Несие ақшалар

Несие ақшалар. Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.

Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтының орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және «төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады».
Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) телеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі карыз міндеттемесі.
Вексель айналымдың қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-кол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандыктан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өтуі арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады.
Сатып алушы-кәсіпорын, тауарды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.
Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін, оның қойған қолы түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (вексельдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (қосымша бетте) «аваль ретінде саналсын» деген жазу болады.
Сонымен, вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналысында бірнеше түлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі.
Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:
• векселдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана қамтиды;
• вексельдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу
бойынша сальдо қолма-қол ақшамен төленеді;
• борыштық міндеттеме ретіндегі вексельдер тек төлем қабілеті бар субъектілер арасында ғана шектеулі айналыс сферасына ие болады;
— вексельдер айналымы олардың белгіленген
мерзімі арқылы шектеулі болады.
Қолма-қол ақшаларда мұндай шектеулер жоқ.
Дамыған елдерде вексель айналысы кеңірек дамыған. Ресейде революцияға дейін және революциядан кейін, яғни 1930 жылға дейін вексель пайдаланылып келген болатын, сөйтіп 1930-1932 жж. несиелік реформалау нәтижесінде коммерциялық несиелеу тоқтатылды, сонымен бірге вексель де жоғалды.
1.01.1991 ж. бастап КСРО-ның кәсіпорындар туралы Заңға сәйкес 27-бапта, кәсіпорындарға вексельді пайдалану арқылы несиелеуге рұқсат берілді. Бірақ инфляция жағдайында тауарларды қарызға, вексельді кепілге алып беру барысы енгізілмеді.
Қазақстанда несиелік вексель республика ішіндегі шаруа-шылықаралық есепке алу нәтижесінде пайда болды, яғни қалыптасқан несиелік қалдық есебінен кәсіпорындарға салык, жалақы, мерзімді және төлеу мерзімі өтіп кеткең банктік қарыздар бойынша есептеуге рұқсат берілді, ал қалған сома жеке шотта сақталады. Осы сомаға қағазсыз вексель рәсімделді.
Үкіметтің 3 ай мерзімге арнап шығарған қазыналық векселі. Ол номинал бағасы бойынша банкке сатылып, уақыты жеткенде номиналдық құны бойынша қайта сатып алынады.
Бірақ не несиелік, не қазыналық вексель несиелік ақшаларға жатпайды.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғ. соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алды. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат берді. Бұл «банктік хат» банкнота (банкирге арналған нота) деп атады және ол пайдалануға өте ыңғайлы болып келді. Ол алтынмен папа-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жаткан металға айырбасталды.
Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жакты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын коры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялары тәртібінде жүзеге асады. Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкноталардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырылады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана заңды төлем құралы болып табылады.
1993 ж. біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша — банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті ақшалар айналысы чекпен байланысты.
Чек — бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу жэне аудару туралы банкке берген жазбаша бұйырығы.
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу бодып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.
Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотга сақтайды, сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру арқьшы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне үсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу
шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекте көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек — несие ақша ретінде қолданады.
Батыс елдерінде кәсіпорындар арасында ғана емес, жеке тұлғалар арасында да чекпен есеп айырысу кеңінен дамыған. Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 ж. тоқтатылды. Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы; коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және т.б.
Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.
Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т.б.
Қолма-қол қағаз ақшалар орнына несие карточкаларын және электронды ақшаларды қолдану — бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.
Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің алғашқы қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі ТұранӘлемБанк) өзінің «Виза» несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қоса ТұранБанк қызметкерлерінің несие карточкалары бар.
Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі ролі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйенің жұмысының тиімділігін арттырып, содай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.
Несиелік карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналамының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл «ақшасыз шаруашылықты» жүргізудің мүмкіндігін
білдірмейді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *