Қос өкпелі балықтар

Қос өкпелі балықтар
Қос өкпелілердің бір-біріне өте жақын екі тұқымдасы бар. Оның бірі — тропиктік Африкаға таратн протоптерилер. (Ргоtорtегіdае), екіншісі — Оңтүстік Американың Амазонка өзенінде тараған лепидосирендер (Lеріdоsігепidaе). Бірінші тұқымдасына — протоптерус (Ргоtорtегиз) туысының бірнше түрі, екіншісіне бір ғана туьгс лепидосирен (Ьеріdозігеп) жатады.

Қос өкпелілерге тән белгілері: өкпесінің екеу болуы, желбезектерінің аздап редукцияға ұшырауы және қос қанаттарының нашар дамып, жіңішке талшық түріне айналуы. Неоцератодтарға қарағанда ұсақ келеді. Лепидосиреннің, ұзындығы —125 см, ал протоптерус — 140 см болады.
Бұлар өзендерде және тайыз суларда, кейде мүлде құрғап қалатын шалшық суларда да тіршілік етеді. Протоптерустың тіршілік еткен суы құрғаған кезде, олар су түбін казып шалшыққа еніп, капсуламен қоршалады. Лепидосиреннің денесінің сыртына капсула пайда болмайды. Сөйтіп жазғы ұйқысы бес айға созылады. Протоптерусты қолдан ұйықтатқанда 3—4 жылға дейін тіршілігі жойылмаған. Ұйықтаған кезде тек қана өкпесімен тыныс алады. Жауын көбірек жауған мезгілде оянады. Су түбіндегі омыртқасыздармен, көбінесе өсімдіктермен қоректенеді. Уылдырықтарын шұңқырларға немесе су түбіндегі індерге шашады. Дамуы метоморфозды. Личинкаларында сырткы желбезегі болады. Ол рудимент түрінде ересектерінде де сақталған.
Қос тынысты балықтардың онша кәсіптік маңызы жоқ. Оларды жергілікті халықтар пайдалану үшін ғана аулайды. Бұл балықтардың ерекшелігі жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардың шығу тегі болмаса да, соларға ұқсас көпте-ген белгілері бар. Қос тынысты балықтардың құрылысын және тіршілігін зерттеу, балықтардың қос мекенділерге айналуын түсіндіруде дұрыс жол көрсетеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *