Зат есім жасалу жолдары
Зат есім жасалу жолдары
Зат есім негізгі және туынды зат есім, күрделі зат есім болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, куй-ші, ай-лық, жақсы-лық, біл-ім, аялда-ма, бұр-ғы, айт-ыс, куре-к т. б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Олар күрделі зат есім деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, аяқ-табақ, азық-тулік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т. б.
Зат есім тудыратын жұрнақтар.
Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердін көпшілігі қосымша арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен екі топқа бөлініп жүр.
1. Есімдерден (зат есім, сын есім, сан есім т. б.) зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар.
-шы, -ші: етік-ші, ән-ші, балық-шы, аң-шы т. б. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандык, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лык;, шебер-лік, шын-дық, дос-тық т. б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. -шылық, -шілік құранды (-шы+лық, -ші+лік) жұрнағы: егін-шілік, кем-шілік, тір-шілік, айырма-шылық т. б.
-ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша, маңдай-ша т. б. -шық, -шік: ойын-шық, уй-шік, қап-шық т. б. -ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гурс-іл, дір-іл, т. б. Бұл жұрнақ көбінесе еліктеу сөздерге жалғанып, сол кұбылыстың атын біддіреді. -хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-хана, кітап-хана, Қазақ-стан, арба-кеш т. б.
2. Етістіктен зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, тоқы-ма, кес-пе т. б. -ым, -ім, -м: бөл-ім, біл-ім, тый-ым, тоқта-м, байла-м т. б. -қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, суз-гі, ашыт-қы т. б. -ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, бөл-іс, тала-с, тойтар-ыс т. б. -ык,, -ік, -қ, -к: қазы-ық, көр-ік, тукір-ік, тоз-ық, сұра-қ, тіле-к т. б. -ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к, күре-к, жат-ақ т. б. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, сыпыр-ғыш т. б. -ын, -ін: жау-ын, ег-ін, туй-ін, жи-ын т. б. -ыш, -іш, -щ: қуан-ыш, суйен-іш, өкін-іш, қызған-ыш т. б.
-уыш, -уіш: тырна-уыш, еле-уіш, туйре-уіш т. б. -ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен т. б.