ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫЙЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ОБЪЕҚТІС!
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздсрдің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тенсеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дсйді. Лсксикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.
Сөз байлыгы — лскснка қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады, Бұлар замаидар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексикаиы зерттеу сөздік құрамды. Тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдін, қаншалыкты дамып жетілгендігі/ сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады
Қазақ сөздері сан жагынан көп және сан салалы болғанымен, бұлардыц жасалуы мен шығу тегі, мағыналары мен қолданылуы, даму қарқыны белгілі бір заңдылықтарга бағынады. Қазақ тілі лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің осы заманы даму қалпын, олардың келіп шыққан арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердіц экспрессивті-стилистикалық мәнін, қолданылу аясын тексереді. Сөздсрд актив және пассив топтарын қарастырады.
Ана тіліміздегі сөз байлығының басынан кешкен ұзақ тарихы бар.
Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты заңдылықтарды тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологиянын бір саласы — этимология. Этимология сездердің шығу өркінін, олардың ең алгашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы қазақ халқы ерте заманда қандай халық-тармен канпіалықты қарьім—қатынаста болғандығын айқындауызға болады. Ана тілінің лекспкасының даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас тілдердің лексикасыи тарихи тұргыдан тексеріп салыстыра зерттегенде ғана дұрыс танып білуімізге болады. Сөздердің мағына жарынан дамуын семасиология тексереді,_ Семасиологияның мәнді қызметі эсіресе түспідірме сөздіктерді жаса- ғанда айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі, қосымша және туынды мағыналары тарихи даму турғысынан алып сараланады
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздер мен ғана емес, фразалық баламалармен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылыми сөз үгымымен үнемі үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін де төл объекті ретінд қоса қарастырьш келеді. ‘
Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтіи ономастика гылымы. Ономастика іштей антропонимика жәпе топонимика болып екі салаға жіктеледі. Антропонимика кісі аттарып (есімдерін) зерттеу объектісі етіп қараса, топонимика географиялық (жер-су атауларды жеке объскті етіп зерітейді.
Тілдсгі сөдердіц номинативтік қызметімеи қатар грамматикалық қызметі де бар. Тілдің тарихи дамуы барысында сөздердің бір жағынан бір-бірімен граммагикалану процесі журіп жатса, екінші жағынаи, сөз тіркестерініц бір бүтін лексикалық единицаға (сөзге ауысу) лексикалану процесі жүріп жататындығы белгілі. Бұл құбылыс эсіресе сөз тудыру тәсілдерінде айқын байқалады. Мысалы: таңға, күніге, қысына, жазға, айына бірде, жақында, басында, аяғында, акырында, аркасында, әзел де, күнде, бұрыннан, белшесінен, алшысынан, төтесінен, тұтқиылдан, басынан, жасынан, бірден, шөкесінен, атымен, басымен, шы- нымен, түнімен, бетімен, жайымен т. б. Бұлар — шығу төркіні жағынан о баста есім сөздерге септік жалғауы жалғануы арқылы жасалған туынды үстеулер. Бүгінде соңғы буындағы қосым шалар әбден кірігіп, жымдасып өзара бөліп алуга келмейтінде дәрежеге жеткен.
Қазақ тілінде жалгыз дыбыстан тұратын (а, е, э, о), я бол маса, бір әріппен берілегін (у, и, я) бірді-екілі сөздер бар. Сөздер әдетте бірнеше дыбыстардың тіркесінен құралады да белгіл бір мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамы ның зәредей өзгеруі олардын, мағыналарының азды-көпті өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, ал, әл, ол, өл, іл, ұл немесе аз, ақ. ал, аң, ас, ат, ау, аш деп белгілі бір дыбыстың өзгеруінен баска басқа сөз жасауга болатыпдығы өз-өзінен түсінікті болса керек.
Тілде белгілі бір дыбыс алмасып айтылғанымен еөздердіі сыртқы түр-түрпаты, мағынасы да оншалыкты өзгеріске үшы рамай, үнемі ұксасып келе беретін жагдайлары болады. Мыса лы: айғай-айқай, бау-бақ, сурау-сұрақ, шұқыр-шұңқыр, ауа-әуе бәйге-бәйгі, үлгіру-үлгеру, түтендеу-түгелдеу, жұдырық-жұмырық, жаңқа-жоңқа т. б. Дыбыс тіркестері — сөздіц сыртқы қабыгы, киімі, сөздің мағанасы — оныа мазмұны, үгымы болып есептелед.
Тіл ғыльмының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралыгын (өзіндік қасиетін) сақтай отырып, өзара бір-бірімен байланысып отырады. Қазіргі казақ тілі фонетика, лексикология, йорфологня, синтаксис, стилистика, диалектология болып бір—неше салаға бөлінгенімен, осылардың барлығының да тексеретіні — сөз. Тілдегі сөздерді бұлардың әрқайсысы әр қырынан ілып қарастырады. Тілдің негізін жасайтын — оның грамматикалық кұрылысы мен негізгі сөздік қоры. Кез келген дыбыстардан әркім өз қалауынша сөз жасауға, грамматикалық тұлға жауға да жол жоқ, Лекснкалык элемент те, грамматикалық эле-мент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқьпы жасалады. Сондыктан да нактылы бір тіл ұрпақтан-ұрпаққа ескірмес мура болып мәнгі-баки сақтала береді. Алдыңғы толкын өздері біртіндеп өмірден көшкеніменен, олардың сөйлеген тілі бүгінгі ,-рпакка да соншалықты түсшікті болып түрады. Мәселен, кеменгер Абайдың тілін өткен ғасырдагы адамдар қалай түсінген бол-са, бүгінгі ұрпак. та дәл сол мәнінде мүлтіксіз ұға алады.
Ұлы ақынның; «Арттағыға сөзің мен ісің қалса, өлсең де, өлмегенмен боласыц тең»,— деуі тіл мен сөз сабақтас ұрпақтьщ Ігаркылмас казынасы скендігіы, оның құдіретті күшін айнытпай таніі білгендігін аңғартады.