Экзогендік геологиялық әрекеттердің техногендік өзгерістері
Экзогендік геологиялық әрекеттердің техногендік өзгерістері. Техногендік әрекеттер үгілу процесіне тікелей де, жанамалап та өзіндік әсерін тигізеді.
Мұндай әрекеттер үгілу процесін дамытуда, бір жардайда белсенді агенттің ролін атқарса, екінші бір жағдайда табиғи агенттерге (температуралық және ылғалдық мөлшеріне, ауаның және судың құрамына, организмдерге) және геологиялық ортаға (геологиялық және гидрогеологиялық жағдайға, бедерге және т. б.) қосымша әсер етеді.
Адамдардың техногендік әрекеттерінің тікелей әсері нәтижесінде антропогендік үгілу қыртысы түзіледі. Әр түрлі жолдармен кен өндіру барысында (ашық әдіс және жабық әдістерді пайдаланып) тау жыныстары жан-жақты өзгере бастайды (босаңсу, дезинтеграция және-құрамы жағынан). Әсіресе олар карьерлердің штольнялар мен тоннельдердіқ бойында және т. б. жер астында кен өндіру мақсатында жоспарланған жұмыстарды атқару барысында үгіліске ұшырайды.
Сол секілді, ауыл шаруашылық жұмыстарын атқару барысында да үгілу әрекеттері байқалады. Өйткені, жыртылран жер температура-лық өзгерістерге бейім болып, оттегініқ, атмосфералық ылғалдың, және микроорганизмдердін, бұзушылық әрекеттеріне тікелей ұшырайды. Ал судың, көмірқышқылының және температуралық қосымша әсері техногендік әрекеттерге байланысты бір жағдайда күшейіп жатса, екінші бір жағдайда оттегінің және күн радиациясы-ның әсері әлсірей бастайды. Қазіргі кезде, бүкіл құрлықтың жартысынан көбі дерлік техногендік үгілу әрекеттеріне ұшырайды. Бұл әрекеттердің даму қарқыны тау-кен жұмыстарының терендігі-мен анықталады.
Су эрозиясы соңғы кездері ең көп таралрай геологиялық процесс больш есептеледі. Адамдардьвд геологиялық әрекеті — бедер өзгерістері, өсімдіктер, су режимі, микроклимат және т. б. жағдайлар эрозиялық әрекеттерді күшейтіп, сонымен қатар мұндай әрекеттердің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Жазықтық эрозияның дамуы егін шаруашылығымен тығыз байланысты, ал сызықтық эрозия (жыралар түзілу, ирригациялық және өзендік эрозия, жол эрозиясы) ауылшаруашылық жұмыстарымен қатар, қалалардың. дамуы, тау-кен өнеркәсібі және т. б. өндіріс орындарының жұмыстарымен байланысты.
Жыралар жылына бірнеше метрге дейін өсіп отырады ал кейбір жағдайда жылына 100 м-ге дейін жетеді. Соңғы кездері сулан-дырылған жерлердін, аумағы дүние-жүзі бойынша барлык, елдерде жылдан-жылға өсіп келеді. Суды дұрыс пайдаланбау, орынсыз көп жұмсау және т. б. кемшіліктерге байланысты топырақ қабаты көп шайылып ирригациялық эрозияға ұшырайды. Оның мөлшері жыл сайын әрбір гектардан 100 т-ға дейін жетеді. Сонымен қатар техногендік әрекеттер жел эрозиясының дамуына да әкеліп соғады. Соның нәтижесінде дефляциялық өзгерістер байқалады.
Теңіздік абразия табиғи жардайда (адамдардың қатысуымен) кедінен таралған. Мұндай әрекеттердің нәтижесінде теңіз жағалаулары бұзылысқа ұшырап, жылына 4—6 м жылдамдықпен опырылып кұлап жатады. Оның масштабы теңіз жағалауының 40—60%-ін қамтиды Әсіресе, мұндай жағдай курортты жерлерде жиі кездеседі.
Пайдалы қазындыларды жер астында өндіру (сілтілендіру ар-қылы) жер астында салынған құрылыс, жер асты суларын орынсыз көп пайдалану, жер бетіндегі өсімдік жамылғысын жойып жіберу және т. б. әрекеттер карстты үңгірлердің түзілуіне әкеліп соғады. Техногендік әрекеттер нәтижесінде құралған карсттық үңгірлер карбонатты, гипс-ангидриттік жыныстардың, әсіресе тұздардың арасында жиі кездеседі.
Техногендік әрекеттермен байланысты опырылып құлау немесе сусып жылжу, орын ауыстыру тәрізді геоди-намикалық процестер жиі кездеседі. Олар кен өндіру ісі мен құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізбеуге байланысты,