ЖҮЙЕЛЕР
Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлендер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі — м е т р и к а л ы қ (грек-ше теігоп — өлшем) өлең жүйесі. Бүл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда — біздің эрадан бұрынғы VIII ғасырда пайда болған да, кейін (б. э б. III ғасырда) латын әдөбиетіне ауысқан.
Грек пен латын тілдеріндегі дауысты дыбыстардың айтылуында екі түрлі (созымды, созымсыз) машық, яки мақам бар. Көне үнді тілі мен қазіргі араб тіліндегі дауысты дыбыстар да сондай. Грек пен латын, араб пен парсы әдебиеттеріндегі өлең жүйесі бұл тілдердегі дәл осы ерекшелік-терден туған.
М е т р и к а л ы қ ж ү й е — ә у е з д і ж ү й е, о н ы ң а р қ а у ы н д а ә н ж а т а д ы. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әнмен айтыл-ған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған. Осыдан келген де өлең өлшемі әр буынды мақамдауға кетен уақытқа (мораға) негізделген: созымсыз буын бір мора, созымды буын екі мора болса, бәрі қосылып күйлі-сазды бунақ құраған. Айталық, бір өлшемдегі бунақтың соңғы буыны созылса (ра-ра-а), басқа бір өлшемдегі бунақтың басқы буыны созылған (ра-а-ра); осыған сәйкес метрикалық жүйенің бірнеше түрлері бар; басты-бастылары — я м б, х о р е й (трохей), д а к т и л ь, а м ф и б р а-х и й, а н а п е с т, а н т и п а с т, б а к х и й, а н т и б а к х и й, а м ф и м а- к р, е к і т ү р л і (көтеріңкі, бәсең) и о н и к, п и р р и х и й, с п о н д е й, т р и м а к р, д и п и р р и х и й, д и с п о н д е й, г е к з а м е т р, п е н т а – м е т р, т р и м е т р, т ө р т т ү р л і п е о н, т ө р т т ү р л і э п и т р и т т. б Әдетте,
әдебиетшілер созымды буынға бір белгі— сызықша ( —\ созымсыз буынға бір белгі — доға () қояды да, әлгілердің әрқайсысының бунағын анықтайды: ямб — хорей —, дактиль —, амфибрахий — ‘ана-пест —… Бірақ біз мұндай пішінпаздықты о бастан онша қол көре қоймағандықтан, бұл жолы да ежіктеп жатқымыз келмейді.
Л. И. Тимофеев жер бетіндегі жұртка мәлім өлең жүйелерін санды (квантитативті) һәм с а п а л ы (квалитативті) екі топқа бөле келіп, метриканы бірінші топқа жатқызыпты *, сірә, бірыңғай дыбыс санаған тым пішіншіл сипатына қараған-ды. Біз де соған қосылып, саннан сапаға қарай ойысқанымыз дұрыс болар.
Орта ғасыр тұсында латын тілі жалпыға ортақ қатынас құралы болудан қалып, тірі қасиеттерінің талайынан айрыла бастағанда, арқауында ән жатқан әуезді өлең жүйесінің де бояуы оңа берді. Енді өлеңдегі ән сөзбен ауыстырылды, дауысты дыбыстардың айтылуындағы созымды мақам үзіліп, көп реттерде келте қайырылатын болды. Басында Батыс Европада басталған бұл құбылыс кейін метрикалық өлең жүйесі бар әдебиеттердің бәріне тарады.
Әр тармағының әні баяулаған әуезді өлеңнің енді ырғағы қоса әлсіреді. Ырғағы әлсіреген өлеңнің өңі бұзылып, өлшемі жоғала бастайтыны мәлім. Міне, дәл осы тұста өлең өлшеміндегі сан сапаға ауысуға тиіс болды.
Метрикалық өлең жүйесіндегі негізгі өлшем — ән; ендігі өлшем не болмақ? Ендігі өлшем — әр тармақты аяғына айрықша ырғақ әкелетін үндестік, дыбыс қайталау; ұйқас осылай туды. Жә, аяқтары ұйқасқан өлең тармақтарының өн бойындағы ішкі өлшем не болмақ? Ішкі өлшем — буын; өлең, жолдарынын, буынын санау осылай туды.
Әр елдер әдебиетіндегі с и л л а б и к а л ы қ (грекше зШаЪе — буын) өлең жүйесінің туу тарихы осындай.
С и л л а б и к а л ы қ ө л е ң ө л ш е м і н д е г і е ң ш е ш у ш і н ә р — с е — б у ы н: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ — бәрі де буынға негізделеді.
Силлабикалық жүйе — бағзы бір әдебиеттерде әшейін өткінші ғана құбылыс. Мәселен, орыс ақындары (С. Полоцкий.
Л. И Тимофеев, Әдебиет теориясының негіздері, М, 1966, 300- бет
А. Кантемир, Ф. Прокопович, В. Тредиаковский т.б.) бұл жүйемен XVI ға-сырдың аяқ жағынан бастап жазды да, XVIII ғасырдың бас жағында силлабо-тоникалық, жүйеге көшіп кетті. Демек, силлабикалық өлең жүйесі екпіні аумалы-төкпелі тілдерде емес, сөз тіркестерінің буын сапалары бір-дей, дыбысталу әуендері ұқсас тілдерде ғана тұрақты. Айталық, ежелден екпін, акцент дегендері көп құбыла ‘бермейтін, құбыла қалған күнде де осылардың, өзін онша бұйым көрмейтін чех, поляк,серб, итальян немесе француз өлендері секілді, қазақ өлеңі де—силлабикалық өлең, (бұған біз сәл кейінірек —буын жайын сөз еткен тұста тоқталамыз.— 3. Қ.).
Квалитативті (сапалы) топтың, силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі — орыс поэзиясындағы Тредиаковский реформасынан (XVIII ғ.) кейін ресми ат алып, айдар таққан т о н и к а л ы қ (грекше іопоз — екпін), яки акцентті (латынша ассепіиз — екпін) өлең. Б ұ л өлеңнің өлшемі — екпін,: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ—бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса, тон-икалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді. Салыстырып көрелік:
Жүрегім, жырым —
сенікі, (8)
Кеңесті далам,
кең далам (8)
Ен далам — анам,
мен — балаң, (8)
Ендеше, қалам
бер маған’ (8)
(/ Жансүгіров )
Я мёряю
по коммуне
стихов сорта, (12)
в коммуну
душа
потому влюблена, (11)
что коммуна,
по-моему,
огрбмная высота, (15)
что коммуна,
по-моему,
глубочайшая глубина. (16)
(В. Маяковский )
Алғашқы шумақ — силлабикалық өлеңнің үлгісі соңғы шумақ — тоникалық өлеңнің үлгісі. Көріп отырсыз, екі шумақ та еркін, авторлардың қалауынша, баспалдақты кестеге салынған: Жансүгіров әр тармақты жолға жазса, Маяковский әр тармақты үш жолға ған. Гәп мұнда да емес.
Гәп екі шумақтың әр тармағындағы буын санында жатыр: силлабикалық өлеңнің әр тармағының барлық буыны бірдей — ылғи сегіз буыннан келіп отырса, тоникалық өлеңнің әр тармағынын, екпін түсетін буындары
ғана бірдей — төрт буыннан келіп отырады да, қалған буындары есептен тыс, яки төрт тармақтың әрқайсысындағы жалпы буын саны төрт түрлі (12, 11, 15, 16). Бірақ әр жолдағы екпін саны бірдей болғандықтан, әлгідей буын ала-құлалығы өлеңді оқығанда онша сезіле қоймайды. Мұның өзі өлеңнің орыс тіліндегі екпін заңына сәйкес жазылғандығынан; сондықтан болса керек, кейде тоникалық жүйені таза орыс өлеңіне тән өлшем деп те есептей береді. Айтты-айтпады, орыс өлеңіндегі тоникалық жүйенің тамыры тереңде жатыр. Байырғы былиналардың,халық әндері мен тұрмыс-салт жырларының бәрінде де тоникалық сипат бар. Дегенмен тоникалық жүйе орыстың жазба поэзиясына Тредиаковский реформасынан кейін заң-ды түрде еніп, өткен ғасырда Пушкин, Лермонтов, Кольцов, кейін Блок, Брюсов т. б. Творчествосында жан-жақты дамыды да, Маяковский тұсында шарықтау шегіне жетті.
Маякоаский өлеңдері орыс поэзиясындағы өзгеше бір творчестволық реформа тәрізді. Ол тониканы тура тотыдай құбылтты, ал құбылтуды (тропты) құдды құлпырту биігіне көтеріп әкетікендей болды. Буынды екпінге, екпін-ді ырғаққа, ырғақты тіп-тіке төңкеріс тынысына ба—ғындырып жібергендей еді. Сөзді тармаққа тізіп, шумаққа қалап жатпады, әр сөзге ап-ауыр ой мен образ, маз мұн мен мағына берді де, өлеңнің өзгеше кестесін “Маяковский баспалдағын” жасап, кетті:
Я
с ношей моей
иду
спотыкаясь
Ползу
дальше
на север
(В. Маяковский.)
Сапалы (квалитативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте тұра екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі — с и л л а б о -т о н и к а –л ы қ өлең. Б ұ л ө л е ң н і ң ө л ш е м і — ә р і б у ы н, ә р і е к п і н. ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ— бәрі де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке алынады. Бұл жүйенің әр бунағындағы екпінді, екпінсіз буындар метрикалық жүйедегі созымды, созымсыз буындарға сыбайлас, сондықтан мұның негізгі түрлері де сол антикалық атаулармөн аталып, белгілері де сол ретпен—екпін түсейтін буынға сызықша (—), екпін түспейтіи буынға доға ( ) қойылып жүр.
Орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлеңнің басты-басты бес түрі бар. Солардың үлгілерін ұсынайық.
Ямб ( —), дыбысталу түрі — вода, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 2, 4, 6, 8, т. с., мысалы: Мой дядя самых чёстных правил…
Х о р е й ( —), дыбысталу түрі — воды, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 1, 3, 5, 7, т. с., мысалы: Мчатся тучи, вьются тучи…
Д а к т и л ь ( — ), дыбысталу түрі — водами, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 1, 4, 7, 10, т. с., мысалы: Мёсяц зеркальный плывет по лазурной пустыне…
Амфибрахий ( — ), дыбысталу түрі — желёзо, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 2, 5, 8, 11, т. с., мысалы: Гляжу как безумный на чёрную шаль…
А н а п е с т ( —), дыбысталу түрі — железа, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 3, 6, 9, 12, т. с., мысалы: Надрывается сёрдце от муки…
Осы үлгілерден-ақ көрініп тұр, бунақ жағынан мөлшерлесек, ямб, хорей — екі буынды, дактиль, амфибрахий, анапест — үш буынды өлшемдер тобына жатады. Әр топтың өзіне тән өзгеше ырғақтары бар.
Сонымен, біздіқ қысқа-қысқа мәлімет бере шолып өткеніміз төрт түрлі (метрикалық, силлабикалық, тоникалық, силлабо-тоникалық) өлең жүйелері. Осылардың қай-қайсысында да .ұйқассыз, яки ақ өлеңдер кездесуі мүмкін. Орыс әдебиетінде, мысалы, Пушкиннің “Борис Годуновы” немесе “Шағын трагедиялары” секілді белгілі шығармалар ақ өлеңмен жазылған болса, қазақ әдебиетінде де бірқыдыру мол кездесетін ұйқассыз өлеңнін, үлгісі ретінде “Ақан сері, Ақтоқтыны” атауға болар еді:
Қыз көзінің жасындай-ақ
Мөлдіретш тізіпті
Бір қадалмас, бір қадалса
Қыз да көзін ала алмас
Отпен ойнап, күйсе — өкінбес,
Іші күлсе, көзі жылап,
Куанышын бір білдірмес, қыздар ай!
Не бағыңа, не сорыңа,
Көрерміз де кезінде .
(Р Мүсірепов )
Бір ескеретін нәрсе — ақ өлең өлшемі, қай әдебиетт кездеспесін, өз алдына өзгеше жүйе жасай алмайды.
Сөйтіп, жалпы өлең жүйелерін жоғарыдағыша бір шолып өткенде, не аңғардық? Қазақ өлеңі — силлабикалық яки буынға негізделген өлең екенін аңғардық. Олай болса б у ы н м ә с е л е с і — қ а з а қ ө л е ң і н і ң қ ұ р ы л ы с ы н б а й ы п т а у д а ғ ы б а с т ы м ә с е л і