ӨЛЕҢ-СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…СӨЗ САРАСЫ
Байқаған боларсыз, тараудың тақырыбы да, тақырыпшасы да Абайдың бір жол өлеңінен туды. Өлең, туралы, шынында, Абайдан асып кім айтар:
Өлең. — сөздің патшасы, сөз сарасы.
Қиыннан киыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Осындай ұлы өнер, піл сүйегінен ойып жасалған ғажайып мүсін секілді “сиқырлы” сұлу өнер болған соң, шығар, әйтеуір, адам атаулы-ның туғаннан өлгенге дейінгі өмірі тек өлең ғана ғой!.. Оны да Абай-дың өзі айтып кеткен:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, .
Дүниеге сәби нәресте келді: бұлданып, жер тепкілеп жылап келді. Үнінде ырғақ бар. “Ырғақ бар жерде өлең бар” (Маяковский). Демек, жас сәби дүниеге жылап келген жоқ, әндетіп, өлең айтып келді. Ес жиып үлгірмеген сәби нәрестенің өзі өлең айтқасын өзгелерге не жорық, енді естиярлар ән салып, өмір түп-түгел өлеңге айналды да кете барды: әлдилеу — ән, әлпештеу — ән, ер жеткізу —ән, қыз ұзату — ән, келін түсіру —ән… Бірі —бесік жыры болса, бірі — жар-жар, бірі — бет ашар…— бәрі ән. Ол — ол ма, адамның өмірі ғана емес, өлімінің өзі өлең: жоқтау — ән, эпитафия — өлең…
Неге бұлай?
Бұлай болатын себебі, өлең яки “поэзия — басым жағымен өмір, құбылыс тегі, нағыз нәзік эфир, ол — өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорыған жамбысы. Поэзия бақшада құлпырған роза гүлін сипатамай-ды, оның дөрекі заттық жақтарын лақтырып тастап, хош иісін, әсем құбылғыш бояуын алады да, осылардан жаратылыстағыдан да әсем өз розасын жасайды. Поэзия — сәбидің күнәсыз ажары, жарқын -жанары, күміс күлкісі, жанды куанышы. Поэзия—көрікті кыз жүзінің ұялшақ, албырт кызғылты, теңіздей, көгілдір аспандай тұңғиық көзінің ынтық-тық сәулесі, әйтпесе оның қара көзіндегі өткір от, мәрмәр иығына төгілген бұйра шашының толқыны, торғын кеудесінің демігіп тыныстауы, күміс үнінің гармониясы, сиқырлы сөзінің музыкасы, тал бойы, сұңғақ сымбатының мінсіз мүшелері, сұлу қозғалыстарының ғажайып сиқыры… Поэзия — қайраты қайнардай балғын жітіттің отты ‘көзі, өрен ерлігі, тентек тегеуріні, аспан мен жерді жалынды құшағына сыйдырмақ болған, өмірдің уы мен балын бір-ақ рет сарқа сімірмек болған тойымсыз талабы… Поэзия — ұйығандай, құйылғандай орныққан, өз еркін ә’бден билеген, өмір үшін жетіккен, тәжірибемен шыныққан, рухани күші теңескен, көңіл көзі көреген, ойға батыл, майданға батыр ер қуаты… Поэзия — қарттың әрсіз көзінің жұмсақ сәулесі, момақан мейірімдей, терең ойдай, бұл өмірден алыстай бастаған әжімді бетінің ерекше нұрлы ажары, қалтырай үзіліп шығар даусының жаны бай, салмақты дыбысы, бәсең айтылар, бірақ әсем айтылар сөздері, сүйіп сөйлер, данышпан сөйлер ажарлы шырайының күлім қағуы… Поэзия — болмыстың берекесі мен мерекесі, күтпеген сәтімізде сирек соғар өмір рақаты; поэзия — үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, ашынған құмарлық сезімінің бораны мен толқыны, шексіз толы махаббат, тәтті қамығу, ләззәт таба егілу, көз жасына көмілу, әлдеқайда, шегі жоққа тарықса да ынтық ата ұмтылу; өмір бақи айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық; барлығын да құшағыма алсам деу, барлығымен біріксем, біте қайнассам деу; ол — жүрегімізді бүкіл әлем ырғағымен бір соқтырар құдіретті пафос; үмітке толы жанарлы ‘көздің алдынан болмыстың ең ғажайып көріністері бүркеусіз үшып өтеді, ал сиқырлы құлақ әлем мен сфераның гармониясын, жер мен аспанның, аспан мен жердің қауышқан, бірін-бірі нұрландырған бар табиғаттың неке жасауына оранып, келісім тапқан құдіретті пафосын есітеді… Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір — поэзия дүниесі, осы кұбылыстардағы құпия қуат, оларға тірілік, ойнақы өмір беретін сырлар — поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия — әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні”*. Өлең — өмір, өмір — өлең екенін бұдан артық түсіндіру мүмкін емес.
Көркем әдебиеттің тілі екі түрлі екені белгілі: а) еркін құрылыстағы тіл, яки п р о з а (латынша (ргоза — тікелей, тура айтылған сөз); б) бел-гілі бір тәртіпке бағынған, тізбекке түскен тіл, яки п о э з и я (грекше роіезіз — творчество). Кейде күллі әдебиетті түгел поэзия деп те қаламыз. Бірақ дәл осы тұста және бұдан былай біздің поэзия дейтініміз — өлеңді шығармалар.
Сонымен, әдеби шығарма атаулының бәрі осынау екі жүйеде — не көркем қара сөз (проза) түрінде, не өлең, (поэзия) түрінде жазылады. Бұған мысал ретінде профессор Жұмалиев кәдімгі жазғы кештің прозалық шығармада (“Қыр суреттері”) бір түрде, поэзиялық шығарма-да (“Күзетте”)» екінші түрде суреттелетінін ** сәтті салыстырған:
Жаздың жайлы кеші. Бойды сергітетін коңыр салқын леп дымқыл тұнық ауада біліне бастаған Зэрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп барады. Жұкалаң, ұзыншақ көп бұлт қызыл сендей болып, батар күнді ентелеп қамап тұр. Қара көк тұңғиық аспан күн батысқа тақаған жерінде қызыл торғындай толқынданып, кейбір жерінде қызулы өрттің жалынындай жайнайды Күннің ақырғы сәулесі түскен тау бастары көлеңке басқан қоңыр жердің алтын шатырындай нұрланып, қызғылттанады. (М. Әуезов.)
Өлеңді шығармада осы кеш, айтты-айтпады, мынадай өзгеше рең табатыны да рас:
Жайқалған жаздың салқын көркем кеші,
Құлпырып масатыдай таудың түсі;
Жұрт үстін қоңыр желмен желпіндіріп,
Көсілген көлегейлеп көлеңкесі.
Көлеңке — көңілді жер, көгал төсек,
Табиғат тамылжытып қойған төсеп;
Отырып осы жерде өңкей жастар,
Комсомол хатшысынан тыңдайды есеп
(А. Тоқмагамбетов )
* В. Г. Белинский, Шығармалар, үш томдык, М, 1948 1-том, 643— 644-беттер.
** Қ Жұмалиев, Әдебиет теорлясы, А , 1960, 153-бет,
Талас жоқ, екі үзіндіде де жазғы кештің әдемі бар, бірақ сол сурет оқырманның көз алдына екі үзіңдіде екі түрлі, екі тәсілмен екі сипатта елестеп тұр. Салыстырып карасақ, соңғы үзіндіде, яки өлеңде белгілі бір тәртіп, жүйе, тізбек, нақыс барын байқаймыз. Сырт түрінің өзінде айрықша сипат — кестелі шумақ бар; оқи жөнелсек, тілді үйіріп, сана-сезімді баурап, желдірте жетелеп әкететін ырғак бар; тіл ғана емес, үнге сән, сұлу макам беретін ұйқас бар… Бұлардың әрқайсысына біз кейін арнайы тоқталамыз; ал бұл арада, жалғыз-ақ, осылардың ‘бәрі жиналып өлеңді шығармадағы образға өзгеше шырай, сыр, әсер һәм күш бітіретінін айтқымыз ‘келеді.
Сөйтіп, өлең — еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі, Абайша айтсақ, сөз патшасы, сөз сарасы. Ө л е ң д е г і ә р с ө з а д а м н ы ң ж а н ж ү й – е с і м е н, к ө ң і л к ү й і м е н, с е з і м т о л қ ы н д а р ы м е н ө з е к – т і ‘б а й л а н ы с т а; ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен бунак та,— бәрі де осыдан туған. Өлеңдегі әрбір тыныс, үн, үзіліс адам жанын жұл-қып-жұлқып та калады, сілкіп-сілкіп те алады. Өлеңнің әр ырғағы мен бунағында көл-көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады. Өйткені өлең-дегі әрбір “дыбыс мәні сөз мәнін әрі толықтырады, әрі ауыстырады” (Лермонтов). Нағыз ақынның қүдірет-күші сондай, ол өзі жазған өлең-дегі “бір ғана образбен, бір ғана сөзбен, қаласа, тіпті бір ғана дыбыс-пен… өмірді өзгеше құбылыс қалпында, қозғалыс үстінде әркімнің көз алдына әкеле алады” (Некрасов). Өйткені нағыз ақын “сөз бен дыбыс-ты үндестікке әкеледі, өйткені ақын — үндестік ұлы. Жә, үндестік деген не? Үндестік — күллі дүние жүзілік күштің келісімі, әлемдік өмірдің әрі мен әсемдігі” (Блок). Бұл ретте, өлең — адам жанын уыздай ұйытып алатын асыл, айшықты сөздердің типтік түрі, тұрлаулы түзілісі.
Сөз сарасы, яғни өлең туралы арнаулы ғылым бар: орыс өлеңі туралы ойлар, айталық, баяғы М. Смотриц кий мен В. Тредиаковский-ден қазіргі В. Жирмунский мен Б. Томашевскийге ұласса, қазақ өлеңі туралы пікірлер кешегі Ш. Уәлихановтан бүгінгі 3. Ахметовке келіп жалғасьш жатыр. Сондай-а’қ әр әдебиеттің өлең зерттеуші-лері бар; бұрын болмаса, бүгін белсеніп шығып келе жатыр. Өлең туралы ғылым осылай туған, осылай қалыптасып отыр. Осыған қарамастан, өзі де өлең, жайын бірсыпыра зерттеген Л. Тимофеев бір жолы “өлең туралы ғылым қазір күмәнсыз дағдарыс үстінде”* деп қалды. Осы тұжырымның өзі, құлаққа қатқылдау естілгенмен, шындықтан да құр алақан емес. Өлең, туралы ілімнің “дәстүрлі түрі аздаған адамдарға ғана арналған тым тар, тұйық нәрсе ретінде тозып біткені”** де рас. Айталык, өлеңнің мазмұнынан гөрі пішінін қызық-тап, қым-қираш схемалар сызу. Ұлысы бар, кішісі бар, жазушысы бар, зерттеушісі бар, схемаға ұрынбай өткендер аз.
Бұл — В. Маяковский салып ‘кеткен ирек***. Мұны салғанда және зерттеуші емес, ақын ретінде, Г. Шенгелидің “ережелерімен, толымды ұйқастарымен, ямб-хорейлерімен жазылған нәрсе дені дұрыс өлең.
Бұл— В.Жирмунский салған алты бунақты дактильдың схемасы ****.
^
Бұл — Б. Томашевский салған пентаметрдің схемасы *****.
* “Вопросы лтературы”, журнал, М, 1962, № 6, 89-бет.
** Сонда.
*** В. Маяковский, Таңдамалы шырармалар, М, 1953, 2-том, 473-бет.
**** В. Жирмунский, Метрикаға кірісп®, Л., 1925, 154-бет. ***** 5. Томашееский, Әдебиет теорияеы, Л , 1925, 79-бет
203
Бұл — А. Квятковский салған тактометрдің схема сы
Бұл—Г. Абрамович салған гекзаметрдің схемасы
:ХХХХ: ІХХХХХ:
:ХХХХ: :ХХХХХ:
:ХХХ: :ХХХ: :ХХХ: :ХХХ:
Бұл— Қ. Жұмалиев салған силлабикалық қазақ өлеңіндегі жеті-сегіз буынды жолдар араласып келіп отыратын жырдың схемасы***.
Мұндай схемалар әдебиеттің теориялық мәселелерін қозғайтын . Л.Щепилованың -кітабында да, тіпті, өлең туралы ілімнің “дәстүрлі түрлері тар, тұйық, тозды” деп сын айтып отырған Л. Тимофеевтің өз кітабында да баршылық.
Схемалар, бір жағынан, өлең танудың таза ілім ретіндегі “тар, тұйық” аясында қажет те шығар. Дей тұрғанмен, осы схемалардың қай-қайсысы болмасын өлеңнің ішкі мазмұнынан гөрі сыртқы пішініне жетелей береді. Ал бірыңғай пішінді қызықтап, бұл “ғылымды” үйреніп, тіпті игеріп алған кісі он жерден “жібі түзу, үні. сұлу өлең жазсын, бәрі бір, ол — поэзия емес” (Брюсов).| Себебі, поэзиялық шығарма схемамен жазылмайды.
Абай аса біліп айтқан:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай боласы?
Асылы, қазақ өлеңі хақында азды-көпті ой айтылып, пікір қорытыла қалған жағдайда Абайдың осы шумағынан туатын түйін әрқашан есте болғаны жөн; өлеңнің теориясы мен практикасының арасы алшақ кетпеуі шарт.
Сондықтан біз өлең тануда қолданылып жүрген жұртқа мәлім дәстүрлі белгілерді (— ^) тек өлең жүйеле-
* А Квятковский Поэтикалық сөздік, М., 1966, 339-бет.
** Г, Абрамович. Әдебиет тану ғылымына кіріспе, М., 1965,1 185-бет. ‘
*** Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы, А., 1960, 170-бет,
рінің таза теориялық мәселелерін пайымдау барысында—үлгі ретінде ғана аздап пайдалайып, одан әрі, әсіресе буын мен ұйқас тұстарында бірыңғай пішіннен туған схемаларды, мүмікіндігінше, орағытып өтуді дұрыс көреміз. Өлең өлшемдерін тексеру үстінде әдебиетші ғалымдар амалсыз ұрынып қалып жүрген кейбір пішіншілдіктен осы жолмен ғана арылуға болатын тәрізді.