Майтөбе
Майтөбе, Мартөбе, Мәртөбе — Сайрам маңындағы тарихи орын, жота. 18 ғ-дың 2-жартысында елдің ішкі саяси өміріне қатысты мәселелерді шешу үшін М. жотасына үш жүздің игі жақсылары жыл сайын мәслихатқа жиналып отырған. Онда ел тыныштығын сақтау, жаудан қорғану, көші-қон тәртібі, қоныстарды бөлу, реттеу, тайпа, ру араларындағы дауларды бітістіру мәселелері қаралып, талқыланған.