Денсаулыққа зиян келтіретін ішкі және сыртқы факторлар

Денсаулыққа зиян келтіретін ішкі және сыртқы факторлар
Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:
1) Мәдениеттің төмендігі
2) Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі.
3) адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың) өріс алуы.

4) Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру).
5) Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.
6) айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы.
7) Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы.
8) Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.
9. ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.
10. қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі. Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге шприці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Сондықтан да ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады. Инсулин таусылып қалды, енді қайтеміз деген қобалжулар медиктер арасынан көп кездеседі. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады.
Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.
Валеология ғылымының әдістері. Осы уақытка дейін толық іске аспай келеді. Валеологиялық әдістер адамның денсаулығына және жеке бастың өзіндік ерекшелігіне қарай жүргізілуі оңай шаруа еместігі айқындалады.
Қазақстан Республикасы тұрғындарының кейінгі кезде денсаулықтарының күрт төмендеп кетуі, валеология ғылымының пән ретінде барлық оқу орындарында бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарында жүргізіле басталуына себепші болды.
Валеология көптеген медициналық, биологиялық, фармаколо-гиялық, псдагогикалық, психологиялық ғылымдарға негізделген (интегративті ғылым) оны медицина ғылымының бір тарауы деп айту дұрыс емес.
Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева, З.С.Әбішева және тағы басқа авторлар «валеология» оқу-әдістемслік құралында былай деп жазады: «Валеология Медицина ғылымының маңызды тармағы, соңғы он жыл шамасында дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сонымен бірге ТМД республикаларындағы халық денсаулығының едәуір нашарлауына және ғұмыр ұзақтығының қысқаруына байланысты — адам денсаулығы туралы болып қалыптасты (Валеология, 5 бет, Алматы, 1999).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *