ЫРҒАҚ
— Адал шыным,— дейді Маяковекий,— ямб деген не, хорей деген не,— білген емеспін, білгім де келмейді.
Сонда ол нені білген? “Өлең. атаулының негізі болып табылатын, оның өн бойында ылғи дүрілдеп тұратын ырғақты” ғана білген.
Ырғақ деген не? Ы р ғ ақ, яки р итм (грекше гһуі-то5—шамалас, мөлше-рлес сайма- сай)— қ и м ы л д ы ң, қ ұ б ы л ы с т ы ң, ү н н і ң ж ү йе л і, м е р з і м д і, м ө л ш е р л і қ а й т а л а н у ы. Ырғақ — жасанды емес, табиғи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе: мезгілімен келіп, мерзімімен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктеммен күз, күннің шығуы мен батуы, толқынның жағаға соғуы мен қайтуы,— Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу — түп-түгел ырғақты құбылыстар. Адамның аяқ алысы, жүрек соғысы…— бәрі ырғақ. Міне, дәл осылар секілді, өлең, де, бәрінен бұрын, ырғаққа негізделеді.
Жоғарыда Александр Блоктың “ақын—үндестік ұлы”, ақындық — “сөз бен дыбысты үндестікке әкелу” деген түйінді пікіріне айрықша назар аударуымыз жайдан жай емес. Поэзиядағы ұлы қасиет — үндестік — гармония! Ал сөз бен дыбысты үндестікке әкелетін күш — ырғақ. Владимир Маяковскийдің; “Өлеңдегі негізгі күш, негізгі қуат — ырғақ”,— деуі де сондықтан болса керек.
В. Маяковский өзінің “Өлеңді қалай жасау қажет?” деген көлемі шағын болғанмен, мазмұны терең мақаласында өлеңнің тууын, демек, ақындық өнердің қиын және қызық құпиясын соншалық тартымды толғайды. Әсіресе ақынның Сергей Есенинге арналған өлеңінің тууы айта қалғандай!.. Бұл әңгімесінде де ең, шешуші рольді ақын ырғаққа береді. Оның айтуынша, бәрінен бұрын жазылар өлеңнің ырғағы туады. Өзі сол жаңа ырғақты іштей
қайталап, қолын соның ыңғайымен сермеп, аяғын әуенімен басып, мұрнымен әндетіп келе жатады:
та-ра-ра /ра ра/, ра, ра, ра, ра /ра, ра/
ра-ра-ри /ра ра ра/ ра ра /ра ра ра ра/
ра-ра-ра /ра-ра ра ра ра рари
ра-ра-ра /ра ра-ра/ рара /ра/ ра ра
Біз әлгі мақалада автордың өзі жазған ырғақты аудармай, сол күйінде көшірдік. Осы ырғақты ақын әуелі ешбір сөзсіз міңгірлеп әндете береді. Оның айтуына қарағанда, осынау дүріл-ырғақ әлдебір шалқар теңіздің бұйра толқыны секілді де, болашақ өлеңнің сөздері осының түбінен бетіне қалқып шығып, керегі қалып, керек емесі жоғалып жататын інжу-маржан секілді; ырғақ бірте-бірте сөзге, сөз бірте-бірте өлеңге солай айналатын көрінеді. Мұның мысалын ақын жоғарыдағы сөзсіз ырғақтың әр жеріне енді сөз сыналап, былай көрсетеді.
ра-ра-ра о дүниеге бұратала
Кетіпсіз, не ұшыпсыз ра ра ра ра
Қарыз да, қатын да жоқ, сырахана.
. ра-ра-ра мас емессіз ра ра ра ра
Әр дыбысы бірте-бірте сөзге айнала бастаған осындай әуенді шумақтық әр жолын оңдаған рет қайталау, қайталаған сайын жөндеу нәтижөсінде ырғақтың өлеңге айналатынын Маяковский соншалық шебер талдап, тура соқырға таяқ ұстатқандай түсіндіре келеді де, өлең және оның өлшемі схема арқылы емес, дыбысы “дүрілдеген ырғақты тынысы дірілдеген тірі сөздермен киіндіру арқылы жасалады” деп қорытады. “Ырғақ — өлең жазудың негізгі құралы, ақындық өнердің басты шарты”* екенін бұдан артық дәлелдеу қиын шығар.
Поэзияның пішіні ғана емес, мазмұны да ырғаққа негізделетінін, ал ырғақ адам баласының еңбегінен пайда болғанын, демек, өнерді еңбек туғызғанын Г. Плеханов өзінің әйгілі “Адрессіз хаттарында” әдемі дәлелдейді. Бұған бақсақ, поэзияның ең көне түрі — баяғы бабалар заманындағы адамдардың еңбек үстіндегі қимылына, қимылдан туған ырғаққа негізделіп, әнмен айтылатын өлең: “Алғашқы қауым нәсілдерінде — дейді Плеханов Карл Бюхердің “Жұмыс және ырғақ” деген кітабына сүйеніп,— едбектің әр саласына лайық арнаулы ән болған,
3. Ахметов, Қазақ влеңінік кұрьшысы, А, 1964, 11-бетол
ол ән әрқашан сол еңбек үстіндегі қимылға тән ырғаққа бағынған”*. Сондай-ақ ертеректегі Африка негрлері де ылғи ғана өлеңді әнге, әнді ырғаққа, ырғақты дене қимылына негіздеген: “ескекші ескек ырғағымен әңдетсе, тасушы жүріп келе жатып әндетеді, үй шаруасындағы әйел әнін қол тиірменге қосады”**. Академик Корш көне арабтар тіпті біздің жыл санауымыздан бұрынғы XVI ғасырдың өзінде өлген адамды мұңды-сырлы өлеңмен жерлегенін айтады. Еңбектен туған ырғақ, ырғақтан туған үн, ән мен өлең күні кешеге дейін келген. Еділ мен Жайықтан жағаға кеме тартқан жұмысшылар бәрі бір ырғақпен “Ал әкеттік, ал, ал, әуп!” деп әндетпесе, Крыловтың, аққу, шаян, шортаны секілді, әрқайсысы әр жаққа жұлқып, мүлде күштері қосылмаған да, істері өнбеген. Бұл да болса ырғақ-тың өміршеңдігіне куә.
Қысқасы, ырғақ — өмірде де, өнерде де көп нәрсенің, кілті; өлеңде сөз бен дыбыс үндестігінін, арқауы. Өлеңнің әр сөзі — ырғақты сөз. Өлеңді оқу, тыңдау, түсіну, өлеңге тұшыну, толқу, тебірену—бәрі ырғаққа байланысты. Сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешелігі де ырғақта жатыр. Николай Тихоновтың, жай сөз бен өлеңнің айырмасын жай жүру мен жүгірудің айырмасына салыстыруы тегін емес. Ырғақ тұрғысынан қарағанда, айтты-айтпады, көркем қара сөз адамның жай жүруі секілді болса, өлең жүгіруі секілді екені рас.
Өлеңнің түрін белгілейтін де, негізінен, ырғақ. Сырт көзге поэзиялық шығарманың, сырт пішінінің өзі прозалық шығармадан өзгеше, бөлек: көсте-кесте, тақта-тақта… әр ‘көсте, яки әр тақта — шумақ, әр шумақтың әр жолы — тармақ, әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпасы—бунақ… Әрине, мұның бәрі шартты нәрсе. Мысалы, кестесіз де тақтасыз тұтаса беретін ұзақ-ұзақ өлендер бар. Бірақ бәрібір, шумақтардың жік-жігін ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ—аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ, тармақ бар жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ арқылы ғана ажырата аламыз.
/Қабақ түйіп/ /қара бұлт/ /тұрды сәл-ақ/
/Өте шықты/ /селімен/ /қырды сабап/
* Г В Плеханов, Өнер мен әдебиет, М., 1948, 65-бет. ** Сонда, 64-бет,
/Қөк жүзіне/ /керіліп/ /келе қалды/
/Мәңгі-бақи/ /тозбайтын/ /сырлы садақ/
(І. Мэмбетов _)
Бұл кестеде өлеңнің бір шумағы, төрт тармағы, он екі бунағы бар екенін ежіктеп жату, әрине, артық. Сондай-ақ ‘қазірп қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлерің де көп тәптіштемей, тек кейбір үлгілерін ғана ұсынуды жөн көрдік.
1,
Екі тармақты шумақ:
Сапарға кетсе де енді келмейтұғын,
Қалды ол өзі жыр боп өлмейтұғын.
(Е. Әукебаев )
Үш тармақты шумақ:
Жар демеп ем ешкімді, жар дегіздің,
Суйе білер бір жүрек бар дегіздің,
Өмір бақи қасымда қал дегіздің
(С Сейітов.)
Терт тармақты шумақ:
Туған жерім Тың өлке —
Сарыарқаның сауыры.
Тың өлкенің төрінде
Ақын қыздың ауылы.
(М. Хакімжанова.)
Бес тармақты шумақ:
Елін сүйген ұлдардың
Сөнген талай жанары.
Сонау өткен жылдардың
Көлеңкесі қаралы —
Петропавл қамалы.
(С. Мәуленов.)
Алты тармақты шумақ:
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
(Абай.)
Жеті тармақты шумақ:
Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің.
(Абай.)
Сегіз тармақты шумақ:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған;
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,
(Абай.)
2.
Бір бунақты тармақ:
/Келші құрбым/
/Кешкіғұрым/
/Тау жаққа/
/Сырласайық/
/Бір жасайық/
/Аулақта/
(Қ. Аманжолов.)
Екі бунақты тармақ:
/Аттанып ауыл/ /анадан/
/Оқуға кеттім/ /қалаға/
/Жабыла маған/ /қараған/
/Жалтаңдай кеттім/ /далаға/
(Ғ. Орманов )
Үш бунақты тармақ:
/Кім көрді/ /көктің жерге/ /құлағанын/
/Кім көрді/ /күннің жарық/ /сұрағанын/
/Кім көрді/ /Ақбөпедей/ /қыршын жастың/
/Шомылып/ /қанды азапқа/ /жылағанын/
(И Байзаков )
/ Төрт бунақты, яки көп бунақты тармақ:
/Аруана жаудың/ /қолына түссе/ /ботасын шайнап/ /өлтіріп/
/Қаралы мойнын/ /қайтадан артқа/ /бұрмастай халге/ /келтіріп/
/Жерше тартып/ /отырады екен/ /моншақтап жасы/ /боздаумен/ /Омырауын шерге/ /толтырып/
(Т Айбергенов )
Қазіргі қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлерінің кейбір үлгілері, міне, осындай. Бұлардан басқа да әр алуан аралас шумақтар мен тармақтар бар; олардың әрқайсысын әр ақын өзінше туғызған және туғыза бермек. Бұлардың бәрін қолға шырақ алып іздеп тауып, олардың әрқайсысының буын-бунағын қозғап қарап, әлдебір қисын, не қағида қалыптастырып жатпайтынымызды жоғарыда айттық.
Неге?
Негесі сол,— ондай қолдан жасалған қисын-қағидалар көбіне жасанды, кейде тіпті жалған болып шығады. Өйткені шумақ пен тармақ түрлерінің көбі — шартты зат. Біз, мысалы, Төлеген Айбергеновтың Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтіріп деген сөздерді бір жолға жазғанына қарап бунақтарға бөлдік те, төрт бунақты тармақ деп атадыгқ. Бұл қал-пында, әрине, солай — төрт бунақты тармақ. Бірақ осы сөздерді ақын:
Аруана жаудың қолына тұссе,
Ботасын шайнап өлтірш —
деп, екі жолға бөліп жазса қайтер едік? (Бұл тіпті мүмкін нәрсе; қазақ өлеңінде мұндай өлшем қашаннан бар.) Олай жазылса, әр жолды оқығандағы дауыс соқпасы екеу ғана; демек, әр жол — екі бунақты тармақ. Осы сияқты, Қасым Аманжоловтың біз бір бунақты тармақ деп отырған:
Келші, құрбым,
Кешкіғұрым
Тау жаққа —
деген өлеңінің сөздерін келші, құрбым, кешкіғұрым тау жаққа деп бір-ақ жолға жазып, үш бунақты тармаққа айналдыруға да болар еді ғой. Бұл — бұл ма, тіпті, Абайдың әбден қалыптасып кеткен “Бойы бүлғаңының” үш жолынан екі-ақ тармақ шығарура болады.
Біз мұны айтқанда, әрине, қазақ өлеңіне қайтадан реформа жасағымыз келіп отырған жоқ. Біз мұны айтканда, тағы да қайталаймыз, тармақ та, бунақ та мейлінше шартты нәрсе екенін ескерткен үстіне ескерте түскіміз келеді. Ендеше, мұндай шарттылықты “қисынға” ; айналдырудан тек шартты ереже ғана туады. Ал ережемен ешқандай өлең жазылмайды. Сондықтан осы саладағы тәжірибе мен теория арасын тым алшақтатпау үшін, өлең өлшемін ғылми байыптау мөлшерінен аспаған макұл. Бұл ретте де айтарымыз — ы р ғ а қ.
Иә, байыптау ырғақ маңында болуға тиіс. Ырғақ, ырғақ1 Шумақ, тармақ, бунақ—бәрін туғызып жүрген — ырғақ. Жалпы адам атаулыға ән салдыратын, ақын біткенге өлең. жаздыратын ырғақ.
Тоқтат,
Дүние,
Дабырды
Не керек,
Көңіл
Ескі ой мен .
Тыңдайық жаңа дабылды
Жолдас
Маяковскийден
(С. Мұқанов)
Өлең, өлшемі жөніндегі дәстүрлі ұғыммен келсек, осы шумақта сегіз бунақты төрт-ақ тармақ бар. Бірақ ақын өлеңін әдеттегі жеті буынды шалыс ұйқастын, үйреншікті кестесіне әдейі салмаған, көкейінде пайда болған өзгеше бір жаңа ырғақпен жаңа тақта жасап, оның бетіндегі шумақты да, тармақ пен бунақты да өзінше айшықтаған. Сонда, мысалы, әдетте жалғыз жолға жазылатын Тоқтат дүние дабырды деген бір тармақ-тағы әр сөзді автор айрықша ырғақпен айтып, әр жолға бөліп жазғанда, әр сөз жеке тармаққа айналып қана қоймай, мағынасына ап-ауыр салмақ та қосқан. Бұл — сәтті тәжірибе; мұндай тәжірибе жасау үстінде ақын пайдаланған құрал тағы да — ырғақ.
Адам…
Адам туралы
сөзім бар,
тыңда, жолдас!
Азамат аталмасаң —
өмірде
орның болмас
(Я. Шәкенов )
Мұнда ақын тыңдаушымен емін-ерікін кедесіп, кәдімгідей ауызекі сөйлесіп кеткен де, өлеңінің күллі кестесің сол әңгіме әуенімен құрған. Бұл арадағы шешуші роль де ырғақта тұр.
ЬІрғақта осыншалық қуат қана емес, мінез де бар және ырғақ мінезі — қызық мінез. Өзі өмірден туған ырғақтың өзінен туған өнерге көрсетпейтін “қылығы” жоқ.’ Қажет жағдайда ырғақ поэзиялық желіге сөз көгендеудің орнына көгендеулі сөздерді бет-бетіне ағытып қоя беріп, алыстан “айғайлап қайырып” тұрады. Мұндай ‘ жағдайда сөздер өлең мазмұнын-дағы шындықты, бейнелеңкіреп айтсақ, тунгі көше бойында тізілген электр шамдарындай от тізбегімен емес, мереке күнгі салюттің аспанда маздаған қора-қора шоқтары секілді отты шоғырымен жарқыратып көрсетеді деуге болар еді:
От,
Оқ
Жарқ-
Жұрк.
Гумп-
Гурс,
Шарт-
Шұрт.
Газ,
Тутін
Бұрқ-
Бұрк.
Шап’.
Ат’..
Сарт-
Сұрт!..
Ақ
Алмас
Жалт-
Жұлт!.. “ •
(С. Сейфуллш)
Бұл — “Альбатрос” дастанының “Жауды қудық” деген тарауынан; мұнда — сөз сайын ырғақ, ырғақ сайын ‘ тармақ, тармақ сайын бунақ; ақынның мақсаты — қырғын шайқасты баяндап айту емес, ырғақ арқылы қазқалпында көзге елестету. Өлеңнің құрылысындағы күллі китұркы содан туған. Ал “қитұрқыдан” қисын жасап керегі не?..
Әрі айтып, бері айтқанда, өлең туралы ілімдегі шумақ, жайлы ұғымдар-дың бәрі шартты; өлеңді терең тану үшін оның шумағын санаудын, керегі жоқ, ырғағына қарау керек.
Поэзиядағы ырғақтың жасалу жолы да қызық және әр алуан: кей елең-нің, ырғағы әннен туса, қайсы бірі буынға немесе екпінге негізделеді. Бұл сырды дәлірек түсіну үшін, жалпы дүние жүзілік әдебиеттегі өлең жүйе-лерін бір шолып өтпей болмайды.