Ес және оның балалық кезенде дамуы
Ес және оның балалық кезенде дамуы. Қазіргі психологияның кез келген тарауын алып қарасақ идеалистік және материалистік теориялардың ес процесіне қатысты талас-тартысын, көзқарастардың әрқилы жағдайларьш жиі кездестіреміз.
Сондықтан психологиянық бұл тарауын бірнеше ондаған жылдар бойы келе жатқан шиеленісті пікірталастардың ара-жігін ажыратып зерттеу ес процесіне қатысты мәселелердің мән-жайын кеңінен ашып көрсетуге көмектеседі.
Сіздер мүмкін психологияны өзара тәуелеіз екі бөлімнен тұратын жеке ғылымдар ретінде іздестіру керек деп санаған бағыттарды да білетін боларсыздар. Оның бір бөлігік түсіндіруші, екіншісін зерттеуші деп қарастыру қажет дейтіндер, әдетте, осы ес тарауын ерекше атайды. Мұндай пікірді қолдаушылар материалистік бағыттағы психологтар еді. Г.Мюнстерберг пен оның мектебі және олардың идеясын жақтаушылар ес психологиясының дамуын себепті ойлау жолымен іздестіруді ұсынып, оның адам миымен байланысты екендігін анықтауды мақсат етіп қойды.
Қазіргі есті нейрондар арасындағы байланыстардың түйісуі деп анықтаушы теория дами бастады. Ес жайында психология мамандарының бұдан басқа да тыңнан көтерген теориялардың мақсаты біздер ес процесінін сыр-сипатын жан-жақты етіп толық түсіндіре алмайтын болғандықтан, оны мидың қызметімен байланыстырып зертгеу және оның материалдык субстратымен ұштастырып іздестіруіміз қажет дейді.
Шынында да, ес туралы ілім мұндай стихиялық сипаттағы көзқарастан әлі күнгедейін арылып, бірізді материалистік тұрғыдан қарастырылған емес; психика мен мидың ара-қатынасы жайында пікірлердін бәрі идеалистік түсініктермен ұштастырылады. Осы бағыттағы авторлардың бәрі де ес процесіне қатысты мәселелер жайында жорамал жасап, өз түсініктерін тиянақты шешім деп білді. Дегенмені олардың ес жайындағы түсініктері психофизиологиялық жарыспалы тіректерге сүйеніп, материалистік көзқарастарын тиянақтай алмады. Ес туралы жарыспалы түсініктер жеңіл-желпі сипатта естін физиологиялық негізін мидың бөлшектеріндегі тапталған сүрлеумен байланысты екеңдігін және мидың жеке қызметгерімен ұштастыра отырып түсіндіріледі. Щеңбері тар оеындай көзқарастар психология мамандарының бірде-біріне ес процесін бірыңғай материалистік ілім тұрғысынан іздестіріп, оны философиялық ойлау жүйесіне
22
сәйкес теориялық қорытындылар жасауға мүміндік бермеді.
Мұндай сыңар жақты көзқарас Э.Герингінің ес психологиясын арнайы іздестіріп, тәжірибе арқылы зерттеген белгілі кітабынан көрініс тапты. Ол бұл еңбегіңде ес процесіне тиянақты анықтама беріп, оны барлық күрделі ұйымдасқан материяның қасиеті деді. Герингінің мұндай батьш анықтамасы бойынша адамның есі табиғаттағы жанды және жансыз нәрселермен тығыз байланысты құбылыс деп саналады. Осындай түсініктер енді есті жаратылыстық — биологиялық тұрғыдан із-дестіруге жол ашты. Сонымен бірге, есті зерттеудің өрісі кенейгенмен ғылыми негізден ауытқыған екі түрлі бағыттың пайда болуына түрткі жасады. Онын бірі — ес жайындағы қарапайым түсініктердің тежеусіздігі, екінші бағыт — адам психикасын түсіндірудегі жарыспалы көзқарас.
XX ғасырдьщ басында төбесін көрсетіп дами бастаған идеалистік психология ес жайындағы механицизм теориясының дәрменсіздігін сынады . Осы бағьптың мәні материя мен рух арасындағы шынайы қатынасты түсіндіру арқылы анықталады деді. .
Бергсонның «Материя және ес» деген кітабы материя мен рух арасындағы қатынасты зерттеуді негізгі’ мәселе етіп койды. Сөйтіп ес процесінің мәселесі материя мен рухты нақтылы жағдайға қолдану құралына айналды. Бұл жүмысында Бергоон жан дүниесінің күйзеліске үшырау себептерін, амнезия мен афазияға, ұмьпу мен адам сөйлеуінін зардап шегуін мидың зақымдалу себептерімен байлйнысты түрде баяндаған көптеген фактілерге тіректелген материалдарды жинақтады.
Бергеонның ес жайындағы зерттеулері тұтас бір философиялық меқтепті соңынан ертіп алып, өзара қисынсыз естін екі түрі болады деген пікірін ұсынды. Естің бұл түрі, өзге процестер сияқты, адамның денесіне орналасқан, оны мидың кызметі деп тану керек. Ал балаларда осы естің түрімен жарыса дамитын рухани ес те бар деп көрсетеді. Бергсонның одан әрі қарай ойының жалғасы рухани әрекеттің таза түрі мен мәдениеттің жалпы сипатын білдіреді. Оны білгіміз келетін болсақ біз Платонның жалпы идеясына иек артпай, ес пен елестік өрісіне сүйенгеніміз абзал болар еді. Осы мысалды естеріңізге әдейі түсіре кетейін.
Сіздер өлең жаттап отырғандарыңызды көа алдыңызға келтіріп, елестетіңізші, дейді Бергсон. Осы әрекет нәтижееінде біздер белгілі материалдарды жаттап алдық. Мүңдай әрекет құрылымы жағынан алғанда қимыл-қозғалыс арқылы қалыптасқан дағды, сол жаттағандарды есте тиянақты сактау үшін оларды
23
біздер жиі-жиі пысықтап, қайталаймыз, бұрынғы біле алмаған әрекетгерді енді білетін боламыз. Бұл Бергсонның айтуынша қимыл-қозғалыс есі. Бірақ мен бұрынғы сан рет пысықтағандарымды есіме түсіре алмаймын, алайда сол оқыған өлеңдерімді көз алдыма келтіріп елестететін болсам онда мен бұрынғы оқығандарымды есімде жаңғыртамын. Бүл естің екшші түрі бұрынғы әсер еткен нәрселерді жаңғыртумен байланысты, бірақ оның жаттығуға қатысы жок, бұл жаңадан қимыл-қозғалыс жасауды қажет етпейді, нағыз рухани әрекет осы. Бергсонның пікірінше естің бұл түрі мимен байланысты, өйткені, — дейді ол, — дене мен ми таза рухани әрекетгі реттеп отыратын кұралдар.
Мидың зақымдалу себептерін талдай отырып, Бергсон қимыл-қозғалыс әрекеттеріне негізделген ес ең алдымен жойылады да, ал екінші сипаттағы ес дәл сондай закымдалмаса да адам миды қару етіп пайдалана алмай, рухани еркін билеуден қалады деп жазады. Басқаша айтқанда ми ес түрлерінде түрліше қызмет атқаратын болғаны. Ми естің бірінші түрінде қызмет атқарушы құрал делінсе, ал екінші түрінде таза рухани әрекет етуші қару. Сондықтан ми зақымдалса адам сөз айтып, сөйлесуден, не ойын өзгелерге жеткізу қабілетінен айырылып, бірқалыпты қимыл-қозғалыс та жасай алмайды. Шындығында, мидың естің таза рухани әрекетімен ешқандай байланысы жок.
Бұл жерде біз Бергсонға дейінгі ес жайында кемелденген таянақсыз көзқарастардың ңақтылы ғылыми мағлұматтар деп санальш, оған Бергсонның тек иек артқанын байқаймыз. Ес сияқты күрделі психикалық процестерді зерттеуде ол идеалистік» көзқарастарда ірге тепкен естің оңашаланып өзге процестерге қатынассыздығы жайындағы қате пікірді қолдады. Жалпы алғанда ес мидың қызметі емес деген бұрынғы пікірлеріне қайшы ойын білдіреді. Сол кездерде үстем болған ес пен ми жайындағы шалағай теорияларға сүйеніп, Бергсон ес туралы өзіндік теория құрды, ес құбылысы жеке оқиғалар жайында біздін рухани өмірімізді байытады деп білді. Оның айтуынша адамның саналық қабілеті біздердің өткен кездерде көрген-білгеи шындықтарымыздың. бейнесін қайта жаңғыртып отырады. Ол адамның жаң дүниесінің тәуелсіз болуындағы басты тірек оның тәніне тәуелдігі деген ой түйді.
Ес туралы ілімдегі оның материалистік және идеалистік көзқарастар арасындағы талас-тартыстың, екінші жағы идеалиетік бағытты құрды. Алайда, бұл бағытта ее жөніндегі теориялық көзқарастар мен ой-пікірлерді кемелдендіріп, бір ізге түсіре алмады. Істің шындығына келсек, соңғы жылдарда жарыққа шығып бой көтерген материалистік көзкарастар ес жай-
24
ында елеулі бетбүрые жасап, оның дамуына қатысты ілімді өріс-тетуге өзіндік бағдар тудырды деуге болады. Бергсонның орнын биологтар, лабораторияларда зертгеу жүргізуші мамандар және емдеу орындарында қызмет атқарып, ғылыми жұмыспен шұғылданатын зертгеушілер толықтыра түсті. Бұл мамавдарды ес жайында диуалистік көзқарас пен Бергеонның тәжірибе нәтижелері толық қанағаттандырмады. Олардың жасаған тәжірибелері мен шығарған қорытындьшары арасындағы айырмашьшықтар біріне-бірі үйлесім таппай, бұл зерттеуші мамандардын ашу-ызасын тудырады. Естің екі түрін біріктіріп біртұтас процесс деп қарастыру қажет деген пікірлер көтерілді. Сөйтіп, біріне-бірі қайшы екі жақты біріктіріп, ес туралы бірыңғай көзқарас пайда болғанымен, ондай көзқарас материалистік философия принцинтерінен алшақ жатты. Ес жайында жаңаша көзқарас жасап белгілі болған ілім А.Семонның мнеме (ес) туралы пікірлері еді. Бұл пікірлер бойынша ес адамдар мен хайуанаттарға, өсімдіктер дениесіне де тән қасиет деп саналды.
Бір жағынан алғанда бұл ілім Э.Геринг ізін қуса, екінші жағынан қарағаңда нағыз идеалистік көзқараска әкеп тіректелген-ді. Мүндай теорияның шарықтау шегі Блейлердің көзқарасынан айқын көрінді. Бұл көзқарастың мақсаты витализм мен механизмнің өзара жігін пайдалана отырып, үшінші бір өзіндік жол табу еді. Соған орай Блейлер өзінің еске арнаған «Механицизм, витализм және мнемизм» деген енбегін жазды.
Сөйтіп, ес жайындағы ілім тығырыққа барып тірелгенде витализм мен механицизм мәселелерін өздігінен шешуге әрекеттеніп, табиғат зертгеуші ғалымдардъщ ой-пікірлерін дамытуға ашықтан-ашық кедергі жасап, оларды делбе ауыруына үшыратты.
Мнемизм, витализм және механицизмді тырырықтан шығарып аяу мақсатына арналған идея екеңдігі алда баяндалады. Мнемизм, ең алдымен, фактілерге сүйенген материаддарға негізделіп құрылды. Семон да Бергеон сияқты, есті екі жағынан қарастырды. Бірінші жағынан келгенде ес — сананың тірегі, бір нәрсенщ мән-жайын ұғыну үшін бүрын бастан кешірген нәрселердің бағыт-бағдарын есте сақтау. Екінші жағы Э.Блейлер 1921 ж. жазған енбегінде біздің санамызда нәрселердін бейнесі (психобейнесі) сақталуға тиіс, бұл бейне психоид деп аталады. Осы термин аршлы ол жанды және жансыз заттардың бәріне тән қасиеттерді ол психобейнелер деп санайды.
Блейлердің идеясы бойынша естің атқаратын қызметі сана мен материя аралығына көпір салу. Жансыз материяға. тән қасиет оның созымдылығы, оған әрқилы әсер еткен нәрселер із
25
қалдырады. Блейлер шәкірттері іздестіріп жинақтаған мол мате-риалды пайдалана отырып, жансыз материаға бұрын әсер еткен нәрселердін іздері қалайша сақталғанын жазады, Блейлердің ойынша жансыз нәрселерде сахталған іздер үздіксіз саты құрастырады, сол сатылар арқылы біздер материя мен рух ара-сындағы байланыстарды табатын дәрежеге көтерілетін көрінеміз.
Міне, өздеріңіз байқап отырған қазіргі буржуазиялық психологияда ес мәселесіне қатысты философиялык талас-тар-тыстың басты ерекшеліктері осындай. Сонымен бірге, ғылымдағы белгілі бір мәселе жайында дағдарыстың пайда болуы бір ғана көзқарас шенберімен шектелмейді, мұндай мәселенің түйінін шешуде, біздер пікірталастарын өрістетіп отыруға жол ашамыз. Ондай талас-тартыстар тек әр алуан көзқарастар мен ой-пікірлерді ортара салып талқылаумен тұйықталмай, жалпы философиялық бағыттағы түрлі көзқарастады, тиісті мәселелерді жете зерттеп, теориялық қорытындылар жасауды да қамтиды.
Мұндай күрестің негізгі бағдары, ең аддымен, атеистік және құрылымды көзқарастар арасындағы жігі меи байланысты қатынасының мәнін анықтауға арналған. Ассоциация психо-логиясының негізі түгел дерлік ес процесіне тіректелген. Сон- дықтан ес процесімен қатар, ассоциация психологаясында қабыл-дау, ерік процестерін зерттеуге де жете мән берілген. Бұл пси-хологияда еске қатысты заңдар барлық дерлік психологиялық кұбылыстармен ұштастырылған. Сөйтіп, ес туралы ілім бүкіл психологиясы ес туралы. ассоциация психологиясының прин-циптеріне тізесін батыра алмады, өйткені құрылым психологиясы мен атомистік бағыттар негізінен қабылдаура байланысты мәселелерді барынша терең іздестірумен шұғылдаңды да, тек соңғы жылдары ғана құрылым психологиясы ее жөніндегі ассоциация психологаясының көзқарастарын одан әрі дамытуды ойластырып, практикалық және теориялык мәні бар зерттеу жүргізе бастады.
Мұндай зерттеулердің алға қойған бірінші мақсаты — есте сақтау мен естің атқаратын қызметін де, қабылдау сияқты, құрылым психологиясының заңдарына жатқызуды көздейді.
Көптеген тыңдаушылар К.Готтшальдтің Москвада Психология институтында жасаған баяндамасынан хабардар, соның артынша автор өзінің зертгеу жұмысының арнаулы бөлімін жариялады. Зерттеуші әрқилы тұлғалардың аралае қосындыларын түрлендіріп сыналушыларға ұзақ уакыт бойы көрсетіп отырды. Соның нәтижесінде сыналушылар өздері көрген тұлғаларды қатесіз меңгеріи адды. Алайда сыналушылар өздері бұрын көрген тұлғалардың құрылымын өзгертіп, оларды сыналу-
26
шылрға көрсеткеңде, олар өздері бұрын көрген тұлғалардың күрделенген құрылымын алғаш рет көріп, оны есінде қалдыруға тырысты. Бұл тұлғаның бөліктерін бұрын 500 ретке дейін көрген-ді. Ал енді сол тұлғалар жаңа құрылым етіп көрсетілгенде, бұрынғы жүздеп көрген бөлшектерді тани алмады, ал сыналушы өзіне бұрыннан белгілі болған бөлшектерді ажырата алмады. Келердің ізін қуған Готтшальд бұл жәйтті былай деп түсіндірді: көрген бейнелердің жиынтығын тану не оларды есте сақтау психикалық әрекеттері мен құрылым зандарына тәуелді, немесе сол заттарды тұтас түрде қабылдап танып білу, олардың бөліктері не бөлшекгеріне жете назар салып, оларды біріктіре білу қабілетіне байланысты келеді дейді. Мен Келердің, біздерге өзге тақырыптардан белгілі, хайуанаттармен жүргізген тәжірибесін еске байланыстырып баяндаудың қажеті бола қоймас деп санаймын.
Екінші мақсат, К.Левиннің мағынасыз буындары есте сақтауға арңалған зерттеулері. Мағынасыз материалдарды есте сақтауда олардың бөлшектері арасында құрылым жасау мүмкін емес. Алайда, есте сактау үщін ондай материалдар адам сана-сында ес арқылы белгілі жүйеге келтіріліп, оларды бөлшектерге бөліп жаттап алғанда ғана есінде сақтай алады.
Өзге бір зерттеулер естің қызметін басқа салаларға пайдалануға арналған. Бұл аталған зерттеулерден кейбір мәселелердін жай-жапсарын шешуге қолдану үшін тек екі жұмысты атап өтейін.
Біршшісі Б.В.Зейгарник зерттеулері аяқталған және аяқталмаған іс-әрекеттерді есте сақтауға қатысты, соған байланысты аяқталған және аяқталмаған тұлғаларды қамтиды. Бұл зерттеу бойынша сыналушыға реттелмеген бірнеше әректтермен шұғылдану талабы қойылды да, олардың бірнешеуін аяғына дейін орындауға мүмкіншілік беріледі, ал кейбіреулерін бітірт-пей-ақ кідіртеді. Аяғына дейін бітірген істерден гөрі, аяқталмай қалған істер есте екі есе артық сақталатыны анықталған; мұндай әрекет қабылдауға байланысты жүргізілген тәжірибелерде, керісінше, аяқталмаған істерге қарағанда аяқталып біткен істердің бейнесі есте жақсы сақталған. Басқаша айтатын болсак, адамнын өзі аткарған іс-әрекетгері мен көру арқылы қабылдаған бейнелерді есте сақтау заңдылықтары түрліше болатындығын көрсетеді. Мұндай тәжірибелер ес процесіне қатысты құрылым психологиясының зертгеулеріңдегі ниеітін ұмытылуы туралы мәселені анықтауға мүмкіндік тудырады. Кез келген ниеттін пайда болуы біздің ес процесімізді кажет етеді. Егер мен бүгін кешке бір жұмыст істеуім керек болса, онда мен сол жұмысты орын-
27
дауды есте сақтауым керек. Спиноза айтқан нақыл сөзде былай депті: «Егер адамның жан дүниесі не істейтінін есінде сақтамаса, онда жан өздігінен ешнәрсені де істей алмайды. Ниет дегеніміз
жадта сақтау.
Есті зертгеушілер бүл процестін біздің келешек өмірімізге пайдасын, есте сақтау заңдылықтарының жанаша түрлерін және олардың атқаратын қызметі-мен маңызына ерекше зейін аударды. Анығырак айтқанда, есті құрылым тұртасынан зерттеу оның әр алуандығын айқындады. Сонымен қатар, есп ассоциация пси- хологиясы принциптері тұрғысынан алғанда ол бір ғана жалпы заңдьшыққа бағынады дейтін көзқарастың қате екендігіи әш-
кереледі.
Мұндай зерттеу нәтижелері өзге де мамандар тарапынаи
кеңінен қолдау тапты.
Мысалы, К.Бюлер пікірге қатысты мынадай тәжірибе жүргізді: ассоциация психологиясында мағынасыз буындарды, сөздерді, т.б. есте сақтау үшін арнайы тәжірибе жасаған-ды. Сыналушыларға мағынасы тең екі пікірді бірінен соң бірін ұсынады да, кейін онан пікірлерді есіңе түсіріп айт дейді. Екі пікірді еске түсіру арасында өткен недәуір уақытка қарамастан естеріне түсіріп, оларды қатесіз айтып берген. Сондай тәжірибе ақыл-ойі ісімен шұғылданатын орта жастағы кісімен жүргізіліп, оған мағыналас 20 жұп пікірді ұсынғанда, ол соның бәрін қиналмай есінде сақтап, талап еткен кезде айтып берген. Осы тәжірибелерге қатысқан адамдарға зерттеуші өзара мағына жағынан байланыссыз 6 жұп буынды ұсынып, есінде сақтап, сонан соң айтыи бер дегенде, ол ондай жұп буындарды толық есінде сақтай алмай қиналған. Бұл орайда, елестетуге қарағанда, есте сақтауда өзгеше заңдылық бар екенін көрсетеді. Есте сақтау үшін буындар мен сөздердің, пікірлердің мағына жағынан арақатынасының байланысты болуы өте маңызды екендігін байкатады.
Басқа бір факті мынадай жәйтті аңғартады. Біз нәрселердің мағынасын сөздердің атауларына қарамай-ақ есте сақтай аламыз. Мысалы, бүгінгі лекция тақырыбы бойынша көптеген кітаптар мен баяндамалардың мазмұнын хабарлау керек. Мен олардың мәнін жақсы білемін, бірақ тиісті мазмұндар қандай сөздермен жазылғанын еске түсіру қиын.
Мағынаны есте сақтауда сөздік атауларға тәуелсіз болып отыратындығы екінші факті. Мұны көптеген зерттеушілер қолдады. Осы салада зоопсихологияға қатысты тәжірибелер жүргізді. Э.Торндайк жаттап алудын ерекшеліктерін анықтайтын екі түрлі типін сипаттап берді. Оның бірі қателесудің қисык сызығы баяу түрде біртіндеп өзгереді, ал екінші жағдайда кателердің кисык ‘
28
сызығы біртіндеп төмендейді. Мұнда тәжірибелер хайуанаттарға жасалды. Ал келер қателесудің екінші типіне назар аударған. Ол тип — интеллектуалдық есте қалдыру. Ол үшін қажетті материалды есте сақтауды шапшаңдату мақсатын көздейді. Мұндай тәжірибе нәтижелерінің бері ес әрекетінің екі түрлі типі болғандығын анықтайды.
Әрбір мұғалім оқу материалдарының мазмұн-сипатына орай оқушылар оларды бірнеше рет пысықтап жаттап алуы керектігін жақсы біледі. Алайда, оқыту процесінде ешуақытта арифметикалық есептерді шығарудың тәсілдерін жаттап алуды немесе оларды есінде сақтау керектігін сөз етпейді. Бұл орайда оқушы-шәкірт есепті 2-3 ет шығарып төселген соң оның тәсілдерін меңгеріп, есеп шығаруға жаттығады. Сол сияқты геометриялык теоремаларды оқып үйрену, латьш тілі грамматикасын оқып үйрену, өлеңдерді жаттау тәсілдеріне негізделмейді.
Бұл тек ес процесіне ғана тән тиісгі мағыналарды есте сактау әрекетінің айырымдык сипаты. Ес мәселелерін құрылым психологиясы мен тиіеті тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып жан-жақты қарастыру керектігіне кейінірек тоқталамын. Өйткені бұл мәселе төңірегінде көптеген материалдар жинақталып, біздерді жаңадан пайда болған жәйттерді іздестіріп, оларға жете көңіл аударуды талап етеді.
Қазіргі кезде еске байланысты нақты материалдар мен фактілер, Блейлердің зертгеулерімен салыстырғанда, бұл мәселені жаңа сатыға көтеру қажеттігі туып отыр.
Менің пікірімше, қазіргі кезде ес прцесіне байланысты жинақталған фактілер мен теориялық көзқарастардағы өзекті мәселе — естің дамуы. Бұл мәселе осы кезге дейін тиянақты шешіліп, бір ізге түспеген. Ес балада ерте кезінен басталады. Мұны бір дейік. Осы кезде бала есінің дамуында нендей сыр бар? Естің дамуына арнаған зертгеулерде бұл мәселенін мәні метафизикалық тұрғыдан пайымдалып, философиялык талас-тартыстар туғызды да, ал естің дамуы ғылыми тұрғыдан шешімін таппай, көлеңкеде қалып қойды. Бюлерге балалардың елесінен гөрі ойының есте сақтауы ерекшелеу болып көрінеді. Оның пікірінше ойдан гөрі елес есте тиянақты сақталады. Естің дамуына арналған зерттеулер психологияда қызу талас-тартыстар да тудырды. Кейбір психологтар баланың есі дамымайды, ол туған кезде-ақ қажетті мөлшерде болады дейді. Бұл мәселені мен одан әрі қарай таратьш талдауды қажет деп есептеймін. Алайда, кейбір бақылау нәтижелеріне қарағанда, бала дамуының алғашқы кезеңінде есінің күшті болатыны рас, жасы өскен сайын бұл қасиет бәсеңдей беретіні байқалады.
29
Шетел тілдерін үйрену ерексек адамдар Үшін қиын екенін жақсы түсінеміз. Ал бала жас кезінде шетел тілдерін тез Үйренеді. Америкада, Германияда балалардын шетел тілдерін үйренудің негізін анықтау мақсатымен арнайы педагогикалык тәжірибелер ұйымдастырылып, ол тілдерді оқып Үйренуді орта мектептен балалар мекемелеріне ауыстырған. Лейпциг қаласыңда жүргізілген тәжірибе нәтижелері мектепке дейінгі балалар екі жыл бойы оқытылатын материалдарды меңгере алатыңдығын көрсеткен. Шетел тілдерін үйренуді балалардың жас кезіне ауыстырған: барынша жемісті болатындығы практика жүзінде анықталған. Әдетге біздер сәбилік жастан бастап үйренген тілдерді тиянақты меңгеретініміз мәлім. Балдырғандар, жеткіншек жастағылармен салыстырған да, шетел тілдерін шапшаң үйреніп кететіндгі тәжі- рибеде дәйектеліп отыр. 2-3 тілді де қатар меңгергек балаларда ол тілдер біріне-бірі кедергі жасамайтындыры тәжірибе жүзінде белгілі болды. Серб халқының өкілі Павлович тәжрибесі бұл орайда көрнекі мысал бола алады. Ол өз балаларымен серб тілінде сөйлеседі де, ал зайыбы французша сөйлесетін болған.1 Әке-шешесімен екі тілде қатар сөйлейтін балалар тілінің дамуы және оларды меңгеру деңгейі үнемі өрістеп отырған. Осы бағытта Иорген жүргізген тәжірибенің де маңызы ерекше. Ол баланы іріктеп алып, оларға үш тілді қатар үйреткенде бұл тілдерді шәкірттер ешқандай қиналмай меңгерген және сол тілдерді үйрену барысында біріне-бірі кедергі болмаған.
Балаларды жастайынан тілдерді меңгертт, есеп шығартуға баулуда Лейпциг пен америка мектептерінің тәжірибелері талдап, мынадай қорытынды жасауға болады: 7-8 жасар балаларды оқытып сауаттандырудан гөрі 5-6 жастағы балаларды оқыту әлдеқайда жеңіл әрі нәтижелі болған. Москва мектептерінде жүргізілген бірсыпыра зерттеулер де осындай қорытындылардың шындығын айқындай түсті. Мысалы, мектепте 9 жаса баланың сауатын ашып, оны оқыту айтарлықтай қиындық тудырған болса, ал оны жас кезінен оқытып сауатын ашу барын өнімді болатындығын көрсетті.
Осындай зерттеу тәжірибелерге сүйенген педагогтар оқыту процесін өрістету ниетімен мынадай ұсыныстар ендірді: бал- дырғандар әртүрлі ойындар ойнап, өзара шүйіркелесіп қалжың-күлкімен айналысып жүріп-ақ оқу материалдарының мазмұнын меңгере алады. Ал мектепте мұндай мазмұндарды оқытып, мен-гертуге әлдеқайда көп уакыт кетеді дейді. Бұл жөнінде балдырған жасындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен алғырлығы туралы мынадай мысал келтірейік. Балдырғандар есінің алғырлығын жеткіншек жасындағы балалармен, әсіресе ересек адам-
30
дардын есімен салыстыруға болмайды. Олардың есте сақтауы нақтылы, әрі тиянақты. Дегенмен, 3 жасар бала шетел тілдерін щапшаң меңгере алғанымен, олар, мәселен, география пәні бойынша жүйелі түрде берілетін білімді меңгере алмайды. Шет тілін меңгеруді қиын көретін 9 жасар бала географиядан оқытылатын білімді оңай меңгере алады, ал ересек адамдар жүйелі білімді игеріп есте сақтауда бабалардан әлдеқайда озық тұратыны мәлім.
Баяндалған осындай жәйттерден өзгеше, үшінші бір бағытты қолдайтын психологтар бар. Олар ес процесінің дамуындағы шарықтау шегін табуды ойластырады. Атап айтканда, К.Гросс шәкіртінін бірі Зейдель арнайы зерітеу арқылы көптеген материалдар жинақтап, бала есінің дамуы ең жоғары дәрежеге жетеді де, одан кейін оның есі құлдырап төмендейді дейді.
Осы аталған балалардың есі жайындағы үш түрлі көз-қарас та бұл процестін даму зандылықтарын жеңіл-желпі қарастырады. Мұндай көзқарастың үшеуі де естің дамуын бір ретте өрлеп дамитын процесс десе, ал екіншілері оны құлдырап төмендейтін процесс дейді. Олардың ойынша ес төте әрі тегіс жолмен дамиды. Өмір тәжірибелерінде мұндай пікірлерді қостап-қолдаушылар да, сынап-мінеушілер де бар. Өйткені естің дамуы аса күрделі психикалық процесс, оның төте жолмен дамып өрістеп отыруы ешқандай мүмкін еместі.
Ес процесінің дамуына шолу жасап, оның мән-жайын ашьш көрсету ниетімен мен мынадай екі мәселеге әдейі тоқталмақпын. Оның бірі — совет зертгеушілерінің бірсыпыра еңбекттерінде жарияланған. Соны атап өтейін. Балалар есінің дамуында екі түрлі із бар, естің дамуы бір ізді емес-ті, оның негізі бірнеше зерттеулер арқылы іздестірілді. Оған менің де қатысым бар. А.Н.Леонтьев пен Л.В.Занков жүргізген зерттеулерде сол пікірлер расталады. Бұл зертгеулерде әр алуан психологиялық іс-әрекеттер нәтижесінде қажетті мәліметтерді тікелей есте сақтау мен аспап-құралдар көмегімен есте сақтауға тиісті баламен салыстырғанда, сол материалды тиісті бала өзінің іс-әрекетін өзгеше жоспар жасап құрады. Өйткені аспап-құралдар мен белгілерді қолданушы бала оларды есінде сақтау үшін сол аспап-құралдарды пайдалана отырып берілген тапсырманы орындайтын болады, Соның әсерінен баланың есте сақтауы өзге де психикалық процестерді дамытуға ықпалын тигізеді. Оның қиялы мен ойлауының өрістеуіне әсер етіп отыратыны да сөзсіз.
Тәжірибе арқылы анықталған тағы бір жәйт мұнадай: егер біздер кез келген кластағы оқушылардың тікелей -есте сақтауы мен жанама есте сақтау қабілеттерін ажыратып білгіміз
31
келсе, оларды екі топка бөліп зерттейміз. Нәтижеде осы екі топтағы балалардың есте сақтау тәсілдерінін әрқайсысына тән өзіндік динамикасы болатындығын айқын көрсетті. Бұл тәжірибені жүйеге келтіріп дәледдеуге А.Н.Леонтьев ерекше күш жұмсады.
Мұндай зерттеулер нәтижелерін сіздер белгілі кітаптар мен жаңадан басылып шыққан енбектерден білесіздер. Сондақтан бұл мәселелерді баяндауға тоқталмаймын.
Теориялық зерттеулер адам есінің тарихи дамуы жайындағы жорамалдың ақиқатығын анықтады. Адамның есі негізінен жанама жолмен оның әр алуан амал-тәсілдерді қолдану арқылы мақсат мүлделеріне сәйкес болып отыратындыры тәжірибелермен зертгелініп анықталды. Есте сақтау саналы әрекет және оның өзіндік бейнелеу сипаты бар. Адамның есте сақтау әрекеттерінің қалыптасуы онын сөйлеуімен, мәдени өмірінін деңгейімен ұштасып отыратындығын көрсетеді. Ес күрделі психикалық процесс және адам ақылының қоймасы.
Жағарыда баяндалған зертгеулер балалар есінің дамуына қатысты мәселені бұрынғы шегенделіп қалған орнынан жаңа бағытқа қарай бұрды. Алайда мен бұл мәселс түбегейлі шешілді дей алмаймын. Өйткені бұл зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Зерттеу арқылы алынған нәтижелер мен тиісті қорытындылар жеңіл желпі сипатта. Негізгі мақсат — балалар есінің дамуын оның зандылықтарына орай терең іздестіру. Кейбір зерттеушілер “ жұмыстарында мұндай ірі -талаптар психологиялық мәсслелерді тым күрделендірін, қиындатып жібермей ме деген қобалжу ойларын білдіреді. Біздер ондай пікірлерден туындайтын тың мәселелердің үнемі пайда болып отыратынын қостай отырып ғылымның ітпкі мақсаты шындықты табу екенін еске салғымыз келеді. Сонымен, бүгінгі лекцияның өзекті мәселесі — естің дамуы болғанын естеріңізге тағы да салайын.
Себилер мен балдырғандардың есінің дамуы жалпы психикалық қызметінің өзегі іспетті. Баланың өзге процестерінің қызметі де осы еспен байланысты болып отыратындығына көзіміз анық жетті. Енді осы бағытта жүргізілген зерттеуле баланың ойлау әрекеттеріне қатысты. Бала есінің ересек адамдардың есінен айырмасы болатыны айқын нәрсе. Баланың ойла әрекеті нәрселерді көз алдына келтірін бұрынғы тәжірибелерін иек артады. Сөйтіп оларды есімен реттейді. Сәби мен балдырғаңдардың ойлауы тікелей есіне тәуелді. Бұл жәйттің шындығына көз жеткізу үшін мынадай үш түрлі мысал келтірейіке. Бірінші, балалардың ұғымды анықтау әрекетіне қатысты. Баланың ойлауындағы мұңдай тәсіл оның еске түсіру әрекетіне негізделген.
32
Мысалы, баладан үлу деген не? деп сұрасак, ол кішкентай жорғалайтын, жылтыр нәрсе, оны аяқпен басып жаншиды дейді. Баладан төсек деген не? деп сұрасақ, ол жұмсақ, жататын орын деп жауап береді. Баланың мұндай жауаптары нәрселер бейнесін есіне түсірумен ұштас.
Сөйтіп, баланың ойлау әрекетінде ұғымдарды анықтауы оның нәрселердің бейнесін көз алдына келтіреді. Екінші жағынан баланың ойлауы еске түсіру әрекетімен сабақтас.
Екінші мысал. Еске түсіру балалардың кез келген ойлау әрекетінде шешуі роль атқарады. Мысалы, баланың бір зат жайындағы ұғымы көрнекі бейнелерді есіне түсіріп, оларды ойша біріктіріп тұтас бейне жасайды. Сондықтан біз баланың ойы жалпы сипатта болады дейміз. Ойлаудың бұл тәсілі еспен байланысты, бірақ ол әлі де абстракциялық дәрежеге жете қойған жоқ. Үшінші мысал. Бүл жайында Штерн зерттеулері бар. Ол бала ойының дамуындағы мұндай ерекшеліктерді — тарнсдукция деп атайды. Бұл терминнің мәні бала ойының жеке нәрседен жеке нәрселерге қарай ойысып, заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін есіне түсіреді. Сәбилер мен балдырғандардың елестері мен еске түсіруінің дамуындағы ағы бір ерекшелік — олардың сөздердің мән-мағынасын түсінуі. Бүл мәселе келесі тақырыпқа жатады. Баланың сөздердің мағынасын түсінуі мен ересек адамдардың сөздерді түсінулері ара-сында елеулі айырмашьшықтар бар. Баланың ойлау әрекеті толығымен ес процесіне тіректеледі, Баланың заттарға қатысты елестерінің құрылымы туысқандық әулет құрылымына ұқсас деуге болады. Сөздердің атаулары, құбылыстар балалар үшін тек таныс ұғымдар емес, бір әулеттің (семьяның) ұрпағы, көрнекі заттардың тұтатық тобы, олар өзара байланысты.
Бала ойлауын психикалық даму тұрғысынан алып қарастыратын болсақ оның негізінен көрнекі бейнелерге тіректеліп, процесімен тығыз байланысты екендігіне көз жеткіземіз. ондай-ақ бала дамуының бастапқы кезеңіңдегі абстракті ойлауында да жетекші роль атқарады. Ал баланың балдырғандық кезеңінің соңында оның ойлау әрекетінде елеулі өзгерістер болады. Егер баланың сәбилік кезеңі мен балдырған кезеңінде оның ойлауы еске түсіру сипатыңда болса, ал жеткіншек жастарында жеке түсіруі күрделене түсіп, ойлау әрекетіне ауысады. Сол ойлау әрекеттері арқылы жеткіншектер нәрселер мен құбылыстардың артты байланыстарын іздестіреді, қисынды ойлауға бет бұрады, сөйтіп олардың еске түсіру әрекеті енді іздену арқылы нәрлердің негізгі, тұрақты нәнін, құбылысқа тән қажетті нүктені табуға ұмтылып, ойлау әрекеттерін өрістетеді.
33
Ойлаудың қисында жүйелерін табу жеткіншектер ойлауынын көрнекі бейнелерден абстракциялауға қарай даму жолына түскендігін көрсетеді. Балалар дамуының өткіншек кезендегі ойлау әрекетіне тән ерекшеліктер ұгым құру, нәрселердің мән белгілерін ойлау әрекеітерінің көмегімен ажырата білу, абстракциялык ойын жетілдіріп, нәрселердің жалпы және манызды тұрақты қасиетгерін танып білу болып табылады.
Сөйтіп біздер бала дамуының бастапқы кезенінде нәселер туралы комплексті ойлау сипатының одан әрі дамуын елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын байқаймыз. Баланың даму кезеңдеріне орай белгілі материалды есте сақтауы және оны комплексті түрде ойланып ұғым құрай білуге әрекеттенуі оның сан алуан психикалық әрекеттерін дамытып отыруға жетелейді. Мысалы, алдында жатқан затты есте сақтап, онын ерекшелікте мен белгілері жайында ойлануы — бұл ойлаудың жүйелі түрі екендігін көрсетеді. Ол бұл затты өзге аспап-құралдар арқылы танып білуге әрекеттенеді. Мұндай тәсілдердің бәрі еспен байланысты ойдың көрнекілік тұрғыдан дамуы. Ойлау әрекетінің бұл екі түрлі тәсілін нәрселердің белгі-қасиеттерін танып білу құрылымдары тұрғысынан түрліше мағынада болады.
Осы жәйттерге орай балалардың ес процесінің дамуы естің өзіндік өзгеруі деп саналмай, оның өзге де процестер; қызметінде қандай роль атқаруымен байланысты түрде іздестірілуге тиіс. Бала дамуының бастапқы кезенінде ес процесі жетекші қызмет атқарып, ойлау әрекетінің дамуына ықпал етеді, және абстракті ойлау әрекетінде ес енді басқаша қызмет атқаратын болады. Осы көрсетілген жәйттер балалар есінің төте жолмен дамуы жайындағы пікірдің шындықпен жанаспайтындығын көрсетеді және ес процесінің даму зандылықтарын түгел қамти алмайды.
Келесі лекциямыз ойлау процесініц даму мәселелер арналады. Мен ес пен ойлаудың арақатынасының өзгеруіне орай және ойлаудың негізгі формаларының жасалу жолдарының түрлері мен ерекшеліктерін сипаттап беруді негізгі міндет деп санаймын.