Жалпақтал кәсіптік мектебі

Жалпақтал кәсіптік мектебі (№ 17) — Казталов ауданындағы бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орны. Жұлдыз аулында бұрынғы МТС орнында ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі ретінде ашылған (алғашқы директоры — С. Сәлімгереев). 1965 ж. 126-Жұлдыз орта кәсіптік-техникалық училище, 1974 ж. 17-Фурманов (кейін Жалпақтал) орта кәсіптік-техникалық училище болды. Бастапқы кезде училищеде тракторшылар, шопан-механизаторлар мен кең профилді тракторшы-машинист даярланды. Қазір мұнда оқушылар құрылысшы, ауыл шаруашылығының мастері, тракторшы, арендатор фермер, кіші малдәрігер мамандықтарын меңгеріп шығады. Сондай-ақ соңғы жылдары аспазшы, газбен дәнекерлеуші, «В», «С» және «Д» категориялы жүргізуші мамандықтарын оқыта бастады. Материалдық-оқыту базасы жақсы жабдықталған: 8 оқу кабинеті, 3 лабораториясы, спорт залы, информатика кластары, сонымен қатар 5000 га шабындық-жайылымдық жері, қосалқы ш. бар. Оқушыларға жоғарғы білімді, өндірістік тәжірибесі мол инженер-педагогтар сабақ береді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *