Тақ тұяқтылар

Тақ тұяқтылар. Бұлар — үшінші саусағы жақсы жетілген, ірі тұяқтылар. Баска — саусақтары нашар жетілген немесе редукцияланған.

Бүйір саусақтарының редукцияға ұшырауы түрлі топтарында түрліше болады^Жалпы тез қозғалуға бейімделуіне байланыс-ты бұғанасы болмайды. Тіс формуласы:
Ертеде тақ тұяқтылар өте көп болғанымен, қазір олардың бі-ршен-бірін айқын ажыратуға болатын үш бұтағы ғана: тапирлар (Тарігіdіае), мүйіз тұмсықтар (Rhіпосегоtidе) және жыл-қылар (Еgиісіае) сақталған.
Тапирлар тұқымдасының (Тарігidае) алдыңғы аяғы төрт саусақты, арткы аяғы үш саусақты болатын ірі жануарлар жатады.Тапирлар тұқымдасының мұрны жоғарғы ерінімен бірігіп, қысқа тұмсыққа айналған. Терісі кысқа түбітпен жабылған, құйрығы қысқа болады.Қазір бұлардың бес түрі белгілі. Олардың төрт түрі Оңтүстік Америкада және бір түрі — Оңтүстік шығыс Азияда тіршілік етеді. Батпақты тоғайларды мекендейді. Тапирлар су жағасындағы, судағы су өсім-діктерімен қоректенеді. Іңір немесе түн жануары.
Мүйіз тұмсықтар тұқымдасы (Rһіпосегоidае) мүйіз тұмсықтылар өте сирек кездесетін жануарлар. Осы заманда тіршілік ететіндерінің алдыңғы және артқы аяқтары үш сау-сақты болады.Ерте заманда тіршілік еткендерінің бірқатары-ның аяқтары төрт саусақты болған. Терісі жалаңаш, маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі эпидермис қабатынан пайда болған мүйізі болады. Шошақ тістері жойылған.
Тропиктік Африка мен Оңтүстік Азияда бірнеше түрі кезде-седі, мысалы, үнді мүйіз тұмсығы (Rһіпосегоs апtіguіtаtиз) және ерінді Африка мүйіз тұмсыгы, (Сегаtоtһегіиm зітит) шөптесін ірі бұта және орманды жерлерді мекендейді. Өсімдікпен қоректенеді.Мұз дәуірінде мүйіз тұмсықтар Европа мен Сибирьде мекендеген. Бізде мамонттармен бір заманда тіршілік еткен қалың жүнді мүйіз тұмсықтардың (Rһіпосегоs tісһогіпиs) қазба қалдықтары табылған. Мүйіз тұмсықтар үшінші дәуірч кезінде көп болған. т)
Жылқылар тұқымдасы (Еgиісіае). Бұлардьщ үшінші саусағы жақсы дамып, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немесе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын құйрығы және өскелең түгі болады. Олар-дың осы кезде үш туысы белгілі. Зебр немесе жолақты ат (Нірроіtgгіs) ол Африкадағы саваннада тараған. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. Есектердің (Аsіпиs) түсі біркелкі, құйрығы зебрлердің құйрығындай болады. Жабайы есектер Солтүстік-Шығыс Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы және Орталық Азияда тараған. Бізде Түркменияның оңтүстігінде кездеседі, ол жерде оларды өсіретін арнаулы қорық ұйымдастырылған.
Жылқ ылардың құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Олардың түстері көпшілігінде біркелкі болады. Атақты саяхатшы Н. М. Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның батыс бөлігінін, таулы далаларын мекендейді. Оларды осы ашқан оқымыстының атымен Пржевальский жылқысы деп атайды.
XIX ғасырдың орта кезінде жабайы жылқылар орыс дала-сының оңтүстік бөлімдерінде мекен еткендігі анықталған. Ол жылқыны тарпан деп атаған. Гептнердің (1955) соңғы зерттеуіне карағанда тарпандар өз алдына жеке түр емес, Пржевальский жылқысынан географиялық орны жағынан жекеленген түр тармағы болып саналады. Тарпандар Днепрдің төменгі ағысында өткен ғасырдың 70 жылдарының басында тіршілік еткен. Соңғы тарпанды осында 1876 жылы өлтірген.
Жылқылардың барлығы да үйір құрап, тіршілік етеді. Ашық далалы жерлерді мекендеуіне байланысты көптеген бейімделушіліктер пайда болған; тез қозғалу, құлынын ұзақ уақыт көтеру және құлыны туысымен анасына ілесіп жүріп кету тағы басқалар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *