Меруертті Үңгір
Меруертті Үңгір — Қазығұрт ауданындағы үңгір. Өгем жотасының солт.-батыс етегінде. Карсты (оқпа) қабатта пайда болған. Құрылысы күрделі, шахта тәрізді. Тас көмір (карбон) кезеңінің әктасты жыныстарынан түзілген. Үңгірдің ұзындығы 32 м, ені 3 м, биіктігі 2–6 м-ге жетеді. Қабырғалары сазды, үнемі дымқылданып тұрады. Үңгір ішіндегі темп-ра 9 – 11С. Бүйірлік камералар мен шытырмандар көп. Туристік маңызы бар