ҚҰБЫЛТУ
Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл — қ ұ б ы л т у, яки т р о п (грекше tгороs — иін, иірім)— с ө з д е р д і т у р а м а ғ ы н а с ы н д а е м е с, бұ р —м а м а ғ ы н а с ы н д а қ о л д а н у, ш ы н д ы қ т ы б е й н е л е п, к е й д е т і п т і п е р д е л е п т а н ы т у о й д ы ө з г е р т і п, к е й д е т і п т і ө ң- і н а й н а л д ы р ы п а й т у. Бұл ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылту-дың алғашқы кезеңі — ең қарапайым түрі деуге болар еді.
Задында, суреткер колындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласы-ның танымын байытпақ;’бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады. Демек, троптың ең басты мәні таным тарапында жатыр.
Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ. Мұны білген жағдайда ажарлау секілді құбылту да суреткердің идеялық мақсатына, эстетикалық мұратына қызмет ететін тәсіл екенін тәптіштеп жату артық. Мұны айтып отырған себебіміз,кейбір әдебиет төориясын толғайтын кітаптарда эпитет пен теңеу, метафора мен метонимия әр жазушының таптық көзқарасына лайық, таптық идеясына сәйкес пайдаланылатыны ұзақ-ұзақ әңгіме етіледі. Біздіңше, бұл — ерсі нәрсе. Кез келген сөздің шалғайын серпіп қарап, астында қандай таптық идея жатқанын іздей беру ретсіз. Бұл, керек десеңіз, тілдің жұртқа мәлім таптан тыс табиғатына шәлкес әрекет.
Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулар-дың бірі — а у ы с т ы р у, яки м е т а ф о р а (грекше теtарһога — көшіру)— с ө з м ә н і н ө ң д е н д і р е ө з г е р т і п а й т у,с у р е т т е л і п о ты р -ғ а н з а т т ы н е құ б ы л ы с т ы а й қ ы н д а й т ү с у ү ш і н, а ж а р – л а н д ы р а т ү с у ү ш і н о л а р д ы ө з д е р і н е ұ қ с а с ө з г е з а т қ а н е қ ұ б ы л ы с қ а б а л а у; с ө й т і п, с у р е т т е л і п о т ы р ғ а н з а т -т ы ң н е қ ұ б ы л ы с т ы ң, м а ғ ы н а с ы н ү с т е у, м а з м ұ н ы н т е р -е ң д е т і п, ә с е р і н к ү ш е й т у.
Гималай — көктің кіндігі.
Гималай — жердің түндігі.
(I. Жансүгіров.)
Қыр төсінде мөлдір айдын — ақ, сынап,
Жиегінде жасыл кірпік — жас құрақ.
(Ә. Сэрсенбаев.)
Әйнегі — күн, шатыры — аспан,
Кең дала… Төсі — толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан — Республикам менің!
(Д. Әбілев.)
Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап, әшейін бір жер атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген. Үшінші мысалдағы метафоралар ап-ашық әсірелеумен ұштастырылып, жер мен көктен, ‘күн мен көлден тұтасқан асыңқы бейне жасаған да, ақынның туған республикаға деген махаббаттына, мақтаныш сезіміне өзгеше ажар берген.
Жоғарыда біз бір сөздің ретінде ауыстырудың ұлғайған, күрделі түрі болатынын атап өкенбіз. Күрделі метафора жасаудағы мақсат та — сөзді құбылту арқылы үғымды тереңдету; ой образын үстемелей, өсіре келе оның әсерін күшейту.
Мен — тауда ойнаған қарт Мен бір шарға ұстаған —
марал; Қара балта едім;
Табаным тасқа тиер деп Шабуын таппай кетілдім,
Сақсынып шыққан қиядан.. Қайрасаң тағы жетілдім…
(Махамбет.)
Ақын өзін маралға баласа, маралдың, күллі қасиетін, балтаға баласа, балтаның барлық ерекшелігін еселей төкпектетіп айту арқылы өлеңге де айрықша өкпін, қайсар күш дарытып, оқырманды отты сөз, өр мінезбен би-леп, баурап әкетеді.
Орысым — тағдырласым, Өмірде жан сырласым,
Оқуда әліптесім; Өнерде әріптесім.
(М. Әлімбаев.)
Қазақ ақыны орыстың өзімен тағдырлас екенін атау-мен тынбай әрі нағыз сырлас, әрі әліптес, әрі әріптес екенін үстемелеп айтып, үлкен достықтың сыр-сипатын кеңірек, ұзағырақ толғайды. Бұл арада бір шумақ өлең тү-гелдей ауыстыруға — күрделі метафораға айналып кеткен.
1964 жылдың жазында Алматынын, күншығысындағы тау үстінде көз жасындай мөлдіреп жататын атақты сұлу. Есік көлі қас пен көздің арасында жоқ болды. Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды:
Күйдірген хан мен қазыңды, Жоғалды алтын балдағым,
Күндеген талай патшалар Салып ем көзін лағылдан,
Ұрлаттым гауһар тәжімді! Қапа боп жанды қармадым!
Қай жақтан табам, бәтшағар? Қақты екен қандай қағынған?
Күл-талқан болды шар айнам “Есік” деп жазған бар
Інжуден еді жиегі, таңбам,—
Сұқтанған еді-ау талай жан! Көрдіңдер қайсы ой-қырдан?
Өзегім от боп күйеді. Пері боп ұшты ғашығым,
Дертіне дәт қып төзбедім
Арылдым алтын алқамнан Есігім — есіл асылым,
Жақұтпен үзіп, ойдырған. Түскендей ағып көздерім’..
(Қ. Шацрытбаев.)
Осы өлеңдегі оқыған адамның жан-жүрерін жұлқып-жұлқып қалатын күш пен әсер ақын сәтті іздеп тапқан сұлу метафораларда жатыр. Әр шумақ Есіктің өзі емес, әр түрлі балауын баптайды да жоқтайды: патшалар кие алмаған гауһар тәж бен лағыл көз алтын балдақтан, жиегі інжу шар айна мен жақұттан үзіп ойдырған алтын алқаданайырылу, шынында да, адамның іші күйгендей оқиға. Осының бәрін ақын сіздің ойыңызға ұлғайған ме-тафоралар арқылы ұялата келіп, ең соңында “Есігім— есіл асылым,түскендей ағып көздерім”,— деп зар илегенде сіз де амалсыз аһ ұра жаздайсыз…
Енді мына шумақты оқыңыз:
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз
(/. Жансүгіров.)
Саңлақ ақынның шабыты тау өзеніндей тасыған тұста ауыстырулардағы алшақтық түгіл карама-қарсылықтар да сымға тартқан күмістей сылдырап, керемет келісім табатын секілді: сұлу қыз алтайы түлкіге не кер маралға балана ма, ақ қоянға не ақша нарға балана ма, әрілесе, •• тіпті, бозша байталға балана ма, бәрібір, біздің көз алдымызда жан тебірентер сұлу суреттер ғана тұтаса жайылып, Қыз Жібектің, аңызға айналған көшіндей тізбектеліп өте береді. Біз қараймыз да сүйсінеміз, сүйсінеміз де қараймыз, — көз ала алмаймыз. Бұл да — өлеңдегі ұлғайған метафораның әсері, құбылтудың күші.
Ауыстыру жеке сөздерде немесе сөйлем ішінде ғана ұлғаюмен тынбай, кейде бүкіл шығарманың өн бойындағы бейнелеу тәсіліне көшуі де мүмкін. Мәселен, Горькийдің атақты “Дауылпаз туралы жырында” кәдімгі жай ға-на жаратылыс құбылыстарына тура тірі кісінің мінезі, кылығы, әрекеті беріле — жансыз табиғат жандандырыла суреттеледі: қанатымен толқынды жанап, енді бірде оқтай зымырап бұлтқа еніп, саңқ-саңқ еткен Дауылпаздың қимылы ештеңе емес-ау, тіпті “құс даусынан бұлттар шаттық үнін еститінін… бұлттар төмен сусып, теңізге қонақтайтынын, ән салатынын” қайтерсің? Жә, мынау ше: “Әуе дауылы толқындар тобын балуан құшағына қысып алып, айбарлы ашумен жартасқа лақтырады, тау тұлғалы асқар толқындарды шаңдай шашып, тозаңдай тоздырады”. Қысқасы, бұл шығармада жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген. Құбылтудың (троптың) мұндай түрі—к е й і п т е у (грекше ргоsорорёiа, орысша олицетворение).
Абайдың Лермонтовтан аударған “Теректің сыйы” деген өлеңіндегі бейнелеу тәсілі — түп-түгел кейіптеу: асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынныңайдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқы-рап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы — бәрі де өзен емес, адам мінезіне ұқсайды. Енді бірде Терек Каспиге келіп
—Аптығып асау інің келді, аксақал’
Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал,—
деп айны-қатесіз адамша саудырап сөйлеп тұрса, қартаң Қаспий, қалғыған қалпы, анау әкелген “бұғы мен маралға, адамнан тартып алған көп малға, ер-тоқымы, атымен, қаруымен тұтқындап әкелген ер шеркеске”…— біріне риза болмай ма, кім білсін, “өзін де ашпайды, тіл де қатпайды. Амалы құрыған Терек ақырында:
-Азырқандың, білемін, ақсақал шал,
Тентегіңнің сөзіне құлағын, сал.
Қазақ-орыс қатыны бір сұлуды
Әкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал! —
деп бағанадан бері қимай тұрған аяулы асылын ұсынғанда ғана:
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты…
Каспидің, Абайша айтқанда, “жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күлген” шайтан шалдың одан арғы қылығы мен қимылы да — аумаған адамның мінезі мен әрекеті— керемет кейіптеу.
Кейіптеу — қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл:
Балқытып гүлді деміне, Қызғаншак кыс келді де,
Сүйді жаз әбден беріле: Сілтеді суык қанжарын.
Әкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де,
Өзінің. жылы жеріне…, Қалдырып кетті жан жарын.
(Ә. Тәжібаев.)
Жолшы қазақ — сол казақ Жұлқылайды етектен
Кете берді тепеңдеп, Құлағына сарнайды;
Сол қазақты жел мазақ Қейде алдынан жетектеп,
Ете берсем екен деп; Кейде артынан қалмайды.
(X. Ергалиев.)
Алдыңғы екі шумақта Әбділда әдеттегі кыс пен жазға әдеттен тыс мінез бен әрекет беріп, жансызға жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп әкеткен болса, кейінгі шумақтарда Хамит Бетпақтың беймаза желін құдды тірі кісідей құбылтып, оған кызық-қызық қылықтар жасату арқылы өзі ‘суреттеп отырған шындыққа тағы бір тың шырай береді, шынайы сыр дарытады.
Кейіптеу — ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, п е р н е л е у, яки а л л е г о р и я (грекше аlIеgогіа —пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда әшейін ұғым қал-пында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық, секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды Сәбит Дөнентаев өзінің “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң, атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, әрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу Түлкі аяқ астынан айла та-уып, Арыстан секілді өзінің, де “ауырып” қалғанын, одан әйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, әрең “жазылғанын” айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық — Түлкі, зорлық — Арыстан, қастық — Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көреетілген.
—Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш жоқ, —
Дегенде кораз айтты;:
.—Сенде де ес жоқ
“Кукара-ку” болмай-ақ мен шақырған,
Таң атырып, онсыз жұрт күн батырған.
(А. Тоқмағамбетов.)
Асқардың қораз арқылы пернелеп айтып отырған ұғымы — пәтуасыздық, парықсыздық.
Дүние жүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз. Мысалы, Данте жазған әйгілі “Тәңрінің тәлкегінде” арыстан, тағы мысық, қаншық қасқыр тәрізді аңдар арқылы адамға тән әр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, бірсыпыра бейнеленеді, кәдімгі көркем образдар жасалады. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен — ал-легориялық образдар. Кейде тіпті Фонвизиннің Простаковы мен Правдині, Грибоедовтың Скалозубы мен Молчалині, Гогольдің Ляпкин-Тяпкині мён Собакевичі секілді Майлиннің Мырқымбайы мен Мүсіреповтің Қоңқайы-ның, Мұқановтың Итбайы мен Мүстафиннің Сойдақтісінің аттарының өзі олардың мінез-құлқындағы аллегориялық сипатты нұсқап көрсетіп тұрғандай.
Құбылтудың бір түрі — астарлау, яки с и м’в о л (грекше sутbоIоп — шартты белгі) —бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы — символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар,байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды. Пушкиннің “Анчары” мен Лермонтовтың “Желкені”, Тютчевтің “Фонтаны” мен Блоктың “Әдемі әйел жайлы жыры” — әлгі айтқанымыздай сұлу сыр мен сезімге толы астарлы өлеңдер,
Отырмын теңіз бойында, Соғады толқын шың, жарды
Ойнайды дауыл ойымда. Шертеді көңлім мұқлы әнді.
Достарым қандай көп еді. Көпірген теңіз төңірегім,
Көбісі сонын, жоқ енді. Күрсінбейді жел тегін
. (Ә. Тэжібаев.)
Әдемі өлең! Аз ғымырында әрқашан ақ ылды болу үшін әркім-ақ айрықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында төңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, шүлен шабытпен жырлаған. Бұл өлең — символмен бірге психологиялық параллелизмнің де (бұған кейін тоқталамыз) үлгісі.
Қабағын түйіп құз тас тұр, Шық моншақтап — шыпшып тер,
Төңірегіне парық сап; Сорғалар жасы жүзінде…
Шыңында шулап құстар жүр, Сол құзды көр де — мені көр,
Айнала ұшып шарықтап. Ойға бір шомған кезімде.
Кеудесі жалын қара бұлт
Келеді төніп аспаннан.
Алып құз тас сұп-сұрғылт
Жамылып шапан — боз тұман.
(Қ. Аманжолов )
Адамның көз алдын табиғаттағы бір алуан таңғажайып, тамаша суреттерге толтырып, жанын тебіренте толғандырып әкеледі де, осыдан әркім өзінше түйін түйді-ау деген тұста ақын өзінің түңғиық терең ой үстіндегі қалпын дәл әлгі көк терге түскен қүз таспен салыстыра жарыстырып жібергенде, бұл астардан аңғарылған сыр мен шындық көкейге уыздай ұйып, қонады да қалады.
Құбылтудын, бір түрі — а л м а с т ы р у, яки м е т о н и м и я (грекше теfопутіа — қайтадан атау) — ө з а р а ш е к т е с з а т т а р м е н с е б е п –т е с қ ұ б ы л ы с т а р д ы ң, ө з а р а б а й л а н ы с т ы ұ ғ ы м д а р мен ш а р т т ы с ө з д е рд і ң б і р і н і ң о р н ы н а б і р і н қ о л д а н у. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет. Чехов былай депті: “Сұраншы әйелдің жоқ-жітіктігін ақғарту үшін көп сөз жұмсап, оның бейшара мүскін қалпын қазбалаудың қажеті жоқ, иығындағы өрім-өрім жирен жамылғысын әшейін атап өтсен, жетіп жатыр”. Осынау жирен жамылғы секілді әр нәрсенің бар болмысын бір-ақ танытар шағын деталь — метонимия.
Сөгетін Гомер, Феокритті, Өзі сұлу, өзі ақын.
Оқыды бірақ Адам Смитті… Пікірлері Қантқа жақын
(Пушкин.)
Бұл арада әдеби, не философиялық шығармаларлы көп пікір, ұзақ әңгіме орнына авторлар ғана аталып отыр. Онегин Гомер мен Феокритті сөксе,— олардың дері емес, шығармаларын ұнатпағаны; Адам Смитті оқыса,— оның өзін емес, щығармасын оқығаны. Сондай-ақ Ленскийдің пікірлері Қантқа жақын болса,—’ атақты философтың өзіне емес, дүние танымына жақын болғаны. Бірақ мұның бәрін Пушкин ащы шектей шұбатып жатпайды, алмастыру тәсілімен атап-атап .қана өте шығады.
Үйі мәз боп қой сойды
Сүйіншіге шапқанға.
(Абай)
Болыстың семьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады. Әрине, мәз болған үй емес, үй ішіндегі адамдар екені өзінен-өзі түсінікті.
Қасиетті қабірге қасіретті Герат жас төкті.
(Айбек.)
Автордың айтып отырғаны — Навоидың қазасына Герат тұрғындарының түгел қайғыруы.
Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!
Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!
(М. Мақатаев )
Ақынның тал шыбығы да, кішкентай жүрегі де — өзінің сәби бөбегі; ұғым метонимия тәсілімен шартты түрде әдейі өзгертілген. Кішкене жүрек, бір жағынан, м е г з е у, яки с и н е к д о х а (грекше зупеһсіосһе — арақатысын ашу) тәсіліне де көшіп тұр. М е г з е у — алмастырудың бір түрі — б ү т і н н і ң о р н ы н а б ө л ш е к т і немесе к е р і с і н ш е, ж а л п ы –н ы ң о р н ы н а ж а л қ ы н ы немесе к е р і с і н ш е қ о л д а н у.
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,
Бермек болған айғырдың көзі қайда?
Қөзді көрсең — бересің, тайсаң — танып,
Алдамшы атанғанның несі пайда?
(Абай )
Екі көз де — әр нәрсенің, өзі, әшейін бүтіннін, орнына бөлшек алынып отыр. Бұл тәсіл арқылы кейде кәдімгідей жанды сурёт жасап, түрліше қимылды көрсетуге болады:
Аудитория есігінен буаз портфель бұлт етті де, ізінше ақ жібек шалбар-дың бір балағы мен ақ кенеп ботинка кірді. Бұлардан сәл кейій көрінген сарғыш салом шляпаныңастындағы төртбак адам үнсіз жымиып, күліп келе жатты. (“Өмір ұшқыны ”)
Бұл арадағы мегзеу сөздерге қарап әдеби каһарманның, сырт пішінін, кескін-кейпін ғана емес, жүріс-тұрысындағы ерекшеліктерді қоса аңғарып, оның мінез-құлқын топшылауға да болады.
— Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге калай баруға болады? (Гоголь.)
Синекдоха арқылы адамның орнына оның. сақалы ғана алынған.
Яки жетпіс, яки жүз, Мейлі көктем, мейлі күз,
Яки өтті сексен жыл — Оны қайтсін Бетпақ шөл?
Бәрібір сол Бетпақ түз, Бәрібір сол сұрғылт тұз,
Бәрібір сол сексеуіл Бәрібір сол тентек жел.
(X. Ерғалпев )
Қараңыз,қаптап жүрген синекдоха және әрқайсысы-ақ өз орнында ойнап кеткен. Жетпіс, сексен, жүз… Бетпақдала басынан қанша жыл өткенін ақын, әрине, санаған жоқ және санай алмайды. Сөйтсе де мына мегзеулер біз үшін — нақты ұғым, затты дерек. Көктем бе, күз бе,— бәрібір… Демек, бұл екі мегзеуге қарағанда, Бетпақ шөл — жылдың төрт мезгілінде де және бір жыл емес, мың жылдың төрт мың мезгілінде де міз бақпайтын қу медиен, құла түз. Ақын бір ғана сексеуіл арқылы біздің көз алдымызға Бетпақдаланың, барлық жұтаң табиғатын елестетсе, бір ғана тентек жел арқылы күллі қытымыр, қатал мінезін танытады. Мегзеу тәсілімен аз сөйлеп, көп аңғарту деген осы болады.
Төрт өрме қамшы сарт етті, Топылдап тиген тұяқты
Арғымак, атқып жұлқынды. Тозаңы жердің, өрілді.
Жанары қыздың, жалт етті, Дүйім ел тұрып бұ жақтан
Жарыса желмен ұмтылды. Күледі гулеп көңілді.
(Қ. Шаңгытбаев )
Ылғи ғана әр нәрсенің шеті, бүтіннің бөлегі, көп үғымның аз түйіні: қамшы сарт етті, қыз жанары жалт етті, арғымақ жұлқынып. ұмтылып қалды, тұяқ (әрине, тұяқтар) топылдай жөнелді, тозаң г(әрине, көпше мағынада) өріле берді, көңілді ел (әрине, көп-көп адам) жамырай күліп, гулеп жатты… Иә, ақын әр нәрсенің шетін ғана, бүтіннің бөлегін ғана сараң көрсеткен секілді еді, бірақ біздің көз алдымыз қым-қиғаш қызық қимылға, тұ- тасқан құбылысқа, сан алуан суреткё толды да кетті. Бұ не ғажап?.. Ойлану керек. /
Құбылтудың бір түрі — к е к е с і н, яки и р о н и я (грекше еігопеіа — келемеждеу); тағы бір түрі —м ы с қ ы л, яки с а р к а з м (грекше загһавтоз — масқаралау). Бұлардағы күлкінің сыры, сын мен сықақтың сипаты туралы біз юморлық, сатиралық образдар жайын байыптау тұсында біраз айтқанбыз. Бұл арада кекесін мен мысқылдың сөз ажары мен мағынасын өзгерту, түлендіру қызметіне ғана назар аударып өткен жөн.
—Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
(Крылов — Абай)
Сырттай қарағанда, құмырсқа шегірткенің ала жаздай ән салып, көгалды қуып гөлайттап кеткенін қитықсыз дабылдап, түсініп, өлеңші, әнші есіл ерді кәдімгідей мүсіркеп тұрған секілді. Ал енді осы “мүсіркеудің” астарына үңілсек, мырс-мырс күлкі, келеке тұрғанын кө-реміз. Иронияда, міне, осындай бүркеншік сын, сырты тәп-тәтті болғанмен, іші ап-ащы әжуа жатады; ирония әдеби тілдің түрі мен сырын осылай құбылтады.
“Әй!” деуші ең кеше бұйырып, Аз кунге бөсіп, ісінген
Әйдіктеу қызмет алғанда. Бір күнде даусын тусірген
“Әу!” дейсің бугін иіліп, Лауазым байғус кушіннен!..
Орныңнан тайып калғанда.
А. Тоқмагамбетов.)
Бұл — ешқандай бүркеншіксіз тура айтылған шымыр, ширақ, улы һәм уытты мысқыл, масқара мазақ.
Жұмысы туссе жалтаңдап, Күлгірсумен күні озған,
Жағынып келер жаныңа. Құлқыны арын билеген.
Жұмысы бітсе талтаңдап, Жасанды, жаны қағаздан,
Жоламай кетер маңыңа. Сақтасын құдай сабаздан.
(А. Тоқмағамбетов )
Қысқасы, сарқазм шығарма тіліне қылыш жүзіндей өткір сұс, тиген жерін тіліп түсер тегеурінді күщ бітіреді.
Құбылтулың бір түрі — ұ л ғ а й т у, яки г и п е р б о л а (грекше һурегһоіе — үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі — к і ш і р е й т у, яки л и т о т а (грекше •Шоіез —карапайым, қораш). Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманың әсерін арттыра түседі.
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп ..
(“К,обланды батыр” )
Жер мен көктің арасы түп-түгел ауызға айналып кеткендей… Немесе осы жырдағы:
Жауатын күндей күркіреп, Тозаңынан адасты.
Жаңбырдай тері сіркіреп, Аттың, жолы қазылды.
Құбылып ойнап жер басты. Ұмтылғанда қысыльш,
Жалғаса ұшқан қоңыр қаз’ Бес жүз құлаш жазылды •
деген үлғайтулар да аттың шабысын ақылға сыймайтын әлдебір қиял-ғажайып құбылысқа айналдырып, оқырманды оқыс елең еткізеді.
Ал литота, гиперболаға керісінше, шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты енді құлдырата кішірейтіп көрсетеді:
От орнындай тұяқтан Бір тұтамы қалыпты.
Оймақтайы қалыпты. Жалбыраған жалынан
Етектейін еріннің Жалғыз қарыс қалыпты.
Екі елісі қалыпты. Бір құшақтай кұйрықтан
Қиған қамыс құлақтан Бір уыстай қалыпты.
(“Ер Тарғын”.)
Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері ауыз әдебиетінде, әсіресе батырлар жырында, көп қолданылған. Ондағы мақсат — тыңдаушы жұртқа тосын әсерлер туғызу, оларды кызықтыру, сөйтіп, суреттеліп отырған образды шындықты көңілге ұялату.
Ұлғайту мен кішірейтудің небір қызық үлгілерін казақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерден көруге болады.
Түгестім сапты аяқпен Сырдың, суын,
Он нарға артып жүрмін қыздың. буын
Еншіге атам берген мың, қоянның.
Соғымға сойып алдым барлық туын.
Сырдың суын түгесу, бір қыздың буын он нарға артып жүру, еншіге бір емес, мың қоян алу — адам нанғысыз гипербола болса, мына шумақтағы литота оқыған кісілерді қыран-топан күлкіге қарық қылған-дай:
Қайныма карға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өнім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп;
Алдында қайын атамның қырыңдадым.
Ал мына шумақта гипербола мен литота бірге, аралас жур:
Аспанға алты жерден тіреу қойдым.
Той қылып, мың масаны сонда сойдым.
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым.
Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері -қазақ фольклорының нұсқалы әрі ‘қызық саласы — өтірік өлеңнің тілін құбылтып қана қоймай, оның тура жанрлық табиғатына айналып кеткен.
Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де,— поэзияда, көсем сөздерде (публицистикада), комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда қолданылады. Бұл ретте, Т. Жароковтың “Күн тіл қаттысындағы”;
Қарыңды қағып су қылдым,
Суыңды сілкіп бу қылдым,
Түніңнен таң атқыздым,
Жеріме жұлдыз жаққыздым…
деген тұсты кезінде профессор Жұмалиевтің гипербола деп білуі өте орынды. Сонымен қатар ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі әдебиет-імізде көбіне ә с і р е л е у, яки г р о т е с к (французша ёгоіез^ие— оқыс, оқшау, оспадар) түрінде көрінетінін атап өткен жөн. Әсірелеу де әдебиет пен өнердегі көркемдік тәсіл; мұнда адам немесе адам өмір кешкен ортаның шындығы кейде кісі күлгендей, кейде жан шошыған-дай оқшау халде әдейі өсіріле, не өшіріле суреттеледі. Әдеби тілді құбылту ғана емес, әр түрлі әдеби образдар жасау үстінде әсірелеу тәсілін ұтықты пайдаланған жазушылар көп: Францияда Рабле, Англияда Свифт, Германияда Гофман, Италияда Пиранделло — әсірелеу тәсілін, тіпті, әдеби сгиль дәрежесіне дейін көтерген суреткерлер. Өткен ғасырдағы дүние жүзілік классикада Гоголь мен Гюго немесе Салтыков-Щедрин тілі мен стиліндегі әсірелеудің орны өз алдына бөлек. Осы кунгі орыс әдебиетіндегі әсірелеудің, кейбір үлгілерін
В. Маяковскийдіқ әлемге әйгілі “150000000”, сол сияқты Аңдрей Вознесенскийдің “Оза” поэмаларынан көруге болады. Ал қазіргі қазақ әдебиетіне көз салсақ, Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы юмор мен сатираның оқта-текте шын мәніндегі гротеск сипатына көшіп отыратынын байқар едік. Бір ғана мысал:
Жұман — Алтай-Қарпыққа мәлім тапал адам. Бірақ денесі төртбақ, сом жаралған. Көлденені күректей мұқыл тырнақты саусақтары — келінің сабындай жұп-жуан. Қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай. Салбырай бастаған ұртына дейін табиғи тәртіпті бұзбай-ақ келген бурыл сақал қасқа иектен тайып кеткендей, алқымға барып ұйлығып калыпты да, сақалдан гөрі ұйысып қалған көк шулан жүнге көбірек ұқсап тұрады. Жүзінің басқа мөрі түгел өшуге жақындап, ескі теңгеліктей көмескі тартқан. Бар мінезі — көздерін жартысынан асыра жауып алып, енді етегін көтерместей біржола түйілген қабақта ғана қалған сияқты. (“Оянған өлке”.)
Бір ескеретін нәрсе — ұлғайту мен кішірейту, я болмаса әсірелеу тәсілдерін қолданғанда аса сақтық, шеберлік керек; бұларды олақ қолдану, не болмаса бұлармен орынсыз әуестену жайдақтыққа, жасандылыққа апарады.
Қысқасы, көркем сөзді ажарлап қана қоймай, оны мазмұн жағынан да, пішін жағынан да құбылта құлпыртып, әрқашан “тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізудің,” тәсілдері көптен-көп; жоғарыда солардың кейбіреулерін ғана атап өттік. Айта берсөк, тіпті т а б у (полинезейше іари — бәрін белгімен білдіру), п е р и ф р а з (грекше регірһгазо — қайта айтып беру), э в ф е м и з м (грекше еирһетео — сыпайылап сөйлеу) тағы басқа осылар тәрізді ауыстыру амалдарының, да бір-қыдыру тіл құбылтар мүмкіндіктері бар және ‘бүл тәсілдер, реті кел-генде, кейбір әдеби шығармаларда қолданылған, қолданылып та жүр. Мәселен, ‘баяғыда дәстүрлі ибамен Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қасқырбай, Бәкібай, Қайрақбай деген қайнағаларының атын атауға именген жас келіншектің қамыстан арғы өзеннен су алып қайтқан бет-те қасқыр тартқан қойды ‘бәкімен -бауыздап келгенін ашьш айта алмай, амалсыз табу тәсілімен қамысты — сылдырама, өзенді — сарқырама, қойды —мақырама, қасқырды — ұлыма, бәкіні — жаныма, қайрақты білеме деп өзгертіп, енесіне: “Сылдыраманың арғы жағында, сарқыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, бауыздап келдім”,— дегенін екінің бірі ауызша аңызга айналдырып әкеткені мәлім. Ал жазба әдебиетке келсек, әлгіде ғана өзіміз мысал келтірген “Оянған өлкеде” мынадай диалог бар:
Манадан ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел, асығыс болса да аз кідіріп қарай қалған, Байшегірге алыстан айғайлап:
— Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жөн сілтеп жіберіңізші,— деді.
Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір:
— Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім… Пайғамбардың аулы болса да атын аташы! — деді.
Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір қарап алды да:
— Тәңрі деген, жүзге жиырмасы жетпесе сексен болмайтын ба еді!.. Сексен аулының жігіттерін сұраймын,— деді, енді турасынан тартып.
Қарап отырсақ, осы үзіндідегі табулар автор тіліне де, кейіпкерлер сөзіне де әжептәуір юмор дарытып, ойнақы өң бітіріп, кәдімгідей құбылтып әкеткенін байқаймыз. Ығысын тауып, ыңғайымен қолданған жағдайда перифраз бен эвфемизм де осындай әп-әсем роль атқарары даусыз.