Орбұлақ шайқасы
Орбұлақ шайқасы — XII ғ. 30-жылдарындагы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. 1640 ж. қазақ жерін жорық нысанасы ретінде таңдаған құрылтай шақырды. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы, бұрын қалмақ тұтқынында болған Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1643 ж. Батыр Қоңтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ-қырғыз далаларына қарай қозғалды. Самарқандтан көмек келіп жеткенше оларды қарсы алуға бекінген Жәңгір хан 600 адам жинап, алдынан шықты. Жәңгір ұрыс жүргізуге қолайлы орын деп, Ор аталатын бұлақтан ағып жатқан кішкентай өзеншік маңындағы тау арасына тоқтады. Қарсы жақтың қандай тәсілмен соғысатынын білетін қазақтар тар жырада «ор қазу» әдісіне көшті. Бекіністің ұзақтығы 2,5-3 шақырымға созылды, алдыңғы шебі — кісі бойымен бірдей, соңғы жағы тегіс жазықтық болды. Сөйтіп, жүдырықтай жұмылған қолын үшке топтаған Жәңгір тау шатқалының үш тарабынан тап беруге даяр тұрды. Жар астында жасырынған қауіп бар деп ойламаған жау тар шатқалга кіріп, оңтайлы ойластырылган соғыс әдісінің амалынан 10 мың қолынан айырылды. Ӏзінше Самарқандтан 20 қол әскермен Жалаңтөс батыр көмекке келді. Соның арқасында тоз-тоз болып қашқан жоңғарларды кері қуып тастау сәті түсті. Қазақ жасағынан он есе әскермен жеңіліске ұшырауы Батырдың беделін түсірді. Осы шайқастан кейін қазақ-жоңғар соғысы аз уақытқа болса да тыншыды. Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың және отаншылдықтың өнегесі болып айшықталып қалды.
Пайдаланған әдебиет
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3