Химиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері

Химиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері. Түрлі химиялық заттар әр түрлі микроорганизмдерге түрліше әсер етеді.

Мәселен, ішшде шіріту бактериялары бар суға алдын ала пептон заты бар шыны капилляр түтікті малса, бірнеше секундтан кейін осы араға бактериялардың барлығы жиналады. Мұндай қүбылысты оң хемотаксис деп атайды. Бұдан басқа теріс хемотаксис болуы мүмкін. Мұнда керісінше, бактериялар жаңағы зат толтырылған капилляр түтігі малынған жерден қашықтап кетеді. Пептон, минерал түздар және фосфор қышқылы тұздары ортада өте аз мөлшерде болса, әдетте оң хемотаксис реакциясын көрсетеді. Ал қышқылдардан сілтілер мен спирттердің әоерінен кеп бактериялар теріс хемотаксис реакциясын көрсетеді.
Орта реакциясы. Химиялық факторлардың ішінде орта реакциясының айта қаларлықтай маңызы бар. Шынында ортаның қышқылдығы немесе сілтілігі ерітіндідегі бос күйінде кездесетін сутегінің жәие гидроксил иондарының концентрациясына байланысты. Соларға байланысты клеткадағы ферменттердің әсері де өзгереді, зат алмасу процесі де тұрақты болмайды.
Микроорганизмдер белгілі дәрежедегі қышқыл немесе сілтілі ортада көбейіп, дами алады. Көптеген бактериялар үшін ең қолайлы орта — нейтральды немесе шамалы сілтілі, ал зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтар үшін — шамалы қышқылды орта қолайлы болып есептеледі. Әдетте, ортаның реакциясы рН Фаңбасымен белгіленеді. рН жетіге жетпегенде қышқылды, ал одан артқанда сзлтілі болады. Микроорганизмдердің әр түрлерінің қан-дай ортада жақсы дами алатынын мына таблицадан байқауға болады (5-таблица).
Егерде ортаньщ реакциясы оптимальды болмаса, бактериялардың тіршілігі де тежеледі. Мәселен, сүрлемдегі сүт қышқылы бактериялары ашу барысында ортаны қышқылдандырады. Бұл
5-таблица Кейбір микроорганизмдер үшій рН-тың оптимальды көрсеткіші

кезде шіріту бактериялары тіршілік ете алмай қырылып қалады. Бұдан кейін ортадағы рН көрсеткіші одан әрі төмендегенде алдымен сүт қышқылы стрептококкалар, кейіннен таяқша тәрізді бактериялар қырылады. Кейде ортаның реакциясын өзгерту аркылы ашу процесінің бағытында өзгертуге болады.
Лабораториялық жағдайда микроорганизмдер үшін қоректік орталар даярлауда рН көроеткішінің зор маңызы бар. Мәселен, ауру қоздырушы — патогенді бактериялар үшін мөлшері 7,0— 7,6, ал саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқүлақтары үшін — 3,0—6,0 шамасында болуы тиіс.
Микроорганизмдердің споралары, олардың вегетативтік клеткаларына қарағанда, ортаның — реакциясының өзгеруіне төзімді келеді. Кейбір микроорганизмдер тіршілік әрекеті кезінде түрлі органикалық қышқылдар түзеді. Бірақ осындай қышқыл ортада басқа қолайсыз факторлардың әсері күшейе түседі. Мәселен, қыздырған кезде белоктар көбінесе қышқыл ортада тезірек үйиды.
Микроорганизмдердің өсіп дамитын ортасының реакциясын қажетті бағытқа ыңғайлап, өзгерте алатын қабілеттері бар. Бұларға, мәселен, ашытқы саңырауқүлақтар жатады. Әдетте қышқыл ортада ашытқы саңырауқұлақтар спиртті ашу процесін жақсы жүргізеді. Егерде олар шамалы қышқылды немесе сілтілі ортаға кез келсе, онда спирттің орнына ортада сірке қышқылы түзіледі. Тек ортаның реакциясы қолайлы болған жағдайда ғана спирт пайда бола бастайды. Жалпы ортаның реакциясын өзгерте отырып, ми-кроорганизмдердің пайдалы тобының тіршілігін жақсартып, зиян-дыларының әрекеттерін тежеуге толық мүмкіндік болады.
Ортаның химиялық құрамы. Микроорганизмдер тіршілігінде ортаның химиялық қүрамының маңызы зор. Бүлай болатын себебі ортада микроорганизмдерге қажетті заттармен бірге, зиянды улы заттардың да болуы мүмкін. Олар клеткаға еніп, цитоплазмамен байланысып, осының нәтижесінде микроорганизм ‘клеткасының тіршілігін жойып жібереді,
Бүл заттардың улылық әсері ерітіндідегі олардың концентрациясы мен ерітінді температурасына, олардың әсер ету мерзіміне және микроорганизмдердің түріне байланысты. Әлсіз ерітінді микробтар тіршілігін өршітуі де ықтимал, ал күшті ерітіндіде микрсь организмдердің тек вегетативті денелері ғана қырылады, концентрациялы ерітінділер спораларды да қырып жібереді. Белгілі бір химиялық қосылыстың өзі әр түрлі микробтарға түрліше әсер етуі мүмкін. Кейбір металдар ерітіндісі белгілі бір микробтарды қыра алатын болса, қалғандарына тіпті әсер де ете алмайды.
Микроорганизмдер тіршілігін жоятын улы заттардан ауыр металдардың тұздарын (сынап, күміс т. б.) атап өтуге болады. Сонымен қатар ауыр металдар (күміс, мыс, мырыш т. б.) және хлор, йод, сутегінің асқын тотығы, мырыш қышқыл калий, күкіртті газ, күкіртті қышқыл, көміртегі тотығы және көмір қышқыл газы, спирттер, органикалық қышқылдар және басқа да заттар иондары да микроорганизмдерге күшті әсер етеді. Практикада бұл заттарды антисептиктер деп атайды. Әр түрлі антисептиктердің микроорганизмдерге қолайсыз әсері олардың ортадағы концентрациясына және әсер ету уақытына, температура мен ортаның реакциясына байланысты.
Қазір антисептиктер медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен үйлерді, құралдарды және аспаптарды залалсыздандыруға болады. Міне микробиологияда осы антисептиктермен өңдеуді дезинфекциялау деп атайды. Дезинфекциялаушы заттар ретінде карбол қышқылын, формалинді, хлорлы Ізбесті, крезолды және күкіртті газды қолданады. Сұйық антисеп-тиктерді дезинфекциялаушы затқа бүркеді, ал газдарды — ыстау жолымен қолданады. Қолдану мөлшері әр түрлі антисептик үшін түрліше болады. Мәселен, карбол қышқылының 2—5%-тік ерітінді-сі бактериялардың басым көпшілігінің қырылып кетуіне себепші болады. Бұл мақсатқа формалиннің бір проценттік ерітіндісі де қолданылады. Антисептиктермен әсер еткенде микробтардың кейбір түрлері бірден қырылып кетпейді. Оның микробтарды жойып жіберудегі әрекетін арттыру үшін температураны көтеру қажет.
Соңғы жылдары тағамдарды консервілеуге, ауыл шаруашылық зиянкестеріне қарсы қолданылатын көптеген антисептиктер ұсынылды.
Микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне, ерітіндідегі түздың концентрациясының да әсері зор. Тұз концентрациясы күшті болса, ортаның ылғалды болуына қарамастан микроорганизмдер тіршілік ете алмайды. Мәселен, ортадағы астүзының мөлшері 3% болғанда көптеген микроорганизмдердің көбеюі тежеледі. Тұздың әсеріне, әсіресе шіріту және сүт кышқылы бактериялары төзімсіз келеді. Ортадағы тұз мөлшері 10% болғанда, бүл бактериялардың тіршілігі мүлде жойылады.
Тағамда әр түрлі уларды түзетін, сөйтіп адамды уландыратын паратифозды бактериялар және ботулизм бациллы ас түзының әсеріне төзімсіз келеді. Олардың тіршілігі ас тұзының ортадағы концентрациясы 9%-ке жеткенде тоқталады.
Сол сияқты қант ерітіндісінің де микроорганизмдер тіршілігін тежейтін қабілеті бар.
Микроорганизмдердің осы қасиеттерің адам баласы тұрмыста түрлі тағамдарды консервілеуде, тұздауда кеңінен қолданып отыр.
Табиғатта түздар концентрациясының едәуір мөлшеріне төзімді микроорганизмдер де жеткілікті. Мұндай микроорганизмдерді галофильдер деп атайды. Кейде галофиль микробтар тұздалған тағамдарды да бүлдіріп жібере алатыңдығы анықталды.
Микробиологиялық тұрғыдан қарағанда, тұз немесе қант ерітінділерінің микроорганизмдерге қолайсыз әсер ететін себебі, күшті концентрациялы ерітінді бактериялар клеткасындағы ылғалды толығымен дерлік сорып алады, сөйтіп, бактерия клеткасын плазмолизге ұшыратады. Бірақ кейбір зерттеулерге қарағанда, протеус бульғарис микробы ас тұзының қаныққан ерітіндісінде 3 жүмадан астам, ал ішек таяқшасы алты жұмадай тіршілігін жоймай сақталған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *