек. Өзім жүзге жеткенде ғана өнерім әбден жетілер деп жүрмін, ал егер жарық дүниеде жүз он жыл жасадым бар ма, қаламым тиген жердің бәрі аумаған өмірдің өзі болады да шығады”.*
Сегізіншіден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық — қабілетсіздік, қабілетсіздік — дарынсыздық, дарынсыздық — талантсыздық. “Ең арғы жағы геометрияға да шабыт керек” (Пушкин). Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады. Өйткені нағыз шалқар шабыт, творчестволық құлшыну мен құштарлық, Стани-
^. Ніоисһа, НоЬизаі, Ргае, Агііа, 1956, з. 33.
славский айтқандай, суреткердің өнердегі өзін сүюінен емес, өзіндегі өнерді сүюінен туады.
Суреткер бітімін, талант табиғатын байыптағанда жоғарғылар секілді өнерліге тән жекелеген ерекшеліктерге назар аудара тұра, сайып келгенде, онын, жеке өз басының дара қасиетін, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескінін, дүние танымы мен қоғамдық қызметін, білімі мен мәдениетін ескермеуге тіпті де болмайды.
Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, белгілі бір қоғамдық коллективтің, мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Бұл даусыз шындық! Жалғыз-ақ, осы шындықты әр көзқарастың өкілі әр түрлі түсінуі ықтимал. Мәселен, Хемингуэй. Ол әлгі шындықты мүлде мо- йындағысы келмейді. Оның түсінігінше, қоғам — белгілі бір мемлекеттік жүйеге, белгілі бір үкіметке тәуелді нәрсе. “Менің ойлайтыным,— бәрінсн бұрын өз жайым, өзжұмысымның, жайы,— деп жазды Хемингуэй,— содан соқ семьямның қамы. Қала берсе, көршіме көмектесем. Ал мемлекет дегенде менің, жұмысым жоқ” *. Хемингуэйдің мұнысына құлақ қоймасқа да болмайды. Империалистік Американың, қоғамдық құлқы, Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік мінезі, Хемингуэй айтқандай, “тек қана әділетсіз алым-салыққа” негізделгенін жоққа шығару мүмкін емес. Алайда оның “жазушы да бір — цыган” дей келіп, жазушыны өз топырағынан, өзі өмір сүріп отырған дәуірі мен қоғамдық ортасынан бөліп әкететін қияс байлауы-на қосылу қиын. Керісінше, Хемингуэйден жүз жыл бұрын айтылған Белинскийдің “Ақын,— бәрінен бұрын, адам, содан соң, өз жерінін, азаматы, өз дәуірінін, перзенті” деген қағидалы сөзі — әлгіден гөрі әлдеқайда әділ, дұрыс, әлгіден гөрі әлдеқайда прогресшіл пікір. Демек, тағы да айтамыз, суреткердің, қоғамдық қызметін пайымдау оған тән дүниетаным, күрделі және әр қилы көзқарас мәселесін қоса қозғау болып табылады. Және бұл мәселені қозғау — әшейін игі ниет немесе жалаң белсенділік емес. Бұл мәселені козғау — суреткер тіршілігі мен творчествосының ең түбегейлі мағынасын талдау, керкем әдебиеттін, өмір сүру факторын толғау. Өйткені суреткердің дүние танымы
“Вопросы литературы” журналы, М, 1962, № 10, 177-бет .мен әлеуметтік көзқарасы — эстетиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.
Бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнер тарихына көз жүгіртсек, ренессанстың Боккаччосы мен Микеланджелосы, Дюрері мен Раблесі керек пе, ағарту дәуірінің Бомаршесі мен Хогарты. Гойясы мен Лессингі керек пе, XIX ғасырдың Стендалі мен Делакруасы, Бетховены мен Шеллиі, Домьесі мен Курбесі, Вердиі мен Золясы керек пе, тіпті, өзіміздің отандас халықтардың Пушкині мен Гоголі, Крамскойы мен Репині, Толстойы мен Чеховы, Глинкасы мен Мусоргскийі, Абайы мен Райнисі, Шевченкосы менАбовяны, Горькийі мен Әуезові, Станиславскийі мен Қуанышбаевы керек пе, бәрі бір,— осынау алып суреткерлердің бәрі де ең алдымен өз дэуірінің ұлы, өз қоғамының маңдай алды азаматы, өз халқының Орухани таяныш-тірегі, өз тұсының ең биік арманы мен тілегіне жалынды жаршы болған таланттар. Бұлардың ең асыл мұраты — халық мүддесі.
Ал қазіргі біздің, дәуірімізде, Ленин партиясы, Совет үкіметі мен халық мүддесі ұштасып кеткен жағдайда суреткердің қоғамдық ролі мен орны мүлде ерекше.
Ф. Энгельс бір кезде данышпан Гетенін, өзін “кейде орасан ұлы, кейде ұсақ; кейде еш нәрсеге бас имейтін, мысқылшыл, дүниені талақ ете жаздайтын дана, кейде көлеңкесінен сескенетін, не ‘болса соған риза, күйкі филистер” * деп сынай отыра, суреткердің осы құлқының өзін ол өмір сүрген қоғамдық ортадағы қиындық пен қыңырлықтың кесірінен көрген-ді.
Біз өмір сүріп отырған социалистік қоғамдағы жағдай мүлде басқа. Бүгінде әрбір өнер иесінің творчестволық бітімін оның адамдық, азаматтық келбстінен ажырата қарау мүмкін емес. Әрбір өнер адамынан, бәрінен бұрын, жан сұлулығын, адам-гершілік мінез, мол білім және биік мәдениет талап етеміз. Ө м і р д е б і р х а л д е, ө н е р д е б а с қ а б і р к ү й д е к ө р і н у г е б о л м а й д ы.
Қоғамдық мүддеден аулақ өз жеке қара басының қораш тіршілігінің шеңберінде қалып, тоғышарлыққа түскен актерлерді найзамен түйрегендей сынап:
— Немене? — деп ашуланған еді К. Станиславский.— Сіз өз-өзінен қылтың-сылтың еткен қылжима пасық сах-
К.. Маркс пен Ф. Энгельс, Өнер туралы,М,1967,1 том,508-бет.
17.
наға шығып, адам атаулыға рух беретін, игі қасиет дарытатын дархан сезім мен ой айтсын демексіз бе? Сіз шымылдық сыртында күйкі мещандыққа ғана қауқары жететін қасиетсіз әлдекім сахнаға шыға бере Шекспир-мен бой теңестіріп, бір дәрежеге көтерілсін демексіз бе?
Бұл сөздерде терең мағына жатыр.
Совет жазушыларының Бүкіл одақтық екінші съезін-де Константин Федин Совет әдебиетінің тарихы жазушылардың аға буыны Азамат соғысында қандай ерлік жасағанын, Қызыл Армия сапында қалай тұрғанын, жаңа құрылған жұмысшы мен шаруа мекемелерінде қайтіп қызмет атқарғанын әңгімелеуден басталуға тиіс екенін ескерткен-ді. Совет жазушыларының үлкен ұрпағы, шынында да, революция дауылдарында қалам мен қаруды қатар ұстаған қаһармандар болатын: Маяковский мен Сейфуллин — революционер, Фадеев пен Мұқанов— партизан, Фурманов — комиссар, Островский — жауынгер, Гайдар — солдат, Вишневский — моряк… Бұл биік дәстүр Отан соғысы тұсында одан әрі жалғасып, жаңа сапаға көшкені мәлім.
Ал бейбіт күндерде біздің елдің ішкі-сыртқы тіршілігінде совет жазушылары араласпайтын сала кем де кем. Мұның бәрі с у р е т к е р — қ о ғ а м қ а й р а т-
к е р і екенін көрсетеді. Бұлай болмайтын реті де жоқ. Қаламгерлік іс — қоғамдық іс; көркем әдебиеттің қоғамдық мәнін, әлеуметтік мазмұнын еш нәрсемен салыстыруға да, ауыстыруға да болмайды.