Түтік тістілер
Түтік тістілер Африкада 3—4 түрі бар, сирек кездесетін қысқа, ет тұмсықты жануарлар. Саусақтарында тұяқ сияқты үлкен тырнағы болады.
Тіс системасы ерекше құрылған. Күрек тістері, шошақ тісі, жалған азу тістері болғанымен де олар асты ұсатуға қатыспайды. Тек қана цементті, вертикаль түтіктен тұратын нағыз азу тістері қызмет атқарады. Тісінде эмалі болмайды. Түтік тістілердің систематикалық орны белгісіз. Әдетте тұяқтыларға жақын деп болжайды. Биологиялық жағынан мүкі тістілерге жақын. Олар шөлді жерлерді мекендеп, термиттермен қорректенеді.