Оқытуда машықтық әдістер
Оқытуда машықтық әдістер. Жаттығу — ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.
Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркін болып бөлінеді.
Арнайы жаттығулар — бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға өндірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады.
Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады. Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекеті негізінде материалдар жақсы қабылданады.
Ауызша жаттығулар тіл мэдениетін дамытуда жэне логикалық ойлауда, оқушылардың танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде, ауызша санауда, әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндауда, тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар
графикалык жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беруде қатар жүреді.
Лабораториялық — практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық-техникалық білігін дамытуға багытталған. Өндірістік-еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндірісті: ерекшеліктегі жүйеде арнайы дайындалған еңбек іс-әрекеті. Олар жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсілдерін орындау, ал күрделі жаттығуда өндірістік істерін немесе олардың бөліктері (станокты қосу, деталдарды) жасауда қолданылады.
Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.
Лабораториялық әдіс көрнекілік және басқа да машықтық (практикалық) әдіс қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондықтан да жаттығу мен дмонстрацияға қандай талаптар койылса, оған да дәл сондай талаптар қойылады.
Проблемалы лабораториялык (зерттеу) әдіс. Зерттеушілік болжамды іздестіру, оны дәлелдеу жолдарын көрсету, керекті материалдар мен құралдарды оқушылардың өздерінің таңдай білуіне жол көрсетуімен ерекшеленеді. Лабораториялық әдіс күрделі, ол сондай-ақ арнайы,
қымбат құрал-жабдықтарды және мұғалім мен оқушының тыңғылықты дайындығын талап етеді.
Оқу-лабораториялық эксперимент оқу лабораториясында бұрын ғылымда белгілі болған нақты процестер мен шешімдерді мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті арқылы еске түсіруі болып табылады. Осы арқылы алынған білімді есте жақсы бекіту, табиғатта және өндірісте болып жатқан білім-білік дағдылары, осы білім-білік дағдыларына байланысты олардың нәтижесі мен қалыптасуы жүзеге асырылады. Лабораториялық жұмыстың оқыту-дамытушылық тиімділігі — оқушылардың өздерінің шығармашылық күштерін белсенді түрде жұмылдыра көрсетуінен байқалады. Әдістің тәрбиелік маңызы оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін табуында жатыр.
Машықтық әдіс.
Машықтық жұмыстар бес кезеңге бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.
а) мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;
э) көрсету (инструктаж);
б) жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі);
в) жұмысты әркімнің өзі орындауы;
г) бақылау, оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е.Я. Голант) бақыланады.
Машыктық әдіс басқаларға қарағанда оқушыларды тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға бейім сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың-еңбекке деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді.
Өзіндік оқу жұмыстары. Өзіндік оқу жұмысы — бұл оқушының
бүкіл құрылымдық компоненттерінде, яғни мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға дейін өзін-өзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі
бір дәрежедегі дербестік болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға нұсқау:
— оқушының берілген есептің айқындылығы мен маңыздылығын
түсіну арқылы тапсырмаға даган қызығушылығы болуы керек;
— мұғалімнің алдын-ала өзіндік жұмысқа керек материалды дайындап алуы;
— тапсырманың қиындығы, оны бүкіл оқушылардың шешу мүмкіндігіне байланысты болуы;
— жеке топтардың дайындығы мен табыстылығана байланысты дифференциалданған материал берген дұрыс;
— жұмыс тексерілген, қателері түзетілген, нәтижесі бағаланған болуы шарт.
Өзіндік жұмыстың оқыту нәтижесі баланың материалды жинауынан, оның жеке ойлай білу тәжірибесінен, бағалауынан байқалады. Дамытушылық тиімділігі шектен тыс белсенділік пен психикалық күшті қайтаруымен қамтамасыз етіледі. Адамгершілік, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты ізгілік тәрбиесі қалыптасады.
Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар -оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы ситуациялар құратын ойындар. Негізгі мәні — танымдық қызметті стимуляциялау. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталатын болсақ: математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны,
электронды викторина түрінде, тақырыптық жинақтармен ойындар, «Конструктор», «Шеберлер», «Жас маман» т.б.
Кейінгі кезде стимуляцияланатын ойындарға түрлі әдістерді, идеяны күрделендірулер енгізілді. Осындай күрделенген ойындар арқылы оқушылар мәселені жан-жақты талқылауға барынша атсалысады . Бұл ойындар
іскерлік ойындар деп аталып жүр. Мұндай ойындарға рөлдік ойындар жатады. Нарықтық кезеңге байланысты сабақта «Банк», «Парламент», «Пресс-конференция» деп аталатын ойындар белсенді рөл атқаруда. Бұл ойындарды материалдарды бекіту кезінде пайдалануға болады.
Ситуациялық әдіс — нақты жағдайдағы алынған мақсатты шешу жолында белгілі басқа әдістердің ешқайсысы тез және тиімді шешу мүмкіндігін бере алмаган кезде қолданылатын аралас әдістердің жиынтығы. Сондықтан да бұл әдіс шығармашылық, қалыптан тыс деп аталады. Сондай-ақ бұл әдісті барлық педагогтар бірдей мойындай бермейді. Берілген әдісті таңдау және қолдану кезінде басты рөлді ситуация (жағдай) атқарады. Бұл әдіс белгіленген мақсатқа жету үшін жағдайдан тыс шешімдерді қабылдауға, дәстүрден тыс жолдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Педагог бұл шешімдерден туындайтын ойластырылған себеп-салдарды алдын-ала көре білуі қажет. Берілген әдіс педагогтың өзіндік шығармасы, шығармашылық қолтаңбасы, педагогикалық үрдіске сүйенген өзіндік көзқарасы мен түсінігі болып табылады.
Инсценизация әдісін түрлі формада, мысалы, алдынала дайындалған диалог, нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрініс формасына пайдалануға болады.
Генерациялау әдісінде («идея әдісі») ми қызметі арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңіл аударып, өздерінің идеяларын айтып, оның шешілу жолын қарастырады. Мұны америкалық психолог А.Осборн ұсынған Бұл әдісте (мозговая атака) 5-6 адамнан құрылған топ әрекет жасайды. Бұл топтағылар емін-еркін, ештеңеден, ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын, сын және өзара сынды қабылдай білетін, ең бір күтпеген ойдың өзі бақылауға алынатын, топтық эксперт жүргізетін адамдар болуы керек. Әрбір қатысушының өзіне тән көшбасшылық, жаңашылдық, кертартпалық, суретшілдік сияқты айқын, анықтағыш міндеті болады. Бұл әдіс тек қана идеяны бірлесіп талқылау мәдениетіне үйретпейді, ол сондай-ақ адамның шығармашылық потенциалын ашуға жәрдемін тигізіп, ойлау үлгісі мен стереотипін жеңуге үйретеді.
Топтық генерация идеясы әдісінің қолданылуына 1950 жылдардың соңы мен 1960 ж. басында америкалық психолог У.Гордонның талқылауымен ұсынылған қатысушының ауыспалы (метафоралы) сезімді-бейнелі ойлауына тұтастай бағытталған ұжымдық-шығармашылық іс-әрекет пен оқу зерттеушілік әдісі синектика негіз болды. Синектика жұмысын ұйымдастыруға келесі кезеңдер кіреді: 1) Мәселенің алғашқы қойылымы.
2) Мәелеге анализ жасау және қажетті хабарларды хабарлау. 3) Мәселені шешу мүмкіндігін түсіндіру. 4) Әрбір оқушының өз түсінігінде мәселені қалыптастыру. 5) Қалыптасқан мәселелердің ішіндегі біреуін бірлесе отырып талдау. 6) Бейнелі ұқсастықтың қозғалысы — синектика үшін шешуші кезең. 7) «Қиыстыру» мәселеге талап қоюда белгілі топтың дайын шешімі. Бірлескен жұмыс кезіндегі эксперттің рөлін мұғалім не дайындалған оқушы орындайды және олардан психо-педагогтік қайтарым талап етіледі.
Дискуссиялық оқыту. Бұл әдіс батыс еддерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.
Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің
пікірін бекітіп, көз қарасын дэлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы- бақылау.
Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмұнда және формаларды дайындығынан бұрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмұнды дайындықты қажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.
Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама- қайшылықты және шашыраңқы. Сондықтан алдымен оппоненттерді сендіру керек. Мұғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етеді.
Дискуссия тек қана гуманитарлық пәндерді тарихты, қоғамтануды
этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқа да пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мазмұнын толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуына бағыт береді.
Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағынада жоғары мектептерде пайдаланып келеді. Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.