Социалистік реализм

Социалистік реализм. Маркстік-лениндік эстетиканың ең өзекті мәселесі — социалистік реализмнің сыры мен сипаты.

Тіпті советтік эстетиканың өзін социалистік реализм эстетикасы десе де болғандай. Себебі, советтік эстетиканың айрықша зерттейтін нәрселері—1) өнердің өмірге қарым-қатысы десек, мұның бүгінгі биік типі — социалистік реализм; 2) ілгерішіл әдебиет пен өнердің дүние жүзілік дамуы десек, мұның бүгінгі жаңа кезеңі — социа-листік реализм; 3) біздің суреткерлердің өз өнерлеріне жетілу жолдары десек, бұлардың бірден-бір творчестволық әдісі — социалистік реализм..

Реализм — әдіс; ал әдіс — көп құбыла бермейтін тұрлаулы нәрсе дегенбіз. Бірақ бұл тұжырым оның даму тарихындағы жетілу, кемелдену кезеңдерін жоққа шығармаса керек. Дәл осы ретте, социалистік реализмді ұлы революциялар кезеңіндегі реализм, яки капитализмді құлату, социализмді орнату және нығайту кезеңіндегі реализм деуге болар еді.

Қашаннан келе жатқан қанатты сөз бар: әр ұрпақ өмір көкжиегін өзінен бұрынғы ұрпақтан гөрі кеңірек көреді, өйткені інілер әрқашан ағалардың иығында тұрады. Сол сияқты социалистік реализмнің күллі қасиеті өзінен бұрынғы реализм атаулының ең жақсы түрлері мен дәстүрлерінің заңды жалғасы болуында, оның үстіне жаңа дәуірге сай, жаңа қоғамға лайық жаңа сапа табуында жатыр. Бұл тарихи заңды процесс болатын. “Реализм — дейді М. Қаратаев,— бұдан былай да адамзат өнерінің рогресіне өзек болу үшін бұрынғы күйінде қалмай, жазаман дәрежесіне көтеріліп, жаңа сапаға ие болуы ?қажет еді. Ал бұл дәрежеге, бұл сапаға реализм жаңа заманның озат ғылымы, терең философиясы — марксизм геориясы негізінде ғана жетуі мүмкін еді. Онсыз реализм (.айшылығы асқынған импераилизм мен қаһарман пролетариат революциясы дәуірінің күрделі өмір шындығын және оның даму зандылықтарын дүрыс та жете ұғынбаған болар еді. Сондықтан XIX—XX расырлардың шекарасында осы жаңа заман жағдайына лайық ұлы философиялық ғылыммен қаруланған жаңа реализм туды. Бұл бұрынғы классикалық дәуір жасаған сыншылдық реализмнің барлық жақсы прогрессивтік дәстүрлерін эста-фета ретінде қабылдап, буржуазиялық модернизмге мүлдем қарама-қарсы принциптерді жүзеге асыра отырып, көркемөнер мен әдебиеттің бұдан былай кен, алқапта шалқып өсуіне даңғыл жол ашқан шын мағынасында жаңашыл, нағыз революцияшыл реализм боп табылды”’1′.

Әдеби әдіс — қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың көркемдік концепциясы. Демек, социалистік реализм де — қолдан құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму заңына сай, біздің жаңа дәуірдің өзі туғызған құбылыс.

Социалистік реализмнің көркемдік әдіс ретіңде туып-қалыптасуы А. М. Горький творчествосымен тығыз байланысты. Бұл ретте, Достоевскийдің сыншыл реалистер жайлы “бәріміз Гогольдің “Шинелінен” шықтық” де-генін аздап өзгертіп, социалистік реалистер жайлы “бәріміз Горькийдің, “Анасынан” тудық” деуге әбден болады. Өйткені Горькийдің атақты “Ана” романында ешқандай ережесіз-ақ жаңа көркемдік әдістің творчестволық принциптері іс жүзінде қалыптастырылды. Дәлірек айт-қанда, Горький романында, бәрінен бүрын, нағыз ш ы н д ы қ жинақ-талды; содан соң, шындық тарихи жағынан н а к т ы суреттелді; ақыр аяғында, шындық революциялық д а м у үстінде көрсетілді. Осы үш принцип еңбекші қауымды идея жағынан -қайта тәрбиелеу міндеті-мен ұштастырыла келе социалистік реализм әдісінід өзіне дейінгі реализм атаулыдан айта қалғандаи сапалық-ерекшеліктері боп қалыптасқаны мәлім.

Социалистік реализмнің сапалық ерекшеліктері мұны’ мен де бітпейді.

Мынаған назар аударып көрейік. Социалистік реализмге дейінгі ең прогресшіл әдіс— сыншыл р е а л и з м. Социалистік реализм — сыншыл реализмнің мұрагері. Алайда осы екеуін салыстырып қарасақ, арала-рынан шынайылық бірлігімен қатар, аса үлкен алшақтық табар едік.

Ең негізгі алшақтық — мақсат алшақтығы: сыншыл реализм өз кезін-дегі ащы шындықтарды ашып көрсете тұра, капиталистік құрылыстың негізін шайқалтуға қызмет етсе, социалистік реализм өз кезінің қандай шындығын суреттемесін, бәрібір, социалистік қоғамды мейлінше нығайту мақсатын көздейді. Бұл — бір.

Екінші алшақтық — мұрат алшақтығы: сыншыл реализм қаншама прогресшіл болғанмен, оның эстетикалық идеалы анқын еместі. Бір кезде Флобер “өздерінің оркестрі көп дауысты, палитрасы көп бояулы” бол-ғанына қарамастан, сыншыл реалистерде “ішкі принцип жетпейтінін” айтса, Чехов одан да гөрі ашығырақ, “өмірді өз қалпында көрсетуден асып не әрі, не бері кете алмайтындарын, өйткені өздерінде анық көрініп тұрған не алыс, не жақын мұрат жоқтығын” айтып еді.

Ал социалистік реализмнің жайы мүлде басқа; мұнда апанық идеал бар. Бұл — екінші айырым.

Социалистік реализмнің өзіне дейінгі реализм атаулыдан сапалық ерекшелігінін, бір алуанын, міне, осы маңнан іздеу керек.

Әлемдік әдебиеттің даму барысында социалистік реализмнің творчестволық әдіс ретінде тууы тарихи аренаға жұмысшы табының шығуымен, оның идеологиясы — марксизм-ленинизмнің пайда болуы-мен, пролетариат бастаған еңбек адамдарының қоғамдық тұрмысты саналы түрде революциялық жолмен қайта кұру күресімен тығыз байланысты. Ендеше, социалистік реализм әдісі суреткер алдына ашық түрде: а) адамдарды коммунистік рухта тәрбиелеу, б) халықты жарқын келешек үшін күреске жұмылдыру міндеттерін қояды. Мұның өзі, сайып келгенде, социалистік реализм әдебиеті мен өнеріндегі ұнамды кейіпкер проблемасына’келіп тірелетіні сөзсіз.

Олай болса, социалистік реализм эстетикасындағы өзекті мәселелердің бірі — ұнамды кейіпкер. Бұл мәселеге енжар қарауға болмайды.

Социалистік реализм — үздіксіз қозғалыс, өсу-даму үстіндегі ұғым. Сондықтан бұл әдіспен жазылған әдеби шығармаларды бағалауға тек қана тарихи тұрғыдан келу қажет. Мәселен, совет әдебиетінің жиырма-сыншы жылдарда туған шығармаларын Отан соғысы тұсындағы шығармалармен, соңғысын дәл бүгінгі күндердің туындыларымен қатар қойып, бәріне бір-ақ өлшеммен қарау ағат: “Азамат Азаматыч” — “Абай жолы” емес те, “Тар жол, тайғақ кешу” — “Өмір мектебі” емес. Бұлардың арасында социалистік реализм әдісінің барған сайын буынын бекітіп, бұғанасын қатырған кәмелет жолындағы ондаған жылдар жатыр.

Социалистік реализм — бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнердің дамуындағы ж а ң а кезең — жалпы көркем творчествоның гүлдену кезеңі дедік. Демек, социалистік реализм — өзіне дейінгі реализм атаулының бәрінен артық әдіс. Бұл сөзсіз. Бірақ “әдістің артықшылығы — сурет-кердің артықшылығы емес, әдеби шығарманың социалистік реализм туындысы болуы оның автоматты түрде “қатесіз” шығарма болуын, басқа шығармалардың, айталық, сыншыл реализм шығармаларының, кез кел-генінен артық шығарма болуын қамтамасыз ете алмайды”*. Творчест-волық әдіс бір бар да, суреткерлік шеберлік бір бар. Социалистік реализм әдісі совет жазушыларының шын мәніндегі суреткерлік шеберліктерімен ұштасқан жағдайда-ғана айта қалғандай нәтиже бермек. Көп ұлтты совет әдебиетінің ең таңдаулы шығармалары тек қана осындай тұтасудан туған. Демек, социалистік реализм мәселелерін қозғау—жазушылық шеберлік мәселелерін қозғау деген сөз.

Шеберлік әр суреткердің тек өз творчестволық мүмкіндігі мен ерекше-лігіне байланысты; әр суреткер тек өз қабілеті мен талантының жеткен жеріне дейін ғана шебер. Олай болса, творчестволық әдістің бірдей болуы әр суреткердің күллі творчестволық ерекшеліктері де бірдей деген сөз емес. Социалистік реализм әр суреткердің өзіне тән творчестволық ерекшелік атаулының бәріне толык мүмкіндік береді. Демек, социалистік реализм әрбір талантты шығармада тыңнан туып, өзінін, жаңа сырын ашып, жаңа қырын танытып отырады.

Социалистік реализмнің идеялық негізі — әдебиет пен өнердің партия-лылығы туралы лениндік ілім десек, партиялылық— халықтықтың жоғары түрі екені мәлім. Олай болса, социалистік реализмнің түбегейлі принциптері — суреткерлік өнердің халық өмірімен етене байланысы, коммунистік партиялылығы және социалистік гуманизмі деп білген жөн.

Социалистік реализмнің айрықша сипаттарының бірі — бір творчество-лық әдістің ішінде екі түрлі әдістің — реализм мен романтизмнің бірігуі, біте қайнауы болып табылады. Бұл туралы “біздің елде романтиктер мен реалистер арасындағы жік жоғалды, біздің бәріміз — жаңа дүние құрылысшыларымыз. Үлкен Адам жасаушылармыз,— әрі романтик-терміз, әрі реалистерміз” деп, Алексей Толстой өте дұрыс айтқан.

Қорыта келгенде, социалистік реализм — совет жазушыларының шындыққа барар жолы. Ал шығармасына қажет шындықты халық өмірімен тығыз байланысты суреткердің өзі іздеп табады. Егер суреткер өнері мен халық өмірінің арасында нық байланыс болмаса, әдіс те әшейін схемаға айналады. Демек, социалистік реализмді өзіне бірден-бір нұсқалы әдіс еткен суреткер оны кез келген схема мен догмадан қорғай білуі де щарт.

Социалистік реализм — әдеби дамудың лениндік жолы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *