Лизингтік операциялар

Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.
Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы — мүлік иесі (лизинг беруші), екінші — мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші — мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің барлық приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне кайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.
Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жөғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.
2. Қаржылық лизинг аңағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялык тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, кушін тоқтата алмайды. Онда мүліқті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіңдігі көрсетілген.
3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы — лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Даур:

    как скачать?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *