Бактериофагтар
Бактериофагтар. 1896 жылы Н. В. Гамалея кейбір бактериялар сүзіндісінің басқа бактериялардың клеткаларын ерітіп (лизис) жіберетін қасиетін анықтады.
Ол топалаң вирусын дистильденген ‘суда ерітіп, оны жаңадан өсірілген топалаң вирусына жұқтырады. Сонда бұл ерітінді жаңадан өсірілген вирусты ерітіп, қүртып жіберген. Мұны бактериофагтар деп атады. Дәлме-дәл аударғанда ол бактерия-ларды «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деген сөз.
Бүдан кейінгі зерттеулер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін, табиғатта толып жатқан бактериофагтардың барлығын анықтады. Бактериофагтардың жеке түрлері белгілі бір бактерияны зақымдай алады. Ол тек ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жойып жібермей, пайдалы түрлерін де жоя алады.
Бактериофагтардың пішіні де алуан түрлі. Олардың кейбіреулері шар тәрізді қосалқы бүтақшалары бар денелер. Кейбір түрлері итбалыққа ұқсайды. Өз бұтақшасымен фагтар бактерия клеткасына бекиді. Олар бактерия клеткаларының іқабығын ерітетін лтізоцим дөп аталатын, фермент бөліп шығарады. Еріген жерге фагтың ішіндегі заттар бактердя клеткасына «енеді де, оның бұтақшасы мен сыртқы қабығы бактерия клеткасының сыртында қалып қояды. Фаг клетка ішіне кірісімен өзінің зиянды әрекетін ти-гізе бастайды. Бактерия клеткасы бұдан кейін ісініп, жарылады да, оданчжаңадан дамыған фаг бөлінга шығып, ол келесі клетканы заікыімдаға кіріседі.
Фагтыіі көбею стадиясының ұзақтығы 30-дан 90 минутқа дейін созылады.
Бактериофагтардың шамасы 40—100 мк-ға тең.
Олардың бактериялар сияқты клеткалық құрылысы болмайды және тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Ол құрғақшылыққа, төменгі температураға, көптеген химиялық уларға төзімді. Бірақ 50%-тік глицерин ерітіндісі бактериофагтарды қырып жібере-ді, ал +80°-қа дейінгі ыстықты олар оңай көтереді. Температура + 100°-қа көтерілгенде бактериофагтар қырылып кетеді. Фагтардың көбеюі небары 30—90 минутқа дейін созылады. Олар табиғатта өте көп тараған. Қазіргі кезде бактериофагтарды медицинада және ветеринарияда кейбір зиянды ауру коздырғыштарға карсы колда-нады.
Сонымен қатар бактериофагтар өндіріске, әсіресе тамақ өнеркәсібіне көп зиян келтіреді. Мәселен, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынатын сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.