Ақшаның сандық теориясы
Ақшаның сандық теориясы. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен реттеледі.
Айналысқа қажетті ақша саны — айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-тендікті белгіледі:
РҮ =ТV + DV1
мұндағы: Р — бағаның жалпы деңгейі;
Ү — өндіріс көлемі;
Т — ақша белгілерінің саны;
D — депозиттер
V және V-ақшаның және депозиттің айналыс
жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңіл бөлді.
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерінің (мысалы, Милтон Фридмэн) монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі қазіргі кездегі монетаризм ақша массасы мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтілген өзгерістерді анықтау үшін қажетті мерзімдер арасында пайда болуы мүмкін үзілістерді ескере отырып, ақша массасын бірқалыпты және ұдайы реттеудің өсу қарқынының «алтын» ережесін ұсына бастады.
42 Ақша, несие, банктер
70-жылдардың басында көптеген елдерде жарияланған инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монетаризмнің жаңа ағынына әкелді және бұл өте қатаң ақша саясатының негізіне енді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны токтатуға әсерін тигізді, бірақ бұл процесс жұмыссыздыктың қарқынды өсуімен қатар жүргізілді.
Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті акшаның жалпы көлемін қысқартады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу аркылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп; несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді: неғүрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн; айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың колындағы түрақты ақша резервін қалыптастырады.
Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды; мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының әлсіз дамуы және т.б.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы акша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымнын ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай қаражаттардың иесі -банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.
Ақша айналысының екі облысының бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керісініше болуы акша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.
Теориямен катар бұл мәселенің тәжірибелік те манызы бар. Оны дұрыс шешу акша айналысының екі облысы үшін
қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін анықтайды.
Ақша массасының құрамы сол елдің несие-ақша жүйесімен анықталады.
М, ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалға, Ұлыбритания — тек олар бойынша пайызбен есептелемейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ-та сондай-ақ М,-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда — 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.
М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге Мг-мен қоса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; ¥лыбританияда -чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.
М3 агрегаты және М2-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда — жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда — мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.
Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі элементті қосып отырады.
Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:
Мо — айналыстағы қолма-қол ақшалар;
М, өзіне — М0-ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы каражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша занды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккредитивтік шоттардағы .қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;
М2 — өзіне М,-ді қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды;
М3 — М2-ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу.
Ақша агрегаттарының кұрылымы ақша нарығы құралдарының дамуымен өзгереді.
Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:
— Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;
— Орталық банктен коммерциялық банктердің несие
алуы жолымен;
— Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік
бюджет тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;
• Орталық банктің бағалы металдарды, шетел
валюталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды
сатып алу жолымен;
— коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру
негізінде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар
беру жолымен (депозиттер негізінде несиелік
ақшаларды шығару);
Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.
Осыдан ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша-несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіштерді ескереді:
— нақты бейнелеудегі ЖҮӨ-нің болжанатын өсімі;
— жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының
есептелетін (жылдық ЖҮӨ номиналдық шамасының
орташа жылдық ақша массасына қатынасы, біздің жағдайымызда Д2-
ге) жылдамдығы;
• жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұксат етілген деңгейі;
Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.
Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мүндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердін жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.
Сондықтан да барлық ақшалардың (ақша массасы) айналыс жылдамдығы мен төлемдердің өту жылдамдығын шатастыруға болмайды. Соңғысының өте жоғары болатыны сөзсіз.